Темірхан Медетбек

Темірхан Медетбек (06.03.1945, Амангелді ауылы, Түркістан қаласы, Түркістан облысы) — ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері.

Темірхан Медетбек
Туған күні

6 наурыз 1945 (1945-03-06) (79 жас)

Туған жері

Амангелді ауылы, Түркістан қаласы, Түркістан облысы

Азаматтығы

Темірхан Медетбек Қазақстан

Ұлты

қазақ

Мансабы

ақын

Сыйлықтары

Мемлекеттік сыйлық

Өмірбаяны

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы.

Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).

Дереккөздер

Tags:

1945АқынТүркістан облысыТүркістан қаласы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖелшешекАбай Құнанбайұлының шығармаларыАлкандарЖайылма сөйлемЖанқожа НұрмұхамедұлыАуыл шаруашылығыМагнит өрісіКөптік жалғауШылауЭлектр тогыҒылымЖарапазанҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚазақстандағы туризмӘбу Насыр Әл-ФарабиБеларусьАлаш қозғалысыҚыпшақтарТұрақты сөз тіркесіҚазақстан өзендеріЕркіндікЕртісГемоглобинТобылТопонимикаҚазақтың ұлттық тағамдарыҚояншықАнтонимЖау тылындағы балаСаяси билікЭфир майларыЗар Заман ақындарыШыңғыс ханБұрындық ханҚұрманғазы СағырбайұлыҚазақстанның Қызыл кітабыАхмет БайтұрсынұлыТұқым қуалайтын өзгергіштікБүйрекүсті безіОлимпиада ойындарыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыҚыпшақ хандығыҚазан төңкерісіБилікШала түрленіп дамитындарТерминӘлімұлыҚаңқаМәтінСөйлем мүшелеріОйық жара ауруыОттегіГастритМіржақып Дулатұлы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыДидактикаЭкстремизмЕуропа одағыОғыз мемлекетіМитозҚазақстанның сыртқы саясатыАңырақай шайқасыМұхтар Омарханұлы ӘуезовБесеудің хатыТозаңдануТұқым қуалаушылықСауд АрабиясыБактерияларСауалнамаЖатыр мойны эрозиясыАқтабан шұбырындыГаметогенезҚазақстанның пайдалы қазбалары1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚорықтарБаскетболТынық мұхитҮндістан🡆 More