Экологиялық жүйе, экожүйе — тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама (атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса, кейде екі экологиялық жүйенің арасы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі Артур Тенсли. А. Тенсли экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.
- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);
- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);
- макроэкожуйе (континент, мұхит);
- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Түзушілер дегеніміз- фотосинтезді жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктер(негізінен алғанда жоғары сатыдағы өсімдіктер). Қалған ағзалардың барлығы ағзалық заттарды өсімдіктерден және басқа автотрофты ағзалардан алады.
Тұтынушылар дегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді.
Бұлар бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдірушілер негізінен алғанда сапротрофтар болып саналады. Оған ұқсас ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады.
Табиғатта зат айналымы қызмет істеу үшін энергия үнемі түсіп тұруы қажет. Энергия көзі-Күн. Күн энергиясы жарық синтездеуші ағзалар арқылы ағзалық қосылыстардың химиялық энергиясына айналады. Бірімен бірі қоректік қатынастар арқылы байланысқан тіршілік иелері қоректену тізбегі түрінде дайындалады және ол үшін энергия алмасу өте маңызды болып саналады. Бұған мысал ретінде қарапайым тоқалтістер(мыши-полевки) жайылып жүрген шабындықты және соларды аулайтын түлкіні келтіруге болады. Бірлестіктегі қоректік байланыс дегеніміз- бұл бір ағзадан екінші ағзаға энергия беру тетігі. Бірлестіктің әр қайсысында қоректік байланыс күрделі торапта шырмалып жатады.
Экожүйенің қасиеттері өздігінен реттелу. Ол әр түрлі дарақтар санының белгілі, салыстырмалы тұрақтылық деңгейде сақталуын көрсетеді.
Экожүйенің негізігі көрсеткіші мыналар:
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Экологиялық жүйе, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.