Жау Тылындағы Бала: Партизан–жазушы Қасым Қайсаұлы хикаяты

Жау тылындағы бала — Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазған повесі.

Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.

Жау Тылындағы Бала: Қысқаша мазмұны, Шығарма кейіпкерлері, Шығармадағы жер-су атаулары
Кітаптың мұқабасы

Қысқаша мазмұны

Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде, Украина жерінде ,жау тылында, партизандар қатарында болған он жасар қазақ баласының басынан кешкен қилы-қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы Серікатаcының қолында ауылда оқып, жазғы демалысында қаладағы әкесіне қонаққа келеді. Көп ұзамай майор Мергенбаевке шекарадан фашист армиясы өтіп кеткеніне,полкте соғыс дабылы соғылғандығы хабары келеді. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен қайта ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон өртенді. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.

Шығарма кейіпкерлері

  • Серік – жас партизан, патриот, тапқыр ,қырағыл, батыл, қайсар, жасы онда, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі не артиллерист болғысы келеді.
  • Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы.
  • Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас. Серіктің жан досы.
  • Константин Иванович Спижевский –командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Ақылды, ұстамды, сабырлы. Партизан соғысын әбден меңгерген адам. Туған ауылы Григорьевка селосы. Петреяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды, ірі партизан отрядының бір батальонын басқарады.
  • Иващенко Коля – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған, досы.
  • Жомарт Мергенбаев - Серіктің әкесі
  • Мария - Николай Абраменконың әйелі. Виктордың анасы. Бауырлары: Гаман Иван, Гаман Галя, Гаман Михайл.

Шығармадағы жер-су атаулары

  • Украина жері – сұрапыл соғыс кезіндегі Украина суреттеледі.
  • Винница облысы, Сомогородок ауданы, Зазулин селосы – шығарма кейіпкерінің бірі Анна Ивановнаның туған жері
  • Киев, Мироновск, Канев, РжищевУкраина қалалары.
  • Македон селосы, Пи селосы - жандармдар кішкентай Гаман Михаилді тұтқындады.
  • Көк орман - Пи селосынан 4-5 шақырым шағын ну тоғай. Гаман Михаил осы жерде өлтірілді.
  • Хоцкий орманы, Панитов орманы - партизандар болған жерлер.
  • Переяслав ауданы, Шобитки, Пологи-Вергуны, Григоровка, Лукавец, Зарубенцы, Шобитки - партизандар азат еткен селолар.
  • Мироновка селосы - партизандарды осы жерде түрмеге қамайды.
  • Луковец селосы - Днепр жағалауындағы село.

Дереккөздер

Сілтеме


Tags:

Жау Тылындағы Бала Қысқаша мазмұныЖау Тылындағы Бала Шығарма кейіпкерлеріЖау Тылындағы Бала Шығармадағы жер-су атауларыЖау Тылындағы Бала ДереккөздерЖау Тылындағы Бала СілтемеЖау Тылындағы БалаҚасым Қайсенов

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Біріккен Ұлттар ҰйымыЖуніс СахиевЭлектрокардиографияВаршава келісімі ұйымыМайларДыбысОтырар апатыҚуыршақ театрыЭлектромагниттік индукцияҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріТрансформаторФутуризмЖәңгір-Керей хан1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріДүние жүзінің саяси картасыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі314-атқыштар дивизиясыҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыБейбітшілікТеңеуҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыАмерика Құрама ШтаттарыАстрономияМорфология (лингвистика)Әлемнің жеті кереметіДНҚНафтаСын есімнің шырайларыМейозТыныс белгілеріДәулеткерей ШығайұлыАнтропогендік факторҚазақ батырлар тізіміӘжеҚаратпа сөзРақымжан ҚошқарбаевҚола дәуіріШайтанкөлҚұстарАқпарат технологиясыРайымбек батырАнтигитлерлік коалицияЭкологиялық апатЕкінші дүниежүзілік соғысАнемияАллитерацияМеталлургияМутацияБарбаросса жоспарыҚоршаған ортаДемократияІлияс ЕсенберлинСөз тіркесіТабиғи газҚызылша (медицина)КонституцияҚазақстан музейлеріФерменттерҚазақтың ұлттық ою-өрнегіТел өскен ұлЧарлз ДарвинҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қазақстан өсімдіктеріVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріСарқылмайтын ресурстарПродуценттерӨңдеуші өнеркәсіпТерминКешенді қосылыстарЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ХолециститҚазақстанның экологиялық проблемаларыСөйлемҮш Жүз партиясыБасты бетӘбілқайыр хан (Кіші жүз)РимЖұлынӨздігінен тозаңдану🡆 More