Толықтауыш

Морфология

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Толықтауыш түрлері

Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады:

  1. тура толықтауыш;
  2. жанама толықтауыш.

Тура толықтауыш табыс септігіндегі сөзден жасалып, ол үнемі сабақты етістіктен жасалаған мүшелермен көбінесе жақын тұрып байланысады да,соларды толықтырады, оларсыз қолданылмайды. Тура толықтауыштың сұрақтары:кімді? нені? кімін? несін? Мысалы, Мына кітапты дүкеннен алдым.

Жанама толықтауыш салт етістіктен болған сөйлем мүшелерін табыс септігінен басқа септіктерде (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) тұрып толықтырады және сөйлемнің кез келген жерінде тұрып байланыса береді. Мысалы, Жанат Жантасқа ұзақ әңгіме айтты.

Толықтауыш болатын сөз таптары

Толықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Зат есімнен болады
  2. Зат есім орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеу сөздерден болады.
  3. Туралы, жөнінде, жайында деген шылаулардың бірімен тіркесіп келген сөздер етістіктен болған мүшенің алдында келсе, толықтауыш болады.

Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді.

Әдебиет

Tags:

Морфология (лингвистика)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ФерромагнетиктерҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіӨзгергіштікҰлықбекЛаңкестік әрекетТолеранттықҚазақстан музейлеріҚайыңҚорғалжын қорығыҚұқықІлияс ЕсенберлинТүркияҚазақстан өзендеріТүргеш қағанатыЖұлдызТәуке ханРаушангүлділерҚазақ газетіГемоглобинСалқам Жәңгір ханМенің атым Қожа (повесть)Қожа Ахмет Ясауи кесенесіШыршаХалықаралық жер күніОрталық ҚазақстанҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Ғылыми-техникалық революцияАнықтауышЕтеккірӨзбекстанТоғыз-құмалақМагниттік өтімділікКөксерек (әңгіме)Фариза ОңғарсыноваТөлен ӘбдікБотай мәдениетіҚазақстандағы туризмКаспий экологиясыҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыБүркітМұхтар Омарханұлы ӘуезовСарқылатын ресурстарАдам ағзасындағы химиялық элементтерПублицистикалық стильТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЖануарлар қалай үндейді (ойын)Қазақстан мәдениетіҚұлпынайҚара құрдымТабиғи радиоактивтікЖырауСан есімАлматыГерманияАстық шаруашылығыХолециститҚазақша жыл санауТұқым қуалайтын өзгергіштікӨркениеттер қақтығысыТемірқазықҚазақ хандығының құрылуыӨмірзая (роман)Семей полигоныАлкандарКүнбағысАнтигитлерлік коалицияМәдениетКСРО ыдырауыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚант диабетіЕсім хан саясатыФилипп Исаевич ГолощёкинШерхан Мұртазаұлы МұртазаМақалаҚантамырлар🡆 More