Есік Алтын Адамы

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.

Есік Алтын Адамы Басқа мағыналар үшін Алтын адам деген бетті қараңыз.

Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Есік Алтын Адамы
Қазақстан Орталық мұражайы

Қабырдың сипаттамасы

Толық мақаласы: Есік обасы

Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды.

Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған.

Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған.

Алтын адамның сипаттамасы

Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

Қазақстан символы

Есік қорғанының қазыналары, оның ішінде дәл көшірмесі Алматыда орналасқан Қазақ археология мұражайында, қазір Астанадағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайында қойылған.

Қанатты барыстағы «Алтын адам» Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің біріне айналды. Сақ жауынгерінің көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында орнатылған, олардың бірі Алматының бас алаңындағы Тәуелсіздік монументінің тәжін таққан.

Жалпы, Қазақстан аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде «алтын адам» деп аталатын бес қорым табылды: екінші «алтын адам» Аралтөбе қорғанынан, үшіншісі Шілік қорғанындағы Бәйгетөбеде табылған, төртіншісі Астана маңынан табылды және бесінші «алтын адам» Қарқаралы өңіріндегі Талды қорымнан табылды.

Галерея

Есік Алтын Адамы 
Есік Алтын Адамы 
Есік Алтын Адамы 
Есік Алтын адамы 1000 теңгелік алтын тиындағы Алтын адамның бейнесі Пошта маркасы

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Есік Алтын Адамы Қабырдың сипаттамасыЕсік Алтын Адамы Алтын адамның сипаттамасыЕсік Алтын Адамы Қазақстан символыЕсік Алтын Адамы ГалереяЕсік Алтын Адамы Тағы қараңызЕсік Алтын Адамы ДереккөздерЕсік Алтын Адамы19691970Алматы облысыЕсікЗиратКемел АқышевКөсемСақтарТемір дәуірі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ғарышкерлер күніНаурызым қорығыЖалайырТаң намазыӘбдімомын ЖелдібаевБаланы ұшықтауТың игеруМиграцияТуыстық атауларыЭритроциттерҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемБатыр Баян (поэма)ӨнерСалқам Жәңгір ханШоқан Шыңғысұлы УәлихановМагмалық тау жыныстарыБұлттарҚазақстандағы дінҚазақстан азамат соғысы жылдарындаСептеулік шылауларАй (серік)Жер құрылымыЖануарларТыныс белгілеріАтырауЕкпінЖеті жарғыБронх демікпесіЕліктеу сөзАдам ағзасындағы химиялық элементтерАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріЖелтоқсан көтерілісіӘл-Кәусәр сүресіҚынап (мүше)Ас қорыту жолдарынан қан кетуТиграхауда сақтарыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріНамаз уақытыҚоғамАуаДүниежүзілік сауда ұйымыЖіктік жалғауКелінжанНақыл сөздерЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)МұнайТүйе малының атауларыКиіз үйКемпірқосақҚазақ хандығының құрылуыҚазақ хандарыМысБастауышЖүрекЖыныссыз көбеюЖәңгір-Керей ханҚазақстандағы көмірҚояндарАлаш қозғалысыДулатАбайдың қара сөздеріМаңғыстау облысыСолтүстік КореяҰшқан ұяТабиғатты қорғауАлтын Орда тарихыДінХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыӨзін-өзі өлтіруШарын шатқалыСұлтанмахмұт ТорайғыровБірінші дүниежүзілік соғысЖелшешекМейозКеңес үкіметіОрталық ҚазақстанЖаһандануМұғалжар тауы🡆 More