Ат бұршақ , жембұршақ, атбас бұршақ (Vіcіa faba) — бұршақтар тұқымдасына жататын, сиыржоңышқа туысының бір түрі; қолдан өсірілетін бір жылдық өсімдік.
Қазақстанның оңт. және солт. облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында Ат бұршақтың тез пісетін сорттары өсіріледі. Биіктігі 15 – 20 см, бұтағы селдір, сабағы жуан, төрт қырлы, тік өседі. Жапырағы күрделі, қалың, 1 – 3-тен қосақталған, сопақша, ұшы үшкір келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті. Жемісі – бұршақ. Бұршағы ірі, түсі сары не қоңыр болып келеді. Ат бұршақтың дәнін, сабағын және жапырағын малдың қай түлігі болса да сүйсіне жейді. Ат бұршақтың құрамында белок көп. Гүлдеген кезде ат бұршақты өсімдік бітесі қатты зақымдайды, сондықтан сақтық шарасы ретінде өсімдік ұшын қырқады немесе сабын эмульсиясына темекі қосып қайнатып, осы ерітіндіні өсімдікке бүркеді.
Ат бұршақ | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Vicia faba plants in flower | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Vicia faba L. | ||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||
Faba sativa Moench. |
Дәндерінің құрамында 35% ақуыз, 55% көмірсулар, 0,8—1,5% майлар. Ат бұршақ минералды тұздарға, дәрумендерге және ферменттерге бай.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ат бұршақ, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.