Сөз Тіркесі

Морфология

Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

    Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
    1. Қайрат балаларға;
    2. балаларға Досанмен;
    3. Досанмен болған;
    4. болған әңгіменің;
    5. әңгіменің мән-жайын;
    6. мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

  1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады. Мысалы, Ол келді, Астанаға келді деген тіркестердеге сөздер өзара жіктік, септік жалғауы арқылы байланысқан.
  2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады. Мысалы, Оқу үшін келді тіркесі шылау арқылы байланысқан.
  3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады. Мысалы, жақсы дәрігер сөзі жалғаусыз байланысып тұр
  4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі. Мысалы, Айдын-дәрігер деген сөздер дауыс ырғағы арқылы байланысып тұр.

Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.

Сөздердің байланысу түрлері

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

    Мысалы:
Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқушымын Біз оқушылармыз
2-жақ Сен оқушысың Сендер оқушыларсыңдар
Сіз оқушысыз Сіздер оқушыларсыздар
3-жақ Ол - оқушы Олар - оқушылар
Жекеше Көпше
1-жақ Мен оқимын Біз оқимыз
2-жақ Сен оқисың Сендер оқисыңдар
Сіз оқисыз Сіздер оқисыздар
3-жақ Ол оқиды Олар оқиды

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

    Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару

Матасу

Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі

    Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.

Қабысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

    Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.

Жанасу

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

    Мысалы: шарықтап ұшу, шарықтап көкке ұшу.

Дереккөздер

Tags:

Сөз Тіркесі Сөздердің байланысу тәсілдеріСөз Тіркесі Сөздердің байланысу түрлеріСөз Тіркесі ДереккөздерСөз ТіркесіМорфология (лингвистика)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Санжар Сейітжафарұлы АсфендиаровАдам даму индексі бойынша елдер тізіміСептік жалғауІштің қатуыКөкшетауЕсту мүшесіАзаматтық құқықВирусты гепатит ВНамазды бұзатын нәрселерАдам ағзасындағы химиялық элементтерИса МәсихҚорқыт атаОвуляцияЖыныстық қатынасАристотельШанхай Ынтымақтастық ҰйымыКәлимәКөнерген сөздерМайларТанымал қазақтардың тізіміҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміБронхитАзияТері ауруларыАдам атаҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыҚариАсқазан ауруларыДостықКүн жүйесіҰлы Отан соғысыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОҚазақтың 500 ән-күйіАсқар АлтайҚожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген тұлғаларАутизмАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіАлаш қозғалысыТабиғаттағы су айналымыКомпьютерлік желіСілтілік металдарШвейцарияӘмір ТемірАлаш партиясыМетонимияБуын үндестігіӘлкей Хақанұлы МарғұланЕркектің жыныстық мүшесіЖәннәтпен сүйіншіленген он сахабаКірме сөздерКүкіртМұқағали Сүлейменұлы МақатаевГалактикаҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіКешYOUДара сөздер мен күрделі сөздерТәуекел ханТиграхауда сақтарыБеғазы-Дәндібай мәдениетіҚазақ газетіЖыныс мүшелерінің құрылысыСөз таптарыЖылқы малының атауларыАлгоритмТұқым қуалайтын ауруларШыңғыс хан әулетіКөкпарСөз табыМендель заңдылықтарыВКонтактеОсман империясыФариза ОңғарсыноваАзаматтық қоғамБастың ауыруыПсихологияҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніКөкжөтел🡆 More