Мемлекеттік Басқару Формасы

Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементтерінің бірі.

  • Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.
  • Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.

Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.

Мемлекеттік Басқару Формасы
Басқару формасы бойынша әлем елдері:
     Президенттік республикалар
     Аралас республикалар
     Атқарушы биліктің қызметін парламент сайлаған президент атқаратын Парламенттік республикалар
     Атқарушы билік премьер-министрдің қолында болатын Парламенттік республикалар
     Парламенттік монархиялар
     Дуалисттік монархиялар
     Абсолюттік монархиялар
     Бірпартиялық жүйелі мемлекеттер
     Әскери диктатура
Басқару формалары, Саяси режимдер және жүйелер
Портал:Саясат · өңдеу

Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:

  • мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын,
  • құрылымын,
  • мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін,
  • жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын,

Негізгі басқару формалары

Монархия

Толық мақаласы: Монархия

Монархия — жоғарғы мемлекеттік билік өмір бойы бір ғана басшының, яғни, монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару формасы.

Монархияның өзгешелігі

  1. Бір ғана адам мемлекет басшысы, ол — монарх;
  2. Билік мұрагерлік бойынша беріледі;
  3. Монарх заңға бағынбайды (монархты биліктен аластатуға болмайды).

Монархиялардың түрлері

  • Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Тағы бір ерекше бір түрі теократиялық монархия (Ватикан) болып табылады.
  • Шектеулі монархия — монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген. Өз кезегінде шектеулі монархия келесідей бөлінеді:
    • Сословиелік-өкілдік монархия — монархтың билігі белгілі бір сославиенің дәстүрлерінің негізінде шектелетін монархия түрі (Ресейдің Земский соборы, Испаниядағы Кортестер) и играющих роль, как правило, совещательного органа. В настоящее время подобных монархий в мире нет.
    • Конституцилық монархия — монархтың билігі белгілі бір арнайы Конституция актісінің негізінде шектелген монархия. Өз кезегінде конституциялық монархия екіге бөлінеді:
      • Дуалисттік монархия — монархтың қолында барлық атқарушы биліктің құзыреті болатын, сондай-ақ заң шығару және сот істеріне өкілеттілігі бар монархия түрі. Бұл мемлекеттерде монархтың қолында өкілдік органдары тарату, қабылдағалы жатқан актілерін бұзу сияқты абсолютті вето құқыққа құқылы (Иордания, Марокко).
      • Парламенттік монархия — монарх тек дәстүрдің құрметі ретінде және белгілі өкілеттілігі жоқ монархы бар мемлекеттер (Ұлыбритания, Жапония, Дания).
Абсолюттік монархия Конституциялық монархия
Дуалисттік монархия Парламенттік монархия
1. Заң шығару құқығы
монарх
монарх пен парламент
парламент
2. Атқарушы билікті атқару
монарх
ресми - монарх, іс жүзінде - үкімет
3. Үкімет басшысын тағайындау
монарх
ресми - монарх, алайда парламенттік сайлаудың негізінде
4. Үкмет жауаапкершілігі
монарх алдында
парламент алдында
5. Парламентті тарату құқығы
парламент жоқ
монарх қолында (шектеусіз)
монарх қолында(үкіметтің ұсынысы бойынша)
6. Монархтың парламент шешіміне вето құқығы
парламент жоқ
абсолютті вето
қарастырылған, алайда қолданылмайды
7. Төтенше-жарықтық заң шығару құқығы
монарх жарлығы заң күшімен теңестіріледі
парламент сессияларының аралығында ғана
қарастырылған, алайда қолданылмайды
8. Елдер
Сауд Арабиясы, Оман
Иордания, Кувейт, Марокко
Ұлыбритания, Испания, Нидерланд

Республика

Толық мақаласы: Республика

Республика — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы. Бұл басқару формасында жоғарғы органдар сайлаушылардың алдында барлық жауапкершлікті алады.

Республиканың өзгешелігі

  1. Әрдайым бірнеше билік органдары болады, сондай-ақ органдардың арасындағы өкілеттілік жеке-жеке бөлінеді, яғни белгілі орган басқа бір органнан тәуелсіз;
  2. Мемлекет басшысы — Президент;
  3. Биліктің жоғарғы органдары және лауазым иелері халық алдында жауапкершілік көтереді.

Республика түрлері

  • Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).
  • Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).
  • Аралас республика — бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет (Ресей, Украина, Португалия, Франция).
Парламенттік республика Президенттік республика Аралас республика
1. Президент статусы
Президент лауазымы шартты, өкілдік қызмет атқарады, бүкіл іс-әрекеті парламентің қатысуымен атқарылады
бір уақытта мемлекет басшысы және атқарушы биліктің басшысы
мемлекет басшысы, алайда билік бөлінісінен шығарылып тасталынған, Конституция арбитрі және гаранты болып саналады
2. Президентті сайлау
парламенттен мандат қабылдайды
мандатты жалпыға бірдей сайлау барысында халықтан мандат қабылдайды
3. Үкіметтің құрылу тәртібі
парламент тарапынан
президент тарапынан
парламент пен прездиент бірлесе отырып (президент премьер-министр кандидатурасын ұсынады, ал парламент оны бекітеді)
4. Үкімет жауапкершілігі
парламент алдында
президент алдында
президент пен парламент алдында
5. Президенттің заң шығару құқығына
ие емес
ие
шарт бойынша ие емес, алайда кей елдерде құқыққа ие
6. Президенттің парламент шешіміне вето құқыққа ие болуы
ие емес
ие
әлсіз вето құқық
7. Президенттің парламентті таратуға құқығы
басқа амал жоқ кезде ғана
ие емес
ие
8. Премьер-министр
бар
жоқ
бар
9. Елдер
ГФР, Италия, Австрия
Қазақстан, АҚШ, Аргентина
Франция, Румыния, Ресей


Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Мемлекеттік Басқару Формасы Негізгі басқару формаларыМемлекеттік Басқару Формасы Тағы қараңызМемлекеттік Басқару Формасы ДереккөздерМемлекеттік Басқару Формасы Сыртқы сілтемелерМемлекеттік Басқару ФормасыМемлекет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Нуклеин қышқылдарыГлюкозаІлияс ЖансүгіровЕгемендікАғаш түрлеріСан есімБіріккен Ұлттар ҰйымыСегізаяқ (өлең)Теңіз жануарларыСәулетКүйХимиялық элементтердің периодтық жүйесіЖыныстық жасушаларЭрмитажДәрілік өсімдіктерХимиялық элементтер тізіміҚыпшақ хандығы1921-1922 жылдардағы ашаршылықАксонТемірМәлік ҒабдуллинҚазақстан Республикасының КонституциясыҒаламдық мәселелерҚарағайҚазақстан 2030ШиеКөп жасушалы ағзаларАвангардизмҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыСу көлігіҚадыр Мырза ӘліҮндістанЮрий Алексеевич ГагаринҚасым ханКомпьютерЕуропаБразилияАнтропогендік факторҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТүймедағыАсқорыту мүшелеріСудың ластануыЖалаң сөйлемАмерика Құрама ШтаттарыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерҚажымұқан МұңайтпасұлыТолеранттықТұқым қуалайтын ауруларБарбаросса жоспарыОдағайБұлшық етҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыОксидтерБатыс Қазақстан облысыЖүктілікӘуе көлігіЕсім ханҚытайКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатДәруменҚазақстан қалаларыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновЖеті қазына316-атқыштар дивизиясыҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАлаш ОрдаҚызмет көрсетуҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіАлпамыс батырЖіктік жалғауЖыныссыз көбеюЖұлдызАрқарМысық🡆 More