Пысықтауыш: Етістікті толықтыратын сөз немесе сөздер

Морфология

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Пысықтауыштың түрлері

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді:
1) Дара пысықтауыш;
2) Күрделі пысықтауыш;
3) Үйірлі пысықтауыш;

Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс кызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.

Күрделі пысықтауыш — күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалатын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымын-жымын етіп сахнаға шықты.

Үйірлі пысықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді:
1) мезгіл пысықтауыш;
2) мекен пысықтауыш;
3) мақсат пысықтауыш;
4) амал пысықтауыш;
5) себеп пысықтауыш;
6) мөлшер пысықтауыш.

Пысықтауыш түрлері
Сұрақтары Мысалы
Мезгіл пысықтауыш Қашан? Қай кезде? Қай уақытта?Қашанан бері? Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.
Мекен пысықтауыш Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.
Мақсат пысықтауыш Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.
Амал пысықтауыш Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.
Себеп-салдар пысықтауыш Неліктен? Не себепті? Не үшін? Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.
Мөлшер пысықтауыш Қанша? Қалай? Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

Пысықтауыш болатын сөз таптары

Пысықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Үстеуден болады
  2. Сын есімнен болады
  3. Сан есімнен болады
  4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
  5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
  6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады
    • барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.
    • кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.
    • кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады
    • кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды.

Дереккөздер

Tags:

Морфология (лингвистика)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның тұңғыш мектептеріМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Рақымжан ҚошқарбаевҚазақстанның мұнай өнеркәсібіМиАқ Орда (мемлекет)ЛинолеумЖошы ханИнеліктерОксидтерҚояндарАнтивирустарОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыГенетикаАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыМитохондрияФутуризмМашинажасауАқпан төңкерісіМәңгілік бала бейнеЭлектр энергетикасыЖәнібек ханМәлік ҒабдуллинБүркітШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚожа Ахмет Ясауи кесенесіБұрындық ханҚазақстандағы алюминий кеніАс қорыту жүйесіҚұлдықҚазақ ұлттық киімдеріТолықтауышҮш Жүз партиясыБәйтерек (мифология)Молотов-Риббентроп пактыШыңғыс ханӘбілқайыр хан (Кіші жүз)ЖанрБұқар жырау ҚалқаманұлыЮпитерТуризмҚарлығаштарЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановМағжан Бекенұлы ЖұмабаевАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевҚыстырма сөзБаскетболМюнхен келісіміГерманияТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақ қолөнеріМәдени мұраМайларМагнит өрісіАшық тұқымдыларҒабиден МұстафинТарих философиясыҚұрмалас сөйлемТегеран конференциясыҚадыр Мырза ӘліТәттімбет ҚазанғапұлыҚазақстан халқы ассамблеясыТел өскен ұлҚұралайдың салқыныҚытайАқуызОтбасыСолтүстік АмерикаФутболГаз өнеркәсібіБілім беруҒаламдық мәселелерҚабанбай батырАлтын ОрдаЧарлз ДарвинТеңеуҚазақстан экономикасыАлмаз🡆 More