Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым.
Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы | |
| |
Мүше елдер Бақылаушылар Диалог серіктестері | |
Мүшелік: | Үндістан |
---|---|
Тұрақты жұмыс істейтін органдардың орналасуы: | Хатшылық — Бейжің |
Ұйым түрі: | халықаралық ұйым |
Ресми тілдері: | қытай, орыс, |
Басшылары | |
Бас хатшы | Чжан Мин өкілеттілігі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап |
2024 жылы төраға елі | Қазақстан |
Құрылуы | |
Шанхай бестігінің құрылуы | 1996 жыл |
Ұйымның қазіргі құрылымы | 15 маусым 2001 жыл |
www.sectsco.org | |
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Ортаққорда |
2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды ұстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады. шекара Қараңыз: Мемлекеттік шекара.
ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.
ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.
2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған.
Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанның өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры – Қырғыз Республикасының өкілі М.У. Субанов.
Үндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның сауда-экономикалық саласындағы жұмысына барынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде. Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі шаралардың тізімін мақұлдады.
Қазақстан ШЫҰ мүшесі болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес» ретінде Хартияда көрсетілген осындай ынтымақтастықтың формасын пайдалануды қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы тиістігін негізге алады.
ШЫҰ мүше елдері | Диалог серіктестері | Бақылаушылар Байқаушы мәртебесіне өтінім берген елдер | ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиттеріне шақыру алған |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.