Электр Тогы

Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.

Зарядталған бөлшектер: өткізгіштердеэлектрондар, электролиттердеиондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.

Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.

Сипаттамалар

Электр тогының бағыты шартты түрде өткізгіштердегі оң заряд тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады, бірақ өткізгіштердегі заряд тасушылардың заряды теріс (мысалы, металда электрон) болғандықтан ток бағыты электрондардың бағытына қарсы келеді. Электр тогы өткізгіш бойымен спиральді қозғалады.

Токтың тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.

  • Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейді. Тұрақты ток көздері: аккумуляторлар, батареялар. Электрондар - тан + ағылады.
Электр Тогы 
2-сурет. Айнымалы ток тербелісі
Электр Тогы 
3-сурет. Периодты i(t) айнымалы токтың графигі
  • Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т. б.) кеңінен қолданылады.

Ток күші (және кернеу) өзгерісі (тербеліс) қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (3-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Уақыт бірлігінде жасалған периодтар саны жиілік деп аталады.

Айнымалы ток жоғарғы жиілікте өткізгіш сыртына ығыстырылады, бұл скин-эффект құбылысы деп аталады.

Электр тогы физикалық табиғатына қарай өткізгіштік электр тогы (электр өрісінің әсерінен өткізгіште не шала өткізгіште пайда болатын ток тасушылардың реттелген қозғалысы), конвекциялық электр тогы (электрлік өткізгіштігі болмайтын ортадағы не вакуумдағы зарядталған бөлшектер мен денелердің қозғалысы), поляризациялық электр тогы (диэлектриктегі поляризациялық өзгеруі нәтижесінде ондағы байланысқан зарядталған бөлшектердің қозғалысы) болып бөлінеді. Электр тогының өлшеуішіне ток күші және ток тығыздығы алынады. Электр тогы магнит өрісінің көзі болып есептеледі. Магнит өрісін қарастырған жағдайда электр тогы: макроскопиялық ток (өткізгіштік және конвекциялық электр тогы), молекулалық ток (ортаны құрайтын атом, молекула және иондардағы электрондардың қозғалысына сәйкес келетін микротоктар; ығысу тогы) болып ажыратылады.

Tags:

ЗарядЭлектр қозғаушы күш

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлпан (роман)Эндокриндік жүйеВолейболҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыӘмір ТемірҰлы Жібек жолыҚұстарҚазақстандағы саяси партияларНарықтық экономикаКиіз үйДәрілік өсімдіктерҚазан төңкерісіҚоршаған ортаЕділ қағанМерезЯдроСуАллитерацияҚазақстанӨмірзая (роман)ЖанрСалауатты өмір салтыСын есімнің шырайларыАнтигитлерлік коалицияБесін намазыДін философиясыҚарағанды облысыШөгінді тау жыныстарыОңтүстік ҚазақстанҚазақстан Республикасының КонституциясыСарматтарТабиғи газӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚоректік тізбекТыныс алу жүйесіЭлектр энергетикасыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміСан есімЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріМәдени өсімдіктерСұрыптауКөзімнің қарасы...Халықаралық валюта қорыАлаш автономиясыМұнайҚазақстандағы жануарлар әлеміПайдалы қазбаларҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚажығали МұханбетқалиұлыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларДепортацияҰлыбританияАминқышқылдарБейбітшілік және келісім сарайыҒұндарАрал теңізіШолпан (ғаламшар)ПлагиатАнтропогендік факторМенің атым Қожа (повесть)Ленинград шайқасыТегеран конференциясыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБүйрекҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларТырнақшаОдағайАйша бибі кесенесіЛуврМұхаммедКөмірБарбаросса жоспарыБатыс ҚазақстанФразеологизмМитохондрияБесеудің хатыПысықтауышҚазақстанның экологиялық проблемалары🡆 More