Бейбарыс Жамақұлы

( 1223 – 1277ж).

Бейбарыс Жамақұлы – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – беріш. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі Әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады. Мұнда таққа жаңа отырған Мұзаффар Сайфуддин Құтұз сұлтан оны әскеріне басшы етіп, Сирия жеріне ішкерлей кірген моңғолдарға қарсы күреске аттанады. Айн-Жалут түбіндегі шайқаста мамлюк қолы моңғолдардың тас-талқанын шығарады. Осы соғыста Бейбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі. Бірақ Құтұз, неге екені белгісіз, басқаларға сый-сияпат жасап, Бейбарысты елеусіз қалдырады. Осыған өкпелеген Бейбарыс өзіне ниеттес адамдармен келісіп, Каирға қайтар жолда Құтұзды өлтіреді. Жақтастары Бейбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялайды. Сөйтіп ол әд-Мәлік әз-Заһир Руки-әд-Дүние вә-д-Дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихи деген есіммен Египеттің тағына отырады. Билік басына келісімен Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына қарсы шабуылға жұмсайды. Негізгі шабуыл 1265 жылы басталып, крест тағушы франктердің қамалдары бірінен кейін бірі алынады. Бұдан кейін Кіші армения патшалығына (1267 ж.) Кіші Азия селжұқтарына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады. Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады. Бейбарыс Хулагу әулетіне қарсы күресу мақсатымен Алтын Орда ханы Беркеге елші жібереді. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталады. Өйткені бұл байланыстың осыншалық ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуының негізінде египет елін билеген Бейбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман тілегі жатқан еді. Бұл, сайып келгенде, Мысыр елін «Қыпшақ Египеті» атандырған мамлюк-қыпшақтардың ортақ мүддесі болатын. Сондықтан олар Бейбарыстан кейін де, қашан мамлюк қыпшақ әулетінен күш кеткенше «Алтын Орда» атанған қыпшақ елінен, өздерінің ата мекенінен қол үзбеуге ұмтылады. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің атырауында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.

Бейбарыс Жамақұлы
Бейбарыс Жамақұлы

Дереккөздер


1. М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б.

2. ↑http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы.

Tags:

АрабБерішДамаскЕгипетЖайық өзеніКіші АзияМоңғолдарМың бір түнРоманСирияСұлтанТүркі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан демографиясыҚазан төңкерісіТұқым қуалайтын өзгергіштікКөмірсуларЖоңғар шапқыншылығыАсан қайғы СәбитұлыЖыныссыз көбеюОпера (музыка)Дінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАдам даму индексіМезозойҚорықАзияҚазақстандағы су тасқыны (2024)Қайта құру кезеңіБактерияларЖұмбақтасҚоршаған ортаМемлекетБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақтың ұлттық тағамдарыНұралы ханҚазыбек биТатулықКөзімнің қарасы...Қазақстан көлдеріЭкологиялық туризмТеатрТәуекел ханСаяси жүйеҚазақстандағы ұжымдастыруБіріккен Араб ӘмірліктеріЖасушаның бөлінуіҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыҚазақ мәдениетіӘбілхан ҚастеевМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваКиелі жануарларҚарахан мемлекетіМұнай өнеркәсібіҚазақ билеріСілтілік металдарСарматтарҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыНегіздерӘл-Фатиха сүресіКонсументтерКөне түркі жазбаларыЕртісЖануарларАрыстан баб кесенесіҚазақтардың зергерлік бұйымдары38-атқыштар дивизиясыЖоғары молекулалы қосылыстарСаяси мәдениетКанадаМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЖапырақТөлен ӘбдікСақтарБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевМұстафа ШоқайҮндістанАвтокөлік шығаратын елдер тізіміҚазақстанЖүрекЖүсіпбек АймауытовҚазақстан қалаларыҚазақстандағы көмірЖануарлар қалай үндейді (ойын)Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріБиомеханикаҚорықтарҚазақстан географиясыҚасым ханның қасқа жолыНесіпбек Тұрысбекұлы АйтТыныс алуҚұндылықПублицистикалық стиль🡆 More