Жалғаулық Шылаулар

Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады.

Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады.

Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.

2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.

Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жалғаулық шылаулар мен септеуліктерді салыстыра қарасақ, мынадай ерекшеліктер байқалады:

1. Екеуі де сөз бен сөзді, сейлем мен сөйлемді байланыстырады. Бірақ септеуліктер бір сөзді екінші сөзге бағындыра байланыстырып, сөз тіркесін кұрауға немесе бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемді байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрауға негіз болса, жалғаулықтар екі сөзді тең дәрежеде байланыстырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрауға немесе жай сөйлемдерді салаластыра байланыстырып, салалас кұрмалас құрауға негіз болады. Тек шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар ғана (егер, егер де) бағыныңқы сөйлем мен басыныңқы сөйлемді байланыстырады.

2. Септеуліктер де, жалғаулықтар да өздері байланыстыратын сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы мағыналық қатынасты білдіреді. Бірақ септеуліктер өзі шылауындағы сөзге не сөйлемге белгілі бір қосымша мән үстеп, екінші басыңқы сөзге, я сөйлемге сабақтаса байланыстырса, жалғаулықтар тең, дәрежелі (бірыңғай) сөздер мен сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынастарды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйіне қарай бет алды (Б. М.) Алтынсары қадалған сайын, оның кескіні кұбыла бастады. (С. М.). Жомарт пен Жанат Буданкекті жеңіл арбаға жегіп, жолмен келеді (Ғ. Мұст). Абай көше ортасында ақырын тосып қалып еді, бірақ топ ішінен мұны байқап елеген бір адам да жоқ. (М. Ә.). Бірінші сөйлемдегі "қарай" септеулігі "үйіне" деген сөзге бағыттық-мекендік мән үстеп, оны "бет алды" деген баяндауышқа меңгерте байланыстырып тұрса, екінші сөйлемдегі "сайын" септеулігі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының құрамында келіп, оны басыңқы сөйлемге бағындырып, мезгілдік дүркінділік қатынасты білдіріп тұр. Ал үшінші сөйлемдегі "пен" жалғаулығы "Жомарт, Жанат" деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластық қатынаста, төртінші сөйлемдегі "бірақ" жалғаулығы екі жай сөйлемді қарсылықты мәнді қатынаста салаластыра байланыстырып тұр.

Дереккөздер



Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тұрар РысқұловИталия1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚазақстандағы су тасқыны (2024)Жай механизмМағжан Бекенұлы ЖұмабаевІлияс ЕсенберлинҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевКонсументтерАқ Орда (мемлекет)СуАрал теңізіЖамбыл ЖабайұлыТарих философиясыАйша бибі кесенесіЖасанды интеллектМонархияҚырғи қабақ соғысыҒұндар мемлекетіАйдын Ақанұлы АйымбетовӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыҚазақстан Республикасының КонституциясыМодернизмЖүрекҒаламдық мәселелерКөкжөтелТанымал қазақтардың тізіміЭлектрокардиографияПублицистикалық стильҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевШолпан (ғаламшар)Африка мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміФранция Ұлттық кітапханасыҚазақстанның экономикалық аудандары38-атқыштар дивизиясыМемлекеттік басқару формасыМысЛейкоциттерЖарықТұқым қуалайтын өзгергіштікБатыс Қазақстан облысыАрқарЫбырай АлтынсаринЖырауОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміКүкіртСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Қазақстан темір жолыҚыстырма сөзАлғашқы көмекБұрыш (геометрия)Қой шаруашылығыОғыз мемлекетіЖарықтың шағылуыКөне түркі жазбаларыҚазақ хандарыЖелтоқсан көтерілісіҒылымМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚазақстанның Қызыл кітабыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлаш партиясының бағдарламасыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміОсип Андреевич ИгельстромОтырарМұражайАустралияЭпитетҚуыршақ театрыЛаңкестік әрекетҚазақстанМеталдарАзамат соғысыЖеңіс күніҚазыбек биСөйлемҚорықтарКөнерген сөздер🡆 More