Сан Есім

Морфология

Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді.

Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.

Морфологиялық сипаттары

Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер

Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Дара сандар

Дара есім бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сандар

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады, яғни күрделі сан есім кемінде 2 сөзден тұрады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Синтаксистік қызметі

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары

Сан есімдер мағынасына қарай төмендегідей 6 түрге бөлінеді:

  • Есептік сан есім;
  • Реттік сан есім;
  • Болжалдық сан есім;
  • Жинақтық сан есім;
  • Топтық сан есім;
  • Бөлшектік сан есім;

Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін нақты білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді. Сұрағы: қанша? неше?

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Cұрағы:нешенші? Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)

Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).

Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау /-еу жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Сұрағы: нешеу? Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)

Топтық сан есімдер

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Cұрағы: нешеден? Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)

Болжалдық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер.Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).

Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Сұрағы: қанша? неше?Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.

Сан Есім

Морфология

  • А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.

Дереккөздер


Tags:

Сан Есім Морфологиялық сипаттарыСан Есім Синтаксистік қызметіСан Есім Сан есімнің семантика-морфологиялық топтарыСан Есім ӘдебиетСан ЕсімМорфология (лингвистика)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЗиготаБайқоңыр (ғарыш айлағы)Барбаросса жоспарыХалықаралық жер күніСаяси мәдениетҚуық түбі безінің қабынуыАнықтауышҚазақстан аудандарыӘлемдегі ең танымал кітапханаларЖасушаның бөлінуіЖарықтың шағылуыТөлеген ТоқтаровТеңіз жануарларыЭмбрионБерік Бөшенұлы АйтжановЛаңкестік әрекетСәулетТопырақЖүсіпбек АймауытовОрда қазақ театрыИслам күнтізбесіТабиғатты қорғауТұсаукесерШиенің түрлеріҚоршаған ортаның ластануыЕуразиялық Экономикалық ОдақҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыМіржақып ДулатұлыҚышқылЖ. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрыЯдроҚұнанбай ӨскенбайұлыСинтаксисҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыСырым ДатұлыҚыстырма сөзЖапырақАдамның зәр шығару жүйесіVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріӘл-Бақара сүресіЕтеккірПедагогикаРахат кондитер фабрикасыСолтүстік ҚазақстанТасаттықМағжан Бекенұлы ЖұмабаевКСРО ыдырауыСүре1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысЕділ қағанБалқашКөміртегіҚазақстанның экономикалық аудандарыЖетіқарақшыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріМұхтар ШахановЭлектромагниттік толқындарБұлшықет талшығыЕгіншілікЖамбыл ЖабайұлыСәбізТолықтауышАйнұр ТұрсынбаеваҚойТүйе малының атауларыОксидтерҰлы Отан соғысыӨнерМахаббат, қызық мол жылдарТемірқазықӘміре ҚашаубаевЧарлз ДарвинКіші жүзАқтауАстанаНаурыз мейрамыҚимақ қағанатыАралас құрмалас сөйлем🡆 More