Кіші Жүз Әбілқайыр Хан

Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан, сондай-ақ, Әбілқайыр хан (1693 — 12 тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж.

билік құрған Кіші жүз ханы. 1708 - 1709 жылдары башқұрттар Әбілқайырды өздеріне хан етіп сайлаған. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға. 1720 жылы қыркүйек айында қазақ әскері мен орыс-қазақтар арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен марапатталады.

Әбілқайыр хан
Әбілқайыр хан (Кіші жүз)
Лауазымы
Кіші жүз ханы
1718 — 1748
Ізбасары Нұралы хан
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі 1 қаңтар 1693 (1693-01-01)
Түркістан
Қайтыс болуы 12 тамыз 1748 (1748-08-12) (55 жас)
Жерленді Хан моласы (қазіргі Ақтөбе облысы)
Әкесі Айтақ Қажы сұлтан
Жұбайы Бопай Бәтима
Баян ханым
Балалары ұлдары: Нұралы хан,
Ералы хан,
Жармұхамбет хан,
Қожа Ахмет,
Айшуақ хан,
Әділ сұлтан,
Шыңғыс сұлтан
қыздары: Қарашаш ханым, Намұрын ханым, Зүлейха ханым, Жәннәт ханым
A.
Әбілқайыр хан
Кіші Жүз Әбілқайыр Хан Басқа мағыналар үшін Әбілқайыр хан деген бетті қараңыз.

1721 жылы казактар мен қал­мақ­тар­дың атаман Балмаш­нов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындармен мал айдап кеткен. 1722 жылы қаңтар айында 300 қол қазақ сарбаздары қарымта қайтару үшін казак-орыс­тардың Шаған жанындағы қысқы станицасына шабуыл жасап, 70 қазақ орысты айдап әке­те­ді. Ақпан айында қазақ-орыс­тар­дың Жайық қалашығы жа­нын­дағы жылқы табынын айдап ке­тіп, оларды түгелдей жаяу қалдырады.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзін білікті басшы ретінді көрсете білген. Соның арқасында халық арасында зор беделге ие болған. 1729/30 жылы ұлы хан Болат хан қайтыс болғаннан кейін Тәуке ханның ұлы, жоңғарларға қарсы күресте танылған Сәмеке ханмен және Болат ханның ұлы Әбілмәмбет ханмен қатар таққа басты үміткерлердің бірі болған. Алайда, Әбілқайыр ханның беделінен сескенген билер, Болат ханның жігерсіз ұлы Әбілмәмбетке қолдау көрсетеді. Үш жүздің батырлары Әбілқайырды ұлы хан етіп сайлағанымен, билерден қолдау таппағандықтан ол бұл атақтан бас тартқан.

Болашақ Абылай хан Әбілмансұрға қолдау көрсетіп, оның хан ретінде қалыптасуына ықпал еткен. Әбілмансұр сұлтан да өз кезегінде Әбілқайыр ханға ерекше құрмет көрсеткен.

Өмірбаяны

Кіші Жүз Әбілқайыр Хан 
Әбілхайыр ханның Анна Иоановнаға хаты (1731)

Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз-Жәнібектің алтыншы ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он бесінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей қоян, одан Батыр хан, одан Айшуақ сұлтан, одан Ырыс сұлтан, одан Айтақ Қажы сұлтан туған, Әбілқайыр осы Айтақ сұлтанның баласы. Шоқан Уәлихановтыңдеректерінде Әбілқайырдың әкесі Айтақ, оның әкесі Ырыс, оның әкесі Айшуақ дейді. Бірақ Айшуақ сұлтанның әкесі Батыр хан деп жазып кетеді. Әбілқайыр ханның жеті атасында, Айшуақтан кейін Бөлекей сұлтан тұрады, демек Айшуақтың әкесі Бөлекей сұлтан.Әскен (Әжі) ұлы Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Бұланты, Итішпес көлі маңындағы шайқаста қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының кіші буыны – Үсектің ұрпағы. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.

18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Бірақ осы шайқаста Әбілхайыр мен Қайыптың алауыздығы кесірінен қазақ қолы жеңіліске ұшырайды.

Ол 1723 жылға дейін Түркістан қаласында тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққан соң, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын тайпалардың арасына кетеді.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір қолбасшы болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.

Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.

Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Тәуке ханның кезінде билікке ие болған билер таққа лайықты Әбілқайыр хан мен Сәмеке хандардың біреуін сайласа биліктен айырылып қаламыз деп сескеніп, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет ханды сайлайды. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген қазақ әскерлерінің басты тіректері Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан әскерлерін ертіп, өз ордаларына кетіп қалады. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Жоңғарлардың әлі де болса қауіп төндіріп тұрғанына көзі жеткен Әбілқайыр хан өзіне одақтас іздей бастайды. Сөйтіп, ол Ресей империясына елші жіберіп, одақтас болуды ұсынады. Оның көздегені орыстардың қолдауымен қазақ жүздерінін басын қосып, сыртқы жаулары Еділ қалмақтары, башқұрттар және жоңғарларға қарсы тұру болды. Бірақ, Ресей оның бұл ұсынысын қабылдамай, тек протектораттыққа келісетінін жеткізеді. Әбілқайыр хан бұған келімін беруге мәжбүр болады. 1731 жылы күзде Тевкелев бастаған орыс елшілері Әбілқайыр және Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің старшындарынан ант қабылдайды. Ресейдің құйтырқы саясатын кеш сезген Әбілқайыр оларға қарсы бірнеше рет қарсы шығады. Бірақ, бұл әрекеттері нәтиже бермегендіктен қайтара бодандық антын береді(1738, 1742, 1748).

Қазақтарды әлсіретіп, бүкіл Орта Азияға жол ашар қақпаның кілтін тезірек қолға түсіру жөнінде патшасынан нұсқау алған орыстың далалық әкімдері бұл оқшалануды өз мүдделеріне пайдаланып қалуға жанталаса кіріседі. Бұл ретте отарлаудың ежелден сыналған тәсілі – «жабайыны жабайының қолымен құртуды» іске қосады. Сөйтіп олар өздерінің бодандары Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық казактарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуына сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеп соғады. Онда ол өзінің Ресей империясына башқұрттар секілді қызмет етіп, солар сияқты алым төлейтінін айта келіп, өздеріне Ресейдің өзге бодандары тарапынан ешқандай қиянат және шабуыл болмауын талап етеді, патша тарапынан тыйым салынбаса, башқұрттардың өздігінен шабуыл жасауды тоқтатпайтынын айтады. Сондай-ақ Ресей бодандары қолдарындағы қазақ тұтқындарын қайтарса, қазақтар да өз тарапынан олардың тұтқындарын кері қайтаратынын білдіреді. Бірақ бұл бодандық Әбілқайыр ойлағандай нәтиже бермейді. Содан кейін ол Жоңғар хандығының қоңтайшысы Қалдан Серенге адам салады. Іздегенге сұраған ол да мұны құп алады. Ол жоңғар тұтқынынан босатылған Абылай арқылы жіберген жарлығында Әбілқайырдың тілегін орындағанын толық көрсетеді. Арадағы достық қатынастар сенімді болу үшін Әбілқайырдың өз баласына мың қазақты ертіп, Жоңғарияға жіберуін, осыған жауап ретінде өз баласын мың ойратпен қазақтарға жіберетінін айтады. Дегенмен, Әбілқайырдың Қалдан Серенмен құда болып, оған арқа сүйеп, ойдағымды жүзеге асырам ба деген үміті де ақталмай қалады. 1745 жылдың қыркүйегінде Қалдан Серен қайтыс болады.

1748 жылы Орынбордан шағын жасағымен қайтып келе жатқан жолда қарсыластарының бірі Барақ сұлтанның құрған қақпанына ұрынып қалады. Барақ сұлтан жоңғар шапқыншылығы кезінде зор беделге ие болған тұлға. Әбілқайырдың Ресейдің қолдауы арқылы күшейіп кетуінен сескеніп, оған қарсы шыққан. Әбілқайырдың 50 шақты адамымен келе жатқанын естіген ол, мүмкіндікті пайдаланып қалуды ойлап, тұзақ құрады. Осы шайқаста қарсыластарының күші басым екенін көріп тұрған ханның күзетшілері оған қашуды ұсынады. Бірақ, Әбілқайыр хан бұдан бас тартып, осы шайқаста қаза табады.


Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.

Шежіресі

 
 
 
Барақ хан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әз-Жәнібек хан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өсек сұлтан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлекей сұлтан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Батыр хан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Айшуақ сұлтан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ырыс сұлтан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Айтақ Қажы сұлтан
 


Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚызғалдақОвуляцияӘбілхан ҚастеевШарын шатқалыЖер сілкінуАлдаркөсеСаясатҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚуыршақ театрыАллитерацияТабиғатты қорғауМахаббат, қызық мол жылдарПроцессорАбиотикалық факторларЭндокриндік жүйеЖаңа экономикалық саясатИнвестицияҚожа Ахмет ЯсауиАтырау облысыСақ мәдениетіСаяси партияМал шаруашылығыБүрЗәрдің түзілуі және шығарылуыПопуляцияЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыМетафораНесіпбек Тұрысбекұлы АйтРентген сәулесіТүркістан автономиясыҚазақ хандарыФилософияАутизмАсан қайғы СәбитұлыБаяндауышХалықаралық еңбектiк миграцияӘскери коммунизм саясатыРим империясыТемір жолЖүйке жасушаларыЗар Заман ақындарыЖай сөйлемҚазақстан Республикасының КонституциясыАқпан төңкерісіЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміДін философиясыБейбітшілікДыбысҚазақстанның экологиялық проблемаларыЖасушаТерминКітапСан есімЕсімдікТәуекел ханҒарышкерлер күніҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыӨкпеЛеонардо да ВинчиСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазан төңкерісіКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚазақстан тарихыҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыМүктәрізділерДопАутосомаларҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріЕсім ханның ескі жолыЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуТың игеруТарих философиясыБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан демографиясыНәруыздыӊ бірінші реттік құрылымыҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыБуддизм🡆 More