Құрмалас Сөйлем

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

  1. кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
  2. жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
  3. негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.
  4. Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.
Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары

екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады

Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады
Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып саналады
Байланысу тәсілдері Мысалы
Интонация арқылы іргелесе байланысады. Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.
Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей - ақ қойды.
Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.

Дереккөздер

Tags:

Жай сөйлем

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріШвейцарияТемірЖақты сөйлемКүй аңызы (әңгіме)ЕсімшеАлғашқы көмекҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеАнтропогендік факторАқ Орда (мемлекет)Тұқым қуалайтын ауруларТерроризмӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаСалқам Жәңгір ханҚазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымыҚаныш Имантайұлы СәтбаевСаңырауқұлақтарМіржақып ДулатұлыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖүрекМутацияҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Тоқырау жылдарындағы ҚазақстанСәбит Мұқанұлы МұқановДулатАлланың есімдеріОрфографияЛалагүлҚазақстан Республикасының КонституциясыШәкәрім ҚұдайбердіұлыНарықтық экономикаӘлем елдерінің тізіміЖайықАлмаТеңеуАй (серік)Қазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміДауысты дыбыстарҚыз ұзату салттарыАИВ/ЖИТСҚатағанСөйлемТыныс белгілеріХолециститҰшақБаланы қырқынан шығаруҚиялҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЕсім ханЕңлік-КебекБұлттарБауыржан МомышұлыҚарағанды облысыАлгоритмДыбысТезисИван Васильевич ПанфиловЖапонияАхмет БайтұрсынұлыМұхтар Омарханұлы Әуезов1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісТұқым қуалаушылықСұлтанмахмұт ТорайғыровКітапШолпан (ғаламшар)Ғұндар мемлекетіТалас шайқасыҚазақстандағы ұжымдастыруХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміЖануарларОдағайҰлпан (роман)АлкендерӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚазақстанның жер бедеріОрталық АзияСұлтанбек Қожанұлы ҚожановОңтүстік АмерикаНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев🡆 More