Бүйрекүсті Безі

Бүйрекүсті безі (лат.

Бүйрекүсті Безі

Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі.

Құрылысы

Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.

Бүйрекүсті без қыртысы

Бүйрекүсті без қыртысы (лат. cortex glandulae suprarenalis; лат. cortex — «қыртыс»; лат. glandula - «без»; лат. supra — «үсті»; лат. ren — «бүйрек») — қуыстық мезодерма спланхнотомынан дамып жетіліп, адам мен жануарлар организмдерінде кортикостероид гормондарын бөлетін бүйрекүсті безінің сыртқы жағындағы заты. Бүйрекүсті без қыртысы — интерренальды денеден қүралған. Ол шумақты, будалы және торлы аймақтарға бөлінеді. Аталған аймақтарды пішіні әртүрлі безді жасушалар бағандарын құрайтын эндокриноциттер (ішкі секреция безі жасушалары) түзеді. Бүйрекүсті без қыртысы бөлетін кортикостероид гормондары организмдегі су, түз, көмірсу, протеин, липид (май) алмасуларын, ал андрогендер — жыныстық жетілуді реттеуге қатысады.

Бүйрекүсті безі ми заты

Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин жəне ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.

Химиялық табиғаты

Адреналин мен ноадреналин таза күйінде де, синтездік жолмен де алынған. Көміртегінің таңбалы атомын (С14) пайдалану арқылы оның клеткада түзілу жолы анықталған. Бұл гормондардың алғы заты фенилаланин мен тирозин сияқты амин қышқылдары. Бұлар тотығу процесі жəне одан кейінгі декарбоксилдену нəтижесінде ноадреналин береді. Ноадреналиннің метилденуі нəтижесінде адреналин түзіледі.

Зат алмасуға əсері

Адреналин негізінен организмде көмірсулардың алмасуына жəне біршама ғана липидтердің алмасуына əсер етеді. Адреналиннен ноадреналиннің айырмасы - ол зат алмасуына айтарлықтай əсер ете алмайды. Фосфорилаза гликоген фдырауының алғашқы бастама реакциясын катализдейді, сөйтіп қан құрамында глюкоза деңгейін көбейтеді жəне бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуына себепші болады. Қан қүрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде жəне жүйке қозған кезде, кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналин секрециясы артады. Стресс жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен көбейеді де, ол зəрмен бірге бөлініп шыға бастайды.

Емге қолдану

Адреналин гидрохлорид жəне адреналин гидротартрат - кристалды ұнтақтар түрінде шығарылады. Бронхиалды астма, аллергиялық реакцияларда, гипергликемиялық комада анықталады. Адреналин тері астына, бұлшық етке енгізіледі, ішуге болмайды, ішекте ыдырап кетеді.

Ноадреналин гидротартрат ауыр операциядан кейін, қатты жаралы болғанда артериялық қан қысымын көтеру үшін қолданады.

Дереккөз


Қызметі

  1. Бездердің қыртысты қабатынан түзілген гармондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді.;
  2. Тұз және су алмасуды қаматамассыз етеді.
  3. Қан мен басқа ұлпаларға натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді;
  4. Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді.

Бүйрек үсті безі гормондары

Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин жəне ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.

Химиялық табиғаты

Адреналин мен ноадреналин таза күйінде де, синтездік жолмен де алынған. Көміртегінің таңбалы атомын (С14) пайдалану арқылы оның клеткада түзілу жолы анықталған. Бұл гормондардың алғы заты фенилаланин мен тирозин сияқты амин қышқылдары. Бұлар тотығу процесі жəне одан кейінгі декарбоксилдену нəтижесінде ноадреналин береді. Ноадреналиннің метилденуі нəтижесінде адреналин түзіледі.

Зат алмасуға əсері

Адреналин негізінен организмде көмірсулардың алмасуына жəне біршама ғана липидтердің алмасуына əсер етеді. Адреналиннен ноадреналиннің айырмасы - ол зат алмасуына айтарлықтай əсер ете алмайды. Фосфорилаза гликоген фдырауының алғашқы бастама реакциясын катализдейді, сөйтіп қан құрамында глюкоза деңгейін көбейтеді жəне бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуына себепші болады. Қан қүрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде жəне жүйке қозған кезде, кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналин секрециясы артады. Стресс жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен көбейеді де, ол зəрмен бірге бөлініп шыға бастайды.

Емге қолдану

Адреналин гидрохлорид жəне адреналин гидротартрат-кристалды ұнтақтар түрінде шығарылады. Бронхиалды астма, аллергиялық реакцияларда, гипергликемиялық комада анықталады. Адреналин тері астына, бұлшық етке енгізіледі, ішуге болмайды, ішекте ыдырап кетеді. Ноадреналин гидротартрат ауыр операциядан кейін, қатты жаралы болғанда артериялық қан қысымын көтеру үшін қолданады.

Дереккөздер


Tags:

Бүйрекүсті Безі ҚұрылысыБүйрекүсті Безі ДереккөзБүйрекүсті Безі ҚызметіБүйрекүсті Безі Бүйрек үсті безі гормондарыБүйрекүсті Безі Химиялық табиғатыБүйрекүсті Безі Зат алмасуға əсеріБүйрекүсті Безі Емге қолдануБүйрекүсті Безі ДереккөздерБүйрекүсті БезіБүйрекЛатын тіліСекреция

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЮпитерЖанрКөнерген сөздерОдағайХалық қаһарманыЖайылма сөйлемТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыОтырар апатыҚоршаған ортаЖарықПысықтауышЖасушаның бөлінуіҚазақстандағы ұжымдастыруАИВ/ЖИТСАлтынемел ұлттық паркіАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріШиеЖеңіс күніСан есімКайнозой1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанБағыныңқы сөйлемКанадаҒаламшарТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріӘлішер НауаиҚұндылықИзомерияҚазақстандағы экологиялық проблемаларҚожа Ахмет Ясауи кесенесі1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісКенесары ханТолықтауышҚосарлы ұрықтануҚазақ газетіҰлыбританияРаушангүлділерЗат алмасуХристиандықТүрік қағанатыЕжелгі Рим өнеріРайымбек батырӨңдеуші өнеркәсіпҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріДүние жүзінің саяси картасыОнтогенезАлкиндерҚазақстанның пайдалы қазбаларыҚазақ әліпбиіМысықКСРО ыдырауыОрталық АзияҚаңлыларЖамбыл ЖабайұлыMicrosoft AccessСын есімЖұмбақтасШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстанның экономикалық аудандарыӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыАс қорыту жүйесіҰлықбекАнықтауышҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚыз Жібек (фильм)ДемографияАлаш ОрдаҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміТоталитаризмҚарағанды металлургия комбинатыКөп жасушалы ағзаларЫбырай АлтынсаринКартопҚозғалыс (зат)Айша бибі кесенесіДамушы елдерҚорғалжын қорығы🡆 More