Жыныс Мүшелері Аурулары

ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ АУРУЛАРЫ, сыртқы, ішкі жыныс мүшелерінің зақымдануы, қабынуы, ісінуі, қатерлі не қатерсіз ісікке шалдығуы салдарынан болады.

Қысқаша мәлімет

Әйел Ж. м. а-ның ішіндегі ең жиі кездесетіні – жыныс мүшелерінің қабынуы (60 – 65%). Бұл ауру әйелдің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, бедеуліктің негізгі себептерінің бірі болып есептеледі. Ауруды қоздырушының сипатына қарай қабыну аурулары: өзіне тән емес (спецификалық емес) және өзіне тән (спецификалық) деп бөлінеді. Өзіне тән емес түрінің қоздырғыштарына: ішек таяқшалары, стрептококктар; ал екінші түріне: гонококктар, туберкулез микробактериялары, трихомонадтар, хламидиялар, кандидалар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар, т.б. жатады. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларына: вульвит (әйел жыныс мүшесінің сырт жағының қабынуы), бартолинит, кольпит (қынаптың қабынуы), жатыр мойнының эрозиясы, аднексит (жатыр қосалқы бөлігінің қабынуы), параметрит (жатыр үлпершігінің қабынуы), периметрит (іш пердесінің жатырлық бөлігінің қабынуы), перитонит (іш пердесінің қабынуы), эндометрит (жатырдың шырышты қабығының қабынуы) жатады. Әйелдер түрлі ісік ауруларына 40 жастан асқанда шалдығуы мүмкін. Аналық бездерінің ісіктері қатерсіз және қатерлі ісік болып ажыратылады. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: фолликулярлық киста, эпителиалдық киста, сары дененің кистасы, т.б. Ал қатерлі ісіктің ішінде ең жиі кездесетіні – саркома (қ. Қатерлі ісік). Ер адамдардың Ж. м. а-на жыныс мүшелерінің қабынуы: орхит (ен қабынуы), эпидидимит (ен қосалқысының қабынуы), фуникулит (шәуҺет бауының қабынуы), простатит, уретрит, крипторхизм (ұмада аталық бездің болмауы), баланит, т.б. жатады. Сондай-ақ, ер адамдар да қатерсіз ісік – гиперплазия (простата аденомасы), кондилома, полип, қатерлі ісік –семинома (аталық безде), простата қатерлі ісігі, т.б. ауруларына жиі шалдығады. Бұл ауруларға адамның жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, түрлі жұқпалы аурулар (тұмау, сүзек, сарып, т.б.) шалдықтырады. Ж. м. а. (соз, мерез, т.б.) жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Осы аурулардың салдары – әйелдер мен ерлерді бедеулікке алып келеді. Ж. м. а-ның түрлеріне қарай антибиотиктермен, рентген, радий сәулелерімен емдейді, ал ісік түрлеріне қарай хирургиялық операциялар жасалады.

Сілтемелер

Дереккөздер


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БуддизмТемірТөлеген ТоқтаровСөз табыМузыкаОңтүстік ҚазақстанОксидтерНайзағайҚазан төңкерісіГемоглобинГалогендерТерминАдам қаңқасыТемекі шегуЖау тылындағы балаРим империясыШешендік өнерҚаратпа сөзҚазыбек биАзияХромосомаларЖеңіл атлетикаӨздігінен тозаңдануҚазақ хандығыКубизмТитанСелекционерТопырақЖұқпалы ауруларМысықОралхан БөкейАғзалар арасындағы байланыс түрлеріБатыс Түрік қағанатыҚорықтарЕкінші дүниежүзілік соғысМағжан Бекенұлы ЖұмабаевТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровРенессансҚорқыт атаТіршілік үшін күресҚажығали МұханбетқалиұлыҚазақ театрыАлгоритмҚышқылЛинолеумЖай сөйлем және оның түрлеріҚалқанша безАмерика–Жапон шарттарыҒарышкерАстрономияМитозИталияДостықДүниежүзілік сауда ұйымыҚиялАвангардизмКорея РеспубликасыОрганикалық қосылыстарБауыржан МомышұлыАлаш партиясыАлғашқы көмекҚазақстандағы экологиялық проблемаларЖылқыҒаламдық экологиялық проблемаларҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҰлы Жібек жолыӘлемнің жеті кереметіҰлықбекФерромагнетиктерМіржақып ДулатұлыЭкстремизмСалқам Жәңгір ханГаметаБіржан ҚожағұлұлыТыныс алу1921-1922 жылдардағы ашаршылықҮйсін мемлекетіБастауыш🡆 More