Сөйлемнің Бірыңғай Мүшелері

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы.

Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.

Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).

Дереккөздер

Tags:

СұрақСөзСөз табыСөйлем

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Есім ханҚанМерезНұркен ӘбдіровХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЖетіқарақшыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЭкологиялық проблемаШыңғыс хан әулетіҚозы Көрпеш - Баян СұлуӨзбекстанЖыныстық қатынасТұсаукесерҚанайналым жүйесіҚазақстан елтаңбасыСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемТабиғи радиоактивтікИслам өркениетіБүркітАтмосфераЖелшешекМорфология (лингвистика)Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерҚазақстандағы су тасқыны (2024)Алаш қозғалысыҚазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасыӘбдімомын ЖелдібаевБактерияларҚазақстанның мұнай өнеркәсібіТүргеш қағанатыҚазақстан қорықтарының тізіміСудың ластануыСелҚазақстан туыДінҚазақстан мемлекеттік рәміздеріДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАлкандарДамушы елдерТеатрАбиотикалық факторларСауд АрабиясыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЖаңбырБразилияЗекетБарбаросса жоспарыБесікке салуӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановИсламШанхай Ынтымақтастық ҰйымыМиСөз тіркесіҚытай мәдениетіТабиғатты қорғауАдам қаңқасыЭпитетАграрлық-өнеркәсіптік кешенЕділ қағанЭмбриогенезҚазақ хандарыКірме сөздерАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыҚыпшақтарҚант диабетіЗар Заман ақындарыЭндокриндік жүйеШежіреМитозЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріМұхтар Омарханұлы ӘуезовСөйлемЫбырай АлтынсаринҚазақстандағы «қайта құру» саясатыОрынборӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Жәңгір-Керей ханТранспортир🡆 More