Қазақстанның Қызыл Кітабы

Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.

Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.

Адамның қырып-жою әрекетінің әсері

Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар:

  • ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;
  • қаскерлік;
  • жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);
  • Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);
  • электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);
  • тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);
  • тіршілік орындарының бүлінуі;
  • тың даланы жырту;
  • ірі қараны қайталап жаю.

Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті. Ұлттық костюмдер мен бойтұмарларды әшекейлеуге үкінің қауырсындары пайдаланылады. Аталған түрлер жойылу қаупінде болып шыққандықтан, Қызыл кітапқа тіркелді.

Алғашқы қадамдар

Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым - зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.

Басылымдары

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

Екінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

  • балықтардың 16,
  • қосмекенділердің 3,
  • бауырымен жорғалаушылардың 10,
  • құстардың 58,
  • сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда
  • жәндіктердің 96,
  • шаянтәрізділердің 1,
  • ұлулардың 6,
  • құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

  • 1-категория – жойылып бара жатқан;
  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
  • 3-категория – сирек кездесетін;
  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда
  • жабықтұқымдылардың 288,
  • ашықтұқымдылардың 2,
  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,
  • мүктердің 3,
  • саңырауқұлақтардың 10,
  • қыналардың – 1 түрі берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

Пайдаланылған cілтемелер

Tags:

Қазақстанның Қызыл Кітабы Адамның қырып-жою әрекетінің әсеріҚазақстанның Қызыл Кітабы Алғашқы қадамдарҚазақстанның Қызыл Кітабы БасылымдарыҚазақстанның Қызыл Кітабы Пайдаланылған cілтемелерҚазақстанның Қызыл КітабыАң шаруашылығыБөкендерҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1921-1922 жылдардағы ашаршылықСілтілік металдарФотоэлектрлік құбылыстарҚазақстан азамат соғысы жылдарындаӘлемдегі ең танымал кітапханаларҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіВладимир Ильич ЛенинВегетативтік көбеюЖыныс гормондарыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіКүкіртТұқым қуалайтын өзгергіштікХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміӨсімдіктерСу көлігіҚазақтың атақты әнші-күйшілеріЖануарларЖоңғар шапқыншылығыАлаш қозғалысыҚұлпынайНаурыз мейрамыЭкономикалық интеграцияКөшбасшылық1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАсанәлі Әшімұлы ӘшімовАрқарҚазақстандағы көмір кеніМемлекетАуыл шаруашылығыБұрындық ханАзаматтық қоғамФранцияКаспий экологиясыPythonХан ШатырҚазақстан халқыҚиялСолтүстік ҚазақстанҚарақұмықШылауӨзбекстанМал шаруашылығыСталинград шайқасыЖүйке жасушаларыКөнерген сөздерЖамбыл ЖабайұлыҚазақстандағы транспортБалқашСпартак көтерілісіЖер сілкінуАминқышқылдарТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЖердің айналуыҚуыршақ театры1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыЖапонияСинонимҚазақ батырлар тізіміЕсім ханШыңғыс ханДауыссыз дыбыстарҚазақ билеріАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыЫңғайлас салалас сөйлемҚарахан кесенесіӨнеркәсіпМорфология (лингвистика)ЖарықІлияс ЕсенберлинҚызылша (медицина)ӨзбектерМенің атым Қожа (повесть)Үйсін мемлекетіСаяси режимЕкінші Мемлекеттік ДумаТөлеген ТоқтаровЗигота🡆 More