Ұлпа

Ұлпа - (грек.

Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары 5 түрге бөлінеді:

  • меристемалық
  • қорғаныш
  • механикалық
  • өткізгіш
  • паренхималық

Өсімдіктердің бір ерекшелігі — олардың тұрақты өсу қасиетін бөлінуге қабілетті меристемалық ұлпаның болуына байланысты.

Қорғаныш Ұлпа

Қорғаныш (жамылғы) ұлпалары өсімдіктің ішкі ұлпаларын сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды. Эпидермис және тамырдың эпиблема Ұлпасын бастапқы жамылғы, ал көп жағдайда оның бет жағында түрліше қызмет атқаратын түкшелер, балауыз тәріздес кутин қабаттарын кутикула деп атайды. Жапырақ эпидермисі қорғаныш, газ алмасу, транспирация, ал кутикула Ұлпаға микроорганизмдердің, т.б. зиянкестердің енуіне қосымша кедергілік қызметін атқарады.

Механикалық Ұлпа

Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп беріп, органдардағы жасушалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін біріктіреді. Жасуша қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.

Механикалық Ұлпалардың 3 түрі бар:

Өткізгіш Ұлпа

Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органикалық заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ жасушалар жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара жасушадан (идиобластар) тұратын секреттік ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері жасушадағы гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген жасуша оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын зерттеуде жасушаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы генетикалық бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлпаның пайда болып, дамуын гистогенез, ал бұл процестерді тереңдетіп зерттейтін ілімді — гистология деп атайды. Өсімдіктер Ұлпасын, олардың атқаратын қызметі мен құрылысын өсімдіктер анатомиясы зерттейді.

Дереккөздер


Tags:

Ұлпа Қорғаныш Ұлпа Механикалық Ұлпа Өткізгіш Ұлпа ДереккөздерҰлпаГрек тіліЛатын тіліӨсімдік

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БразилияАлтынемел ұлттық паркіАйша бибі кесенесіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЭволюциялық ілімТүрік қағанатыМикроорганизмАлғашқы көмекҚоршаған ортаның ластануыКомпьютерлік желіОңтүстік ҚазақстанРибонуклеин қышқылыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖошы ханБайқоңыр (ғарыш айлағы)Жынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріТұтынушы құқығыОрыс халқының материалдық және рухани мәдениетіАуыл шаруашылығыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Дүниежүзілік көрме (2017)Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіЖерТыныс алуМолотов-Риббентроп пактыХромосомаларЖайылма сөйлемГастритАнтропогендік факторКөлденең жолақты ет ұлпасыМәлік ҒабдуллинКанадаТерминТыныс алу жүйесіЛатын АмерикасыГеографияАдам ағзасындағы химиялық элементтерМэйдзи жаңғыртуыҒарышБарбаросса жоспарыЭлектрондық сандық қолтаңбаҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыӨзбекстанТөлеу сөзЖұлдызКүнбағысАзаматтық coт ісін жүргізудің міндеттері мен принциптеріӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..Андроново мәдениетіАбай ҚұнанбайұлыГеродотҚожа Ахмет ЯсауиҚайрат НұртасҚосарлы ұрықтануКайнозойМитозХимиялық элементтердің периодтық жүйесіМал шаруашылығыҚазақстан экономикасыПопуляцияЭкономикаҚажымұқан МұңайтпасұлыШәкәрім ҚұдайбердіұлыБірінші дүниежүзілік соғысМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріТәуелсіз Қазақстан тарихыМақта (дақыл)МайданСыбайлас жемқорлықАзияТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыШығыс ҚазақстанҚанайналым жүйесіҚазақстан теңгесіЭкологияФотосинтезБидай (астық)Ежелгі Грекия🡆 More