Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар

Қызыл кітап — халықаралық құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.

Қазақстанның "Қызыл кітабына" тіркелген, жойылып кету қаупі бар I санатты жануарлар

Сырдария тасбекіресі

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Сырдария тасбекіресі

Құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда өте сирек болатын, ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980 жылдан ол туралы хабар нақтылы деректермен бекімеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы 27 см. Қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, қолдан өсіруді жолға қою керек.





Арал бекіресі (Пілмай)

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Арал бекіресі

Арал су алқабының ерекше өзгертуіне байланысты популяция жойылып кетуге жақын. Табиғи таралған жерлері Арал теңізі мен оған құятын өзендер. Ересектерінің ұзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Жайық-Каспий мен Іле-Балқаш есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген, бірақ оның әдістері, негізінен, басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды. Өзбекстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1983). Су қоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.




Арал албырты

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Арал албырты

Аралдың таралу аймағының шығысында кездесетін түрі, қазір жойылып біткен де шығар. 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ. Бұрын Арал теңізінде бірен-саран ауланатын, Әмударияда да кездесетін, осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін. Ұзындығы 100 см. Қолдан өсірілмеген, бұл түрдің қалпына қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін, бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.



Шортан тәрізді ақмарқа

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Шортан тәрізді ақмарқа

Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері, каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөлітерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг. Саны барлық жерде өте аз. Соңғы жылдары таралу аймағы, ісіресе Қазақстанда тарылды. Өзендердегі су құрылыстарының және суару жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қаупі бар. Соңғы 40 жылда кездеспеген. Оны республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып, сондай-ақ сауару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек.




Шу сүйрік қанаты

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Шу сүйрік қанаты

Тек Арал су алқабында тіршілік етеді. Аз зерттелген. Сирек кездесетін балық. Денесінің Ұзындығы 16 см. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.




Жетісу бақатісі

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Жетісу бақатісі

Жоңғар Алатауының батыс бөлігіндегі тау өзендерінің бастауы мен бұлақтарда көп кездеседі. Әр 100 м жылға жағасынан 20-25 бақатісті кездестіруге болады екен. Дегенмен, бір кезеңдерде бақатістің емдік қасиетіне байланысты халық медицинасында көптеп пайдаланылуы, осы мақсат үшін ауланып, сатылуы, ал кейін таулы жерлерде елді мекендердің көбеюі бұл жәндік санының азайып, құрып кету қаупін туғызды. Қазір құйрықты қосмекенділер тритонның бір түріне жататын Жетісі бақатісі Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабына" тіркелген; оларды қорғау жөнінде басқа арнайы іс -шаралар жүргізілмеген. Жетісу бақатісін жойылып кетуден сақтау үшін ең алдымен, оны көптеп аулауға тыйым салынуы және олар ең көп мекендейтін аймақта шағын қорықша болуы керек.



Қызғылт бірқазан

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Қызғылт бірқазан

Аз санды,шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның жеке ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері - заңсыз аулаушылық,өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық ұйымдастырып, құстың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бұл бірқазандар мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарға тыйым салу, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек.




Мәрмәр шүрегей

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Мәрмәр шүрегей

Жоғалып кету қаупі бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған. Түркияда 70 - жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек.



Балықшы тұйғын

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Балықшы тұйғын

Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл, Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60 - 70-ке дейін кеміді. Жойылуына негзгі себептер - орманды кесі, балық қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет.




Ителгі

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Ителгі

Қазақстанда Бұл түрдің кейінгі 3 - 4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупі бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сату үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағылы, Наурызым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.




Бидайық

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Бидайық

Жойылып кету қаупі бар өте сирек түр. Африка, Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын аймақтарын мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 - 5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғау керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет.




Лашын

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Лашын

Жойылып кету қаупі бар түр. Лашын Жер шарында кең таралғанмен, Қазақстанда анық екі - ақ жерде ұясын тапқан - біреуі Наурызым қорығында, екіншісі - Оңтүстік Алтайда табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкім де көрген емес. Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен, бізде қыстайтындарының саны азаюда; мысалы, Алматыда 1883 - 1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберуді ұйымдастыру керек.





Ақ тырна

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Ақ тырна

Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Солтүстік Азияда, Ресейдің солтүстігінде ұялайды. Қазақстанда наурыз - мамыр және қыркүйек - қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжын қорытарында ғана қорғалады.




Дуадақ

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Дуадақ

Жойылып кету қаупі бар түр. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы дала мен тау бөктеріне кең тараған. 50-жылдары тың жерлдерді игерудің нәтижесінде көп жерлерде жойыла бастады. Саны он шақты есе азайды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18-ден аспайды. Қазақстанның далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдастыру қажет.




Тарғақ

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Тарғақ

Жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстан мен Ресейде таралған. Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздың солтүстігіндегі даланы түгел қамтиды. Қазіргі саны туралы нақтылы деректер жок, бірақ, барлық жерде оның саны бірте-бірте азайып келеді. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жағдай болатын. Санының азаюының негізгі себептері - жерді жырту, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.





Шитұмсық шалшықшы

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Шитұмсық шалшықшы

Өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес, себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әр түрлі аудандарында шашырып жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда Еділ - Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10 - ға дейін шалшықшы есепке алынады. Шектеу факторлары анықталмаған. Сақталған жерлерін іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан - жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек.


Реликті шағала

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Реликті шағала

Жойылып кету қаупі бар түр. Баржоғы 3 жерде - оңтүстік - шығыс Байкал маңында, Ордоста және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі, соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның колониялары орналасқан. Жалпы саны - 5 мыңдай шамасында деп жорамалданады. Қазақстанда әр кезде 20-дан 1200-ге дейін мойнақ шағала ұялайды. Колониялары орналасқан Алакөлде "Реликті шағала" атты қорықша ұйымдастырылған.


Еуропа қара күзені

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Еуропа қара күзені

Қазақстанда жойылған түр. Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Бірен-саран күзеннің Ресейден келуі мүмкін. Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймаларымен тығыз байланысты. Мекендейтін жайлы орындары - жағасында қалың шөп өскен өзектер мен өзендер, көлдер. Қола өсіп - өнеді. Түрді сақтап қалу үшін хайуанаттар паркі мен аң фермаларында өсіру қажет.



Балжегі (итаю)

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Балжегі(итаю)

Сирек кездеседі. Таралу аймағы - Қазақстанның солтүстігі. Үстіртте таралған; сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді, сол сияқты боялыш, қараған, түйесіңір өскен жерлерде де кездеседі. Қазақстанда бірен-саран жерлерде кездескені белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған. Кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.




Қабылан

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Қабылан

Өте сирек, Қазақстанда жойылып бара жатқан түр. Үстіртте таралған: ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен; шөлді тау бөктерлерін, тау жұрнақтары мен құз-жартастарды мекендейді. Таралу аймағының тарылып, санының кемуінің негізгі себептері - шаруашылықты дұрыс жүргізбеу, басты қоректік объектілердің санының азаюы және қаскерлік. Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.






Қарақал

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Қарақал

Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған; сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі септері - қатал әрі қары көп қыс және қаскерлік. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады.




===
Алтай арқары ===

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Алтай арқары

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтүстік Алмайда таралған, аласа, орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау жерлерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 60 бас шамасындай; санының азаюына негізгі себептері - қаскерлік және оның мекендейтін жерлерінде шектен тыс мал жаю. Қолда өсірілмейді.





Қызылқұм арқары

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Қызылқұм арқары

Қазақстанда жойылып кеткен; XVIII-XIX ғасырларда Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің сағаларының аралығында мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата қорығында қорғалады. Оларды Шымкент хайуанаттар паркінде өсіру, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанда оларды кейіннен табиғи ортаға қайта жіберу үшін қолда өсіруді ұйымдастыру қажет.




Қаратау арқары

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Қаратау арқары

Өте сирек, жойылуға жақын. Тек Сырдария Қаратауында ғана таралған, таудың жазықтау жоталарын мекендейді. Жалпы саны -100 бас; санының азаюының негізгі себептері - қаскерлік және ол мекендейтін жерлерде малды шектен тыс жою.







Жалман

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар 
Жалман

Тек Қазақстанда ғана: Арал сыртында, Бетпақдалада, Балқаш маңының солтүстігінде, шығысында, Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін, үй тышқанына ұқсас кішкентай ғана аң. Терісі қалың жаңа жүнді, жібекбесі жұмсақ, құлағы едәуір үлкен. Баялыш бұбаларының, ақ жусандардың ішінде жүреді. Жерде жайлап қана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұбаларда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақденелілерді аулап жейді. Жақсы көретін қорегі - шегіртке. Бүйі, қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды. Қорегін іңірде, кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды.

Жалманның биологиясы жөнді зерттелмеген.Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның "Қызыл кітаптарында" бұл аңды аулауға тыйым салаынғаны хабарланып, қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет деген ұсыныс жасалған.




Дереккөздер

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: Атамұра,2011. ISBN 978-601-282-245-8

Tags:

Қазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, жойылып кету қаупі бар I санатты жануарларҚазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты Жануарлар ДереккөздерҚазақстанның Қызыл Кітабына Тіркелген Бірінші Санатты ЖануарларҚызыл кітап

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шыңғыс ханӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Ілияс ЖансүгіровМысҚазақстандағы су тасқыны (2024)Иосиф Виссарионович СталинЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОЖүйке жүйесіСәбит Мұқанұлы МұқановҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Магниттік индукцияӘбу Райхан әл-БируниАлмазКүкірт қышқылыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚоғамАй (серік)КүрішЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміТас дәуіріБір жасушалыларҚазақ философиясыБәйтерек (монумент)Бауырымен жорғалаушыларЧернобыль апатыҚазақстандағы көмірЭтиленҚазақстандағы ұжымдастыруЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАнықтауышҚозы Көрпеш – Баян СұлуЛенинград шайқасыӘлеуметтік инфрақұрылымЖыныссыз көбеюАйдын Ақанұлы АйымбетовЭкономикалық интеграцияАИВ/ЖИТСРибонуклеин қышқылыГемоглобинТатарларТотығу-тотықсыздану реакцияларыҚазақстан 2050ОксидтерСолтүстік Қазақстан облысыСаясатМолотов-Риббентроп пактыЗәрдің түзілуі және шығарылуыАнемияҚан мен терМагниттік материалдарҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)МақалаМиҚаратпа сөзАллитерацияУнитарлы мемлекетЖүрек-қантамырлар жүйесіТабиғи сұрыптауЕсім ханЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріБұлшықет талшығыЕуразияШикізатТуризмІсікВегетативтік көбеюЛаңкестік әрекетСиырЖүктілікЭкологиялық проблемаАвторлық құқықАҚШ президенттерінің тізіміҚазақстанның экономикалық аудандарыТұқым қуалайтын ауруларРобототехникаБіріккен Ұлттар ҰйымыҚазақстан мемлекеттік рәміздеріСперматозоидҚырғызстан🡆 More