Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі.
Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым шегу – зиян әдет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.
Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
Қан айналымына
Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196 — улы және 14 наркотик тәріздес.
Заттар | Саны | |
---|---|---|
Диоксид көміртегі | 45—65 мг | |
Монооксид көміртегі | 10—23 мг | |
Оксиды азоты | 0,1—0,6 мг | |
Бутадиен | 0,025—0,04 мг | |
Бензол | 0,012—0,05 мг | |
Формальдегид | 0,02—0,1 мг | |
Ацетальдегид | 0,4—1,4 мг | |
Метанол | 0,08—0,18 мг | |
Синильдік кислота | 1,3 мг | |
Никотин | 0,8—3 мг | |
көмірсулар | 0,0001—0,00025 мг | |
Ароматты амины | 0,00025 мг | |
N-нитрозоаминдер | 0,00034—0,0027 мг | Потоний |
Пайыз | ||
---|---|---|
Таралуы | Ер | Әйел |
Африка | 29% | 4% |
АҚШ | 35% | 22% |
Батыс Жерорта теңізі | 35% | 4% |
Еуропа | 46% | 26% |
Оңтүстік Азия | 44% | 4% |
Шығыс Тынық мұхиты | 60% | 8% |
Темекі түтінінде никотин иіс газы, көгерткіш қышқыл, аммиак, формальдегид, т.б. зиянды заттар көп. Пәле (рак) ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды болып табылады. Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе, өңеш 2-6 есе) жиі ауырады. Олардан басқа өкпенің созылмалы қабыну, туберкулез, тыныс демікпесі ауруларына жиі ұшырайды. Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары.
Никотин қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне себепші болады. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету және олардан зат алмасудың зиянды өнімдерін әкету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тарааған ауру- стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокард инфарктіге әкеліп соғады. Шылым шегушілердің басқа бір әдетті ауруы- ұстамалы ақсастық (эндартериит). Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады. Тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады, бірақ әрі қарай жүруге ыңғайланғанда қайта пайда болады. Сөйтіп, осылайша жалғаса береді. Шылым шегу адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді. Никотин дене күшін және бұлшықет сезімінің өткірлігін кемітіп, қимыл үйлесімділігін, шапшаңдықты және әсіресе төзімділікті нашарлатады. Спорт пен темекі бір-біріне қарама-қайшы.
Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы).
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай менен шылымға (Шораяқтың Омары).
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Темекі, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.