Баққожа Мұқай

Мұқай Баққожа (31 қаңтар 1948, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 8 қаңтар 2008, Алматы) — жазушы, драматург.

«Өмірзая» романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000).

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.

Еңбек жолы

1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кеген (қазіргі Райымбек) аудандық «Коммунизм нұры» (қазіргі "Хантәңірі") газетінде еңбек жолын бастаған. 1970 — 1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990—1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының Бас редакторы болды.

Еңбектері

Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006).

Дереккөздер

Tags:

1948200831 қаңтар8 қаңтарАлматыАлматы облысыРайымбек ауданы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Асқорыту мүшелеріАдам қаңқасыМюнхен келісіміБаяндауышҚаныш Имантайұлы СәтбаевЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуЖүктілікКүрішМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)РимАзаматтық қоғамБауырымен жорғалаушыларОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыЖүрек-қантамырлар жүйесіЛаңкестік әрекетБұқар жырау ҚалқаманұлыТөлеген ТоқтаровФилософияҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіҒылыми фантастикаГемоглобинГерманияИнтернетТөлен ӘбдікОрталық АзияҚазақстанның кен ресурстарыТоқырау жылдарындағы ҚазақстанПартеногенезНафтаБіріккен Ұлттар ҰйымыБір жасушалыларҚарлығаштарЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҮндістанЕскендір (поэма)Арал экологиясыҚарағайЕсімшеЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыБразилияНаурыз мейрамыӨзбекстанАҚШ экономикасыСелекцияАрхейҚазақ хандарыҚазақстандағы алюминий кеніКСРО ыдырауыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатБалғынбек ИмашевИсламЖәңгір-Керей ханКүкіртКөзімнің қарасы...ШиеТұтынушы құқығыЮНЕСКОСалалас құрмалас сөйлемБактерияларНесіпбек Тұрысбекұлы АйтБіріккен Араб ӘмірліктеріҚайта құру кезеңіШыршаБастауышКөне түркі жазбаларыБұрындық ханҚызыл кітапАқбөкенҚазақстандағы ұжымдастыруЛатын АмерикасыҚазақстан аудандарыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыБатыс Түрік қағанатыҚоршаған ортаБұлшықет талшығыШығыс Қазақстан облысы🡆 More