Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев

Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан.

Биографиясы

Бердібек өскен отбасы өте кедей еді. Ол Албан тайпасының Құрман руының Беснайыз тармағынан шыққан. Бердібек 8 жасында анасынан айырылды, бұл оның өмір бойы айнымас азабы болып қалды. Баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті кейін соғыста қаза тапқан ағасы Сатылған сіңірткен. Бала аштық пен ауыр жұмысты және т.б қиыншылықтарды басынан өткерген. Дегенмен, ол өте ізденімпаз, қабілетті бала болып өсті және өмір бойы өзінің оптимизмі мен көңілділігін сақтап қала алды.

Мектептен және ФЗО-дан кейін ол әскерде қызмет етті. Одан кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып (1945-1948), кейін туған ауылында екі жыл ұстаз болып жұмыс атқарды. 1950 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Пионер» және «Қазақстан пионерлері» қазақ газеттерінің редакцияларында қызмет етті. Кейіннен Соқпақбаев Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1955-57) бітірген.

Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. 1950 жылы жарық көріп, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітабы – «Он алты жасар чемпион» повесі.

Шығармалары

  • "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
  • "Он алты жасар чемпион" (1951)
  • "Бақыт жолы" (1952)
  • "Алыстағы ауылда" (1953)
  • "Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повестьі бойынша жазылған киносценарий де фильмге түсірілді (1965).
  • "Дала жұлдызы" (1960)
  • "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
  • "Гауһар" (1966) повестерін жазды.
  • "Менің атым Қожа повестьі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
  • "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
  • "Әпенденің айласы" (1960)
  • "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
  • "Өзім туралы. Жекпе-жек": повесть - А.: Қазақ. мемлекет. Көркем әдебиет баспасы, 1957.- 166 б.
  • "Өлгендер қайтып келмейд"і: Роман және әңгімелер.- А.: Жазушы, 1979.- 464 б.

Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).

Естеліктер

  • Туған ауылы Қостөбе мен Алматыдағы көшелер, Нарынқолдағы орта мектеп оның есімімен аталады.
  • Нарынқолда жазушының қоладан жасалған ескерткіш-бюстін Алматы суретшілер одағының төрағасы Ескен Сергебаев орнатты.

Дереккөздер


Tags:

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев БиографиясыБердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев ШығармаларыБердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев ЕстеліктерБердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев ДереккөздерБердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев15 қазан1924 жыл1991 жылАлматыАлматы облысыНарынқол ауданы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Үстірт қорығыТағамның маңызы, құрамы және қызметіОрбұлақ шайқасыЖүрек ауруларыҚозғалыс (зат)Күн (жұлдыз)Мюнхен келісіміСюрреализмОрталық ҚазақстанЖануарларМұхаммедХақназар ханАвтоматтандыруДауыссыз дыбыстарҚайыңЕуразияСырым ДатұлыАдам даму индексі бойынша елдер тізіміАққуларАвторлық құқықты бұзуДәруменҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіАмёбаДауысты дыбыстарМагниттік өтімділікКубизмЖырауКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҰйқы безіМорфология (лингвистика)Ай (серік)ӨзбектерНАТОҚояндарҰрықтануКиіз үйАқсу-Жабағылы қорығыМитохондрияМемлекетОралхан БөкейӘміре ҚашаубаевДрамаАнықтауышТабиғи газСперматозоидАқтөбеБатыс Қазақстан облысыАлтын ОрдаБалықтарЖұлын жүйкелері1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміФутуризмКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысХимиялық элементтердің периодтық жүйесіСаяси жүйеЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚазақстан халқы ассамблеясыКөлденең жолақты ет ұлпасыҚазақ батырлар тізіміПопуляцияҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміАмерикадағы азамат соғысыФотосинтезҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАналық жыныс безіЭкспрессионизмТабиғатты қорғауКомпьютерлік вирусМашинажасауМайларЖүсіпбек АймауытовГүлді өсімдіктерЗәрдің түзілуі және шығарылуыЕгіншілікМейоз🡆 More