Фильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ

«Міржақып.

Оян, Қазақ» — Міржақып Дулатұлы туралы түсірілген тарихи, көркем фильм. Фильм Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген 6 бөлімнен тұратын сериалдың ықшамдалған нұсқасы ретінде дайындалды.

Міржақып. Оян, Қазақ!
Фильмнің постері
«Міржақып. Оян, Қазақ!» постері
Жанры

Тарихи драма

Режиссёрі

Мұрат Есжан

Продюсері

Айсәуле Әбілда

Сценарийдің авторы

Мұрат Есжан
Ұларбек Нұрғалымұлы
Ұшқын Сәйдірахман

Басты рөлдерде

Бақыт Қажыбаев
Зарина Кәрмен
Байғали Есенәлиев
Бауыржан Қаптағай
Мерей Мұхтарұлы
Жұмағали Маханов
Кәусар Рысқұлбек

Операторы

Жанат Өмірәлі

Композиторы

Нұрболат Қадырбаев

Кинокомпания

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұзақтығы

2 сағат 11 минут

Кассалық түсімі

107 миллион теңге

Мемлекет

Фильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ Қазақстан

Тілі

қазақ

Шыққан жылы

2023

https://qazaqstan.tv/serials/Mirzhakyp-oyan-qazaq/

Фильм 2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық прокатқа шықты. Тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық -саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады.

Фильмнің қоюшы режиссері — Мұрат Есжан, продюсері — Айсауле Әбілда, сценариін жазғандар — Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, алаштанушы ғалым Ұшқын Сәйдірахман. Басты рольді Астана қаласы Жастар театрының актері Бақыт Қажыбаев сомдайды.

Тарихы

Фильм 2022 жылы Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша 6 сериядан тұратын телехикая ретінде түсірілді және арна эфирінен көрсетілді. Фильмді түсіруге 8 ай уақыт жұмсалды. Деректерді іздеу және сценаридің алғашқы нұсқасын дайындауға 3 ай, дайындыққа 2 ай, таза түсірілімге 1,5 ай, монтажға 1,5 ай уақыт кетті.

Актерлерге қойылған талаптардың ішінде таңдағалы жатқан актердің болмысы ойнағалы жатқан кейіпкердің болмысымен үндесу басты критерий болды. Сонымен қатар қазақы үн. Тарихи кейіпкерлердің жас шамасы пропорциясының сақталуы. Фильмнің негізгі бөлігі Алматы қаласында түсірілді. Сонымен қатар Торғай жерінде, әйгілі Қызбелдің бауыры, Қоңыраулының жағасында түсірілім жасалды.

Түсірілім 55 локацияда өткен. Кинода «Оян, қазақ» кітабының оригиналына ұқсатып 1000 данасы жасалды.

2023 жылдың 23 казан күні кәсіпкер Сырымбек Тау фильмнің режиссері Мұрат Есжанға «ел жанашырына алғыс ретінде» деген ұстаныммен көлік сыйлады.

Кинотеатрдағы прокат

Фильм 2023 жылғы 21 қыркүйек күні прокатқа шығып, екі апта кинотеатрларда көрсетілді. Прокат негізінен Kinopark пен Kinoplexx желісінде көрсетілді. Компанияның PR-директоры Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, халық тарапынан сұраныс жоғары болғанын, бірақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясы аяқ астынан прокатты тоқтатуға шешім қабылдағанын жеткізді. Олар сұраныс жоғары екенін көріп, фильмді телеарнадан көрсетеміз деп шешті. Құқық иесінен келген тиісті хаттың да бар екенін ескертті. Фильм кинотеатрларда көрсетілуі 4 қазаннан бастап күрт аяқталған кезде халық кинотеатрда билет таба алмай, әлеуметтік желіде өз наразылықтарын айтты. Мұрат Есжан осы жағдайға қатысты берген сұхбатында фильмнің кинопрокаты 2 аптаға ғана жоспарланғанын және басқа себептің жоқ екенін хабарлады. Кейін Qazaqstan телерадиокомнаиясы фильмнің прокаты қосымша бір аптаға созылатынын хабарлады. Кинокөрсетілімде аншлаг болып, залдар толды. Қазақтан телеарнасының хабарлауынша фильмді 15 күнде 140 000 адам қараған. Прокатқа қатысты жағдайға Қазақстанның Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева да пікір білдірді. Оның хабарлауынша әр фильмнің прокат кестесі болатындығы және онлайн форматта жарияланған сериалдың қаралымын ескере отырып, фильмге мұндай сұраныстың болатынын жоспарламағандарын айтты.

Прокатқа шыққан фильмнің танымалдығына ТикТоктағы жарнама әсер еткен деген пікір жиі айтылды. Youtube-ке орналастырылған фильмнің сериал нұсқасы үлкен сұранысқа ие болмады. Бірінші серияны 2,2 млн адам қараса, екінші сериясын 762 мың, ал 6-шы сериясын 265 мың адам қараған.

Тикетон сайтында 2023 жылдың 12-15 қазаны аралығында кинотеатрларда көрсетілген фильмдердің кассалық түсімі туралы деректер жарияланды. «Оян, Қазақ» фильмі 3 күнде 107 067 000 теңге табыс тапқан. Көрермендер қазақстандық Kino.kz сайтында фильмге 10 балдан 9,8 балл берген.

TikTok желісінде «Оян, қазақ!» фильміне дейін» атты тренд таралды. Онда жастар кинотеатрға барып, көргенге дейінгі және одан кейінгі реакциясын көрсетеді.

Мазмұны

Фильм төрт бөлімнен тұрады.

Құпия әдебиет деп аталатын бірінші бөлімнің желісі 1911 жылы Қызылжар мен Омбы қалаларында өтеді. Міржақып өзінің Оян, Қазақ өлеңдер жинағын жариялаған. Өлеңде айтылатын идеялар мен ойлар халық арасында кеңінен қолдау тауып жатады. Міржақып сонымен бірге қоғамдық-саяси тақырыпта жазатын "Қазақ" газетіне қажетті қаржы жинаумен айналысады. Ақынның атын пайдаланып ел арасында алаяқтықпен мал жинап жүрген адамдар да көбейеді. Міржақып осы кезеңде өзінің алғашқы романы "Бақытсыз Жамалды" жазады. Патша полициясы Міржақыпқа күдікпен қарап, шығармаларында революцияға шақырып, патша билігіне қарсылық көрсетуге үндеу бар деп бағалайды. Сондықтан қасына жансыздар мен құпия агенттерін қосады. Осындай агенттің бірі Базарбек образы керемет көрсетілген.

Екінші бөлімнің атауы — Ағыбайдық қылышы. Бұл бөлімнің мазмұны 1918 жылы яғни 1917 жылғы революциялар мен азаматтық соғыстан зардап шекеен халықтың жағдайына арналады. Бір жағынан Колчак қысса, екінші жағынан Совет өкіметі қыспаққа алған кезең. Алаш-Орда көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов ақтар мен де, қызылдармен де келеіссөз жүргізіп елдің қауіпсіздігін және мемлекеттігін сақтау амалдарын іздейді. Федерация құрамында автономия болуды мақсат етеді. Алайда мұндай шешім екі тараптан да қолдау таппайды.

Үшінші білім — "Әке, қарным ашты" деп аталады. Бұл бөлімде 1921 жылғы Қазақ даласының өңтүстігі мен Торғай өңірінде болған аштық кезеңі қамтылады. Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен, Мұхтар Әуезов және Жүсіпбек Аймауытовтармен бірге аштық жайлаған аудандарға көмек көрсету комитетін басқарады. Күшіне мінген Совет өкіметімен қазақ даласындағы аштық тимеген өңірлерден аштық қатты тиген өңірге көмектесу үшін мал айдау туралы шешім шығару жолында күреседі.

Қорытынды, төртінші бөлім Қара мысық деп аталады. Бұл кезең 1929 жылдан басталып, Міржақып өміріндегі ең ауыр кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде Міржақып тұтқындалып, Бутырка түрмесіне қамалып, Соловецк лагеріне айдалған кезеңі баяндалады. Атылуға кесілген және ату жазасы орындалып жатқан жерден тоқтату туралы шешім келіп, 9 ай бойы белгісіздік жағдайында ату жазасын күтеді.

Кейіпкерлер

  • Міржақып
  • Базарбай
  • Тілмаш
  • Ғайнижамал
  • Мұхтар
  • Жүсіпбек
  • Әлихан
  • Ахмет
  • Алагөз

Цитаталар

Шығармашылық топ

Фильмнің негізгі идеясы мен сценариін Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы және алаштанушы Ұшқын Сәйдірахман дайындады. Сценарий жазу барысында Алашты зерттеген ғалымдар да кеңес берді. Оның ішінде Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, Дихан Қамзабекұлы, Ербол Тілешов, Марат Әбсемет, Елдос Тоқтарбай. Жазушы Қайсар Әлім, Міржақыптың қызы Гүлнәр апайдың ұлы Ерлан мен қызы Жанат құнды мәліметпен қанықтырды.

Түсірілім тобы

  • Қоюшы-режиссер: Мұрат Есжан
  • Бас продюсер: Айсәуле Әбілда
  • Сценарий авторлары: Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалымұлы, Ұшқын
  • Сәйдірахман
  • Қоюшы-оператор: Жанат Өмірәлі
  • Қоюшы-суретші: Еламан Айнабеков
  • Композитор: Нұрболат Қадырбаев
  • Монтаж: Райымбек Аман

Актерлер

  • Бақыт Қажыбаев — Міржақып ролінде
  • Зарина Кәрмен — Ғайнижамал ролінде
  • Байғали Есенәлиев - Ахмет Байтұрсынұлы ролінде
  • Бауыржан Қаптағай — Әлихан Бөкейханов ролінде
  • Мерей Мұхтарұлы — Ахметсафа Юсупов ролінде
  • Жұмағали Маханов — Тұңғаншин ролінде
  • Кәусар Рысқұлбек — Гүлнар ролінде

Пікірлер

Марат Әбсемет, тарих ғылымының докторы, филология ғылымының кандидаты, профессор, міржақыптанушы:

Фильмді түсірген жігіттер сериалды бастамас бұрын менімен сөйлесті. Жеті сағат тапжылмай тыңдады. Оларға бар жиған кітабымды, тіпті қолжазба еңбегімді де бере салдым. Көздері жанып тұрған жас жігіттерге қолдау көрсеткім келді. Қолжазба ешкімге берілмейді ғой, дегенмен «жұмыс істесін» деген ниетпен еңбегімді бердім. Менің еңбегіме сілтеме жасалмапты, дегенмен оларға тек сәттілік тілеймін. Фильмде ойдан ештеңе құрастырылмаған. Бәрі шынайы. Бар нәрсені көрсеткен. Сол үшін де керемет әсер етті. Өзім көріп отырып, бір жылап алдым. Соның басы-қасында жүрген соң ба, өмірім көз алдымнан өтті. Гүлнәр апайым тірі болғанда, осыны көріп, бір марқайып қалар еді. Рухы шат болған болар. Мен өзім дән ризамын. Алғашқы міржақыптанушы ретінде қуанышым қойныма сыймады.

Алтынбек Нұхұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл фильмнің қазақ халқы үшін маңызы зор. Бастапқы бөлімдерін теледидардан, кейін іссапар кезінде интернеттен көрдім. Өзіме қатты ұнады. Мұрат Есжан бастаған жігіттердің еңбегі зор. Бұған дейін мен «Абай жолы» туралы, одан кейін «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмдері туралы да пікірімді жазғанмын. Бұл жігіттердің жұмысы ұнады өзіме. Сценарийін жазған Ұларбек Нұрғалымның да еңбегі көрініп тұр. Бұл жігіттердің басты артықшылығы: қазақы болмысты, қазақы менталитетті, қазақы сөйлеу мәнерін қаз-қалпында қаймағын бұзбай жеткізетінінде. Жасыратыны жоқ, қазіргі фильмдердің көбі тіл қолдану жағынан ақсап тұр. Дүбәра тілмен сөйлейді. Ал мұндай таза қазақы болмысты көретін фильмдер азайып барады. Сондықтан осы фильмдердің маңызы арта түспек.

Галия Байжанова, Курсив басылымының журналисті:

''Двухчасовой байопик Мурата Есжана получился на редкость удачным, ведь обычно продукт, рассчитанный на телевизионную аудиторию в широком прокате кажется лишь скомканной версией сериала. Даже сама манера съемок у телевизионных режиссеров, и у кинорежиссеров, как правило, разная. Здесь же все наоборот, сериал снят по всем законам кино, а не ТВ, и он хоть не идеальный, но довольно органично смотрится в кинотеатре и этому поспособствовали несколько причин: во-первых, сериал состоит всего из 6 серий и, вероятно, вырезать лишнее было легче, чем из такого же проекта в 10 или 12 серий, во-вторых, к тому располагает сама форма фильма, к примеру, картина разбита на главы, некоторые из них повторяют название серий, другие же названы совсем иначе, более ярко. Например, в эпизоде, касающемся голодомора киноглава называется «Папа, я есть хочу!», есть эпизод озаглавленный как «Черная кошка». Сдержать эмоции мало кто сможет — на протяжении двух часов нам рассказывают не только о драматичной жизни писателя — с предательствами, постоянной слежкой и тюремными заключениями, но и о наших коллективных травмах: последствиях жесткой политики царской России и бездушности советской власти, в лице Голощекина устроившей нам массовый голодомор. Проект говорит о бесчисленных жертвах режима как среди обывателей, так и казахской интеллигенции, лучших представителей которой репрессировали в 1937 году. Таких фильмов сейчас намного больше, чем раньше, но далеко не каждый из них может в хорошей художественной форме донести главное — рассказать о жизни истинного казахского патриота, радеющего за независимость, сохранение языка, культуры и традиций. При этом это нескучный пересказ, а смотрибельное зрительское кино, тут найдется место и дуэлям, и шикарным балам, и свадьбе, и любви, и творчеству.''

«Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай:

Бұл біз үшін тәжірибе деуге болады. Себебі фильм түсіру корпорацияның міндетіне жатпайды. Өткен жылы «Мір­жақып. Оян, қазақ!» сериалын шығардық. Сұраныс өте көп болды. Түсірген тарихи сериалға бірде-бір сын болған жоқ. Мұны мақтанышпен айта аламыз. Біріншіден, ол – режиссер Мұрат Есжанның жұмысы. Екіншіден, біз осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемізді, бар күшімізді соған салдық. Сондықтан да керемет туынды шықты. Халықтың сұрайтыны, әсіресе жастарға керек фильм екенін түсінеміз. Сондықтан сол туындыны қайтадан монтаждадық, керек жерлерін қайта түсіртіп, өңдеп шығардық. Бүкіл қазақ көретін, санамыз үшін, қоғам үшін пайдалы фильм болды деп ойлаймын.

Фильмде пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Гүлнәр Дулатова — «Шындық шырағы»
  • Вирь Галиев — «Книга, разбудившая народ»
  • Тұрсын Жұртбай — «Ұраным — Алашым…»
  • Дүкенбай Досжан — «Абақты»
  • Мәмбет Қойгелді — «Алаш қозғалысы»

Қосымша қараңыз

  1. Режиссер Мұрат Есжанның сұхбаты (UlysMedia) (25.09.2023)
  2. «Оян, қазақ!» разбудил всех казахстанцев (exclusive.kz) (9.10.2023)
  3. Көрермен «Міржақып. Оян, қазақ» фильміне не үшін жаппай барып жатыр? Кинотанушы талдап берді

Дереккөздер

Tags:

Фильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ ТарихыФильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ МазмұныФильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ Шығармашылық топФильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ ПікірлерФильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ Фильмде пайдаланылған әдебиеттер тізіміФильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ Қосымша қараңызФильм, 2023 Міржақып. Оян, Қазақ ДереккөздерФильм, 2023 Міржақып. Оян, ҚазақQazaqstan (телеарна)Міржақып Дулатұлы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бейбарыс ЖамақұлыЕсімшеЖоңғар шапқыншылығыҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҒаламшарМахмұд ҚашқариБиомеханикаPythonҚоғамЖелтоқсан көтерілісіЗекетБалықтарШежіреБайланысАйша бибі кесенесіАутизмҚазақ әліпбиіҚытай тарихыІлияс Жансүгіров1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыЭпитетАрал теңізіТайқазанЕсім ханТәуекел ханТанымал қазақтардың тізіміАуыз уылуыЕтісЖыныс мүшелері ауруларыҚұралайдың салқыныДүниежүзілік сауда ұйымыКенелерЖеті атаАлтын ОрдаАдамаралық қарым-қатынасҚұрсақ тойОрынборЖатыр ауруларыТеміреткіБастауышҚоқан хандығыДепортацияШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚасқырҮстірт қорығыДешті-қыпшақ мемлекетіКарл ЛиннейӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)ГормондарМұхтар ШахановҚожа Ахмет ЯсауиТабиғатты қорғауЖанар АйжановаАсқорыту мүшелеріАминдерБатыс Түрік қағанатыГастритГазКөміртегіӘл-Фатиха сүресіДанияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановАрыстан баб кесенесіТұрақты сөз тіркесіАрғынФосфорӘлемнің жеті кереметіАбайдың қара сөздеріҚызылша (медицина)Қазақстан астанасы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҮндістанСөз тіркесіҚазақстан тарихыҚасым ханЕуропа одағыҚазақстандағы саяси партияларҚырғи қабақ соғысы🡆 More