Холецистит (cholecystіtіs; грек.
chole — өт, kystіs — қап және іtіs — қабыну) — өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.
Ауру басталуы келесі синдромдармен беріледі:
Қобалжу, диета бұзылуы, тоңазумен, майлы тағам ішу, көп тамақтану. Өттас ауруында, селкілдететін жолда көлікпен жүру, секіру, ауыр зат көтеру кезінде пайда болуы мүмкін.
Ауыру сезімі иррадиациясы оң жақ иыққа, иық үстіне(Березнегевский-Элекер симптомы),жауырын астына, арқаның оң жақ жартысына, мойынға, желкеге, төс сүйегінің ішкі бетіне, жүректің орналасқан аймағына тарайды. Мұндай иррадиация болу себебі өт қабы мен өт жолдарының нервтері диафрагма нервісімен және мойын өрімінің нервісімен байланысты болуда.
Төс – бұғана – шықшыт бұлшықеттерін саусақпен басқан кезде ауырсыну болады(Мюсси симптомы) немесе өт қабының тұсы ауырады (Георгиевский симптомы).
С. П. Боткиннің айтуы бойынша холециститтің «стенокардиялық» түрінде иррадиация жүрек аймағына, төстің артқы жағына берілуі мүмкін.
Жіті холецистит- кең тараған хирургиялық аурулардың бірі, жиілігі бойынша аппендициттен кейінгі екінші орында. Жіті холецистит мәселесі соңғы отыз жыл бойы өзекті болып отыр, оның себебі аурудың кең таралуы, әрі шешімін әлі де болса таппаған сұрақтардың болуында.
Кей жағдайларда ауру созылмалы түріне айналуы мүмкін, бұл көбінесе іріңдік немесе флегмоноздық, катаралдық холецистит кезінде көрініс табады. Аурудың қолайсыз ағымында жедел кезең созылып, асқынулардың дамуы мүмкін: өтқуықтың перфорациясының нәтижесінде перитониттің дамуы, инфекцияның ішкі ағзаларға жайылып, өттік жыланкөздердің түзілуі, жоғарылаған холангит, бауыр абсцесстері және т.б.
Кенеттен дамыған шаншу тәрізді немесе оң жақ құрсақүсті аймағындағы ұзақ уақыт ауырып, ауру сезімі біртіндеп күшейген ауырсыну. Ауырсынулар оң жақ қабырғалық доғаның астында, іштің жоғарғы оң жақтық квадратында орналасады. Патологиялық үрдіс дамыған сайын ауру сезімі шыдатпайды, лоқсу және бір реттік құсу, дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуі.
Бауырлық шаншулар, ауырсынулар диетаны бұзғанда- майлы шошқа етін, майонез, қуырылған тағамдар, суық сусындар ішкенде, кейде ауырсыну синдромы күшейе бастайды.
Диета, инфекция ошақтарын жою, салауатты өмір салты, науқас тағамды 5-6рет кішкентай мөлшерде қабылдайды, операция жасалынады.
Оң жақ қабырға астының және эпигастри аймағында ауырсынудың болуы бел аймағына, оң жақ жауырын астына иыққа, мойын аймағына дейін ауырсыну беріледі. Жеңілдік әкелмейтін құсу, лоқсу жиі болады. Субфебрильді дене қызуы, Тахикардия 100 с минутына дейін. Пальпацияда оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну сезіледі ерекше өт қабының проекциясында Ортнер-Греков, Мерфи, Мюсси-Георгиевскии симптомдары оң болады Кей кезде ұлғайған өт қабын байқауымызға болады. ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 10-14*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады
Клиникалық көрінісі өте айқын, ауырсынуы жөтелген кезде, демалғанда, қозғалғанда байқауымызға болады. Фебрильді дене қызуы, тахикардия 110-120 с мин. Щеткин –Блюмберг симптомы іштің жоғарғы оң жақ бөлігінде оң болады ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 20-22*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады Макроскопиялық: өт қабы ұлғайған, қабырғалары жуандаған, бозғылт көктес түсті ішінде іріңді эксудат.
Флегмонозды түрінің асқынуы. Айқын интоксикация, жергілікті немесе жайылған іріңді перитонит көрінісін байқаймыз(өт қабының перфорациясында) Науқастың жағдайы ауыр.
Холециститтің жедел түрінде диета сақтап, артық салмақ қоспауға тырысу керек, дене шынықтырумен шұғылданған жөн; ал аурудың созылмалы түріне операция жасалынады. Арнайы санаторийлерде холециститке себеп болған аурулар емделеді.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Холецистит, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.