Бастауыш

Морфология

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.

Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:

  1. Зат есімнен болады.
  2. Есімдіктен болады.
      Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.
  3. Сан есімнен болады.
      Мысалы: Алты екіге бөлінеді
  4. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады:
      Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай). Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.
  5. Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі.
      Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.

Дара бастауыш

Дара бастауыш - жеке бір сөзбен айтылған бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.

Күрделі бастауыш

Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.

Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады:

  1. Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы.
  2. Қос сөз түріндегі зат есімдер:
      Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.
  3. Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі.
      Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.
  4. Сын есім тіркесі
      Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.
  5. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады.
      Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).
  6. Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді.
      Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді.

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
бастауыш баяндауыш
Ақыл-тозбайтын тон зат есім атау септігіндегі зат есім
Жақсы-ісімен жақсы сын есім заттанған сын есім
Екі жерде екі-төрт сан есім сан есім
Бұл-оның жақтырмағанының белгісі еді сілтеу есімдігі есімдік пен етістік
Сөйлеу тіліне бай болу- жас авторлар үшін өте қажет тұйық етістік есім сөздер
Отаным-алтын бесігім тәуелдік жалғаулы сөз зат есім
Көрмес-түйені де көрмес есімше есімше

Осындай жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Дереккөздер

Tags:

Бастауыш болатын сөз таптарыБастауыш Дара бастауышБастауыш Күрделі бастауышБастауыш тан кейін қойылатын сызықшаБастауыш ДереккөздерБастауышМорфология (лингвистика)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТемекіҚазақстан өсімдіктеріОрталық ҚазақстанҚазақ руларыҚозы Көрпеш – Баян СұлуЖайықҮш Жүз партиясыҰрықЖыныссыз көбеюСталинград шайқасыНаурыз мейрамыАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыОрганикалық қосылыстарМейозБейбітшілікМолотов-Риббентроп пактыАболиционизмАйнұр ТұрсынбаеваҚазақстан халқы ассамблеясыБейбітшілік және келісім сарайыЖасушаның бөлінуіҚарағайИспанияЧарлз ДарвинҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыӘлкей Хақанұлы МарғұланЖұлдызКварцАсық ойыныТүркияЖалғаулық шылауларАрал теңізіҚиял-ғажайып ертегілеріАуыл шаруашылығы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыАқ Орда (мемлекет)Кешенді қосылыстарАқбөкенАнемияНұрдәулет Бәбиханұлы АқышҚазақстандағы ұжымдастыруБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевII ЕкатеринаҰлыбританияТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновТау жынысыМысықҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіЕтістікКарбон қышқылдарыАмерика Құрама ШтаттарыКиіз үйҮйсін мемлекетіҚазақстандағы су тасқыны (2024)КартопОрталық АзияАлланың есімдеріШыршаЗар Заман ақындарыБауырымен жорғалаушыларІлияс ЖансүгіровСперматозоидҚазақстанның мұнай өнеркәсібіҚазақстан географиясыТыныс алуЖұлынСолтүстік АмерикаҚаһарАшаршылықТіршілік үшін күресГемоглобинҚазақстан экономикасының тарихыРаушангүлділерАқмола облысыАлаш партиясының бағдарламасыҚазақстан аудандарыТүргеш қағанатыЭпитетЫбырай Алтынсарин🡆 More