Айнұр Тұрсынбаева (1977 ж.туған, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы) – айтыскер ақын.
Онжылдық мектепті 1994 ж. Мойынқұм ауданында бітірген. Айтыс өнерінде алғаш 1991 ж. Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық ақындар сайысында көзге түсті. Төле бидің 330 жылдық мерейтойында жүлделі екінші орынды жеңіп алды. 1994 ж. Семейде Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдесін алып, Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысының да жүлдегері (7 орын) болған жас талант. Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына арналған ақындардың республикалық айтысында 2-орынды иеленді. Айнұр Тұрсынбаева тек өзіне ғана тән сыпайы ойын асықпай, жұмсақ қоңыр үнімен тыңдаушының көкірегіне сәуле құярлық етіп, толғантып-тебірентіп жеткізеді. Кейінгі жылдардағы «Айтыста» бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Айнұр Тұрсынбаева, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.