Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар.
Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазбалар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді. Пайдаланылуына байланысты олар мынадай топтарға белінеді:
жанғыш — көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар;
құрылыстық — гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар;
химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит, графит тағы басқалар;
отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар;
Орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар болып бөлінеді.Жердің минералды ресурстарын, яғни шикізат пен энергия қорларын пайдалану, адамзат өркениетінің барлық сатыларында дамуының негізі.
Табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін деп екіге бөлінеді:
Көптеген қосылыстар мен материалдардың өндірісі үшін негізгі шикізаттардан басқа, соңғы өнімнің құрамына кірмейтін, бірақ өндірістік процеске белсенді қатысатын қосымша заттар: отын, су, атмосфералық ауа, өршіткілер, еріткіштер, балқымалар, тұрақтандырғыштар, тежегіштер және т.б. қажет. Оларды қолданғаннан кейін де іске жаратуға болады.
Химиктер үшін кендер және бос жыныс ұғымдарының маңызы ерекше. Кен орындарындағы пайдалы қазбалардың құрамында бағалы минералдар мен бос жыныстар болады. Бірақ кейде бір минералдың өзі (минералдық қосылыс) пайдалы компонент немесе бос жыныс болуы мүмкін. Мысалы, флюорит, оптикалық өнеркәсіптің шикізаты үшін пайдалы, ал түсті металдар кендерінде – бос жыныс минералы болып табылады.
Кен және бос жыныста бөгде заттар мен серіктес элементтер болады. Оларды пайдалы және зиянды деп екіге бөледі. Пайдалы бөгде заттар бағалы компоненттермен бірге концентраттарға өтіп, олардың құнын көтереді.
Қайта өндіру процесінде қолданылмаған, сол қалпында сұранысқа түспейтін шикізатты қалдықтар деп атайды. Олар көбінесе, екіншілік ресурстарды түзеді. Өңдеуге және өндірісте қолдануға қажетті жағдайға жарамды жинақталған екіншілік ресурстарды – техногендік кен орындары деп атайды. Шикізатты максималды қолдануға және қалдықтарын өндірістің қосымша өнімдері мақсатында іске жаратуға бағытталған шикізаты өңдеу технологиясын қалдықсыз технология деп атайды. Шикізатты және оның компонеттерін өңдеу кезіндегі шығын технологиялық тәртіп пен өндіріс мәдениеті көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Халық шаруашылығында қолданылатын табиғи минералды заттар пайдалы қазбалар деп аталады, ал олардың жер қыртысында немесе жер бетінде жинақталуы – кен орындары деп аталады. Пайдалы қазбалар физикалық құрылымына қарай бірнеше типке бөлінеді:
Оларды қолдану саласы бойынша 5 топқа бөледі:
Кен орнының өнеркәсіптік құны минералдың өңделу күрделілігіне және бөгде заттардың сипатына тәуелді. Геологиялық және географиялық жағдайларға байланысты анықталатын кен орындарының қолайлы орналасуының үлкен мағызы бар. Кен орнының маңызды сипаттамаларының бірі «шөгу тереңдігі» болып табылады. Беттік және онша терең емес кен орындары салыстырмалы түрде арзан ашық карьерлі жолмен өңделеді. Тереңде орналасқан кен орындарын игеру үшін қымбат шахта қондырғылары қажет. Кен орнының экономикалық құндылығы климат жағдайына, жол торабының болуына және тұтынушыдан қашықтығына байланысты. Өнеркәсіптік өнімдердің өндірісіне қолданылатын табиғи материалдар «шикізат» деп аталады. Әр түрлі кен орындарындағы шикізаттардың табиғи сапасы бірдей емес, сондықтан бөлінетін пайдалы компоненттердің бағасы да әр түрлі. Көптеген өндірістерде шикізат ретінде басқа өндірістердің қалдықарын немесе өнімдерін қолданады.
Жасалыну эволюциясына байланысты барлық пайдалы қазба магмалық, жауындық және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар. Бір мекенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық болып есептелінеді. Бұл руданың магмадан және одан бөлінетін ыстық су қоспасынан қалыптасатынын білдіреді. Магма Жер қыртысына дейін көтеріліп, қатты күйге өзгеріп отырады. Магманың қозғалысқа енуі, яғни жер бетіне көтерілуі тектоникалық қозғалыстың әсерінен болады. Нақтырақ айтар болсақ, Жер қыртысының әр қабатынан біркелкі көтеріле, Жер бетіне жақындайды.
Пайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып Жер бетіне шығарады. Одан бөлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген. Айта кетсек, пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Олардың бірі геотехнологиялық әдіс деп аталады. Аталған әдіс көбіне руданы өндіруде қолданылады.
Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады.
Ол үшін:
Осы жолдармен, пайдалы қазбалардың өндірілу көлемін алдағы уақытта артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы қазбалардың өндірілуі Жердің тартылу күшіне де өз әсерін бермей қоймайды. Айта кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда орын тепкен. Демек, көп өтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің салмағы өзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы өзгетерін болса, гравитацияның ауытқып кетуі де ықтимал.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Пайдалы қазбалар, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.