Баланы Қырқынан Шығару

Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі.

Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салынған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.

Қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Кейбір өңірлерде оның бірнешеуін бесікке тізеді, оны қасқой кемпір шымшысын деп ырымдайтын болғандықтан, шымшыма нан деп атайды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, сөлкебайларды бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», - деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды.

Осы күні баланың ит көйлегі шешіледі. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Баланың ит жейдесін киелі санап, ақсақалдар алыс жолға шыққанда, дауға барғанда қойындарына тығып алып жүрген. Бала таппаған, үнемі түсік тастаған әйелдер оны басына жастап жатады екен.

Байырғы орта түсінігінде берілетін әшекейлер баланың денсаулығы мен өмірінің ақысы болып саналатындықтан, баланың анасы немесе әжесі «қырқынан шығару» мерекесіне келген әйелдерді, кіндік шешені ренжітпей, риза қылып, қалауын беріп аттандырған.

Баланың қырқынан шығаруда орындалатын салт-дәстүрлер

Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі

Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі. Ұлбаланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған.

Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі

Қыз баланы қырық күннен асырып 42-44 күнде қырқынан шығарады. Қыз бала, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, ибалы да инабатты, орнықты болсын деп анық қырық күн (жұп санда 40, 42, 44) толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған.

Баланы шомылдыру

Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып теңгелер салған суға баланы шомылдырады.

Сүт тырнағын алу

Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп тастайды.

Қарын шашын алу

Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық-шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. "Қарын шаштың қарғысы қатты болады" деген мақал да осы салтқа байланысты.

Ит көйлегін ауыстыру

Баланың қырқынан шыққанша киетін "ит көйлегіне" сәбиді қырқынан шығару үстінде түлі тәттілерді түйіп бір иттің мойнына Байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп тәттілерді өзара бөлісіп алады. Бойына бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді.

Дереккөздер

Tags:

Баланы Қырқынан Шығару Баланың қырқынан шығаруда орындалатын салт-дәстүрлерБаланы Қырқынан Шығару ДереккөздерБаланы Қырқынан ШығаруЖынКүмісШайтан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ШымкентТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровАстрономияЖыныс мүшелерінің құрылысыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміМеталдарАлаш ОрдаҚазақстан демографиясыТеріЖелшешекЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміЗәрдің түзілуі және шығарылуыСалқам Жәңгір ханАрғынРоботАқбөкенҰрықтануЕтісКүн энергетикасыАнтонимҚызылша (медицина)ҰйғырларМәдени мұраҚазақ әліпбиіҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевЕділ қағанФутболСемей полигоныЕуропа одағыРаушангүлділерҚазақстандағы су тасқыны (2024)Мәскеу шайқасыРим империясыКөптік жалғауБауырсақҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныДыбысФранция Ұлттық кітапханасыҰлы Отан соғысыЖамбыл облысыАдам даму индексіСатурнТабиғи радиоактивтікЭкологиялық жүйеЕуропаБалқашТөлеу сөзАнтропогендік факторҮстірт қорығыСалт-дәстүрҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЕртісҚазақстан халқыЖыныс мүшелері ауруларыҚымызРесурстарЭкологиялық апатАлпамыс батырАлдаркөсеХан ШатырКанадаҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыЖаңбырАлланың есімдеріДауысты дыбыстарКөсемшеТұрақты сөз тіркесіДәруменТозаңдануКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысТерроризмЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТәуке ханҚасым АманжоловНұркен ӘбдіровСәбит Мұқанұлы МұқановЖыландарҒұндар мемлекеті🡆 More