Бесеудің Хаты

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.

Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.

Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938), Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.

Дереккөздер


Tags:

ГолощекинСталинҚазақ

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Темекі шегуҚұлдықСақтарТемірхан МедетбекМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚарахан кесенесіАвтоматтандыруБабырҚытайКітапЕсім ханның ескі жолыЫңғайлас салалас сөйлемТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновБактерияларКүйДәрілік өсімдіктерҚазақстандағы жануарлар әлеміАқсу-Жабағылы қорығыҚазақ батырлар тізіміЖау тылындағы балаҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыАлматы облысыБаскетболТемекіМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміТүркияАдам даму индексі бойынша елдер тізіміӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Бауыр (орган)Жай сөйлемҚұбыр желісіҚазақтарИзомерияҚазақстан әкімшілік бірліктеріТыныс белгілеріХиуаз Қайырқызы ДоспановаҚайталауҚазақстандағы «қайта құру» саясатыАрыстан баб кесенесіАлматыАҚШ экономикасыҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыЕуразиялық Экономикалық ОдақЖыныс гормондарыҚазақстанның экономикалық аудандарыБронхитБұқаралық ақпарат құралдарыБатыс ЕуропаАққулар ұйықтағандаЖанрҚоршаған ортаның ластануыРақымжан ҚошқарбаевТүпті жуаҚарлұқ қағанатыНұралы ханКайнозойТанымал қазақтардың тізіміМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЖануарлар қалай үндейді (ойын)ТоталитаризмӨзбекстанТеріКенесары ханШымкентМұражайГеосаясатЛаңкестік әрекетТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевПалеозойЕтісБиомеханикаЭндокриңді бездерМұхаммедКүнбағысБұлшық етШикізатТыныс алуОдағай🡆 More