Шығыс Қазақстан - Қазақстанның шығысында, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай елімен шекаралас аймақта орналасқан өңір.
Батысында Сарыарқа, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысымен шектесіп жатыр. Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумағын қамтиды. Ірі қалалары: Семей, Өскемен.
Шығыс Қазақстан | |
Орталық Қазақстан Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан Батыс Қазақстан | |
Аумағы | 283,3 мың км2 |
---|---|
Құрамына енетін облыстар | Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы |
Халқы | 1530,8 мың адам |
Халқының тығыздығы | 1 км2-ға 6,3 адамнан |
Қала халқының үлесі | 60% |
Қазақстан халқының ішіндегі үлесі | 11% |
Шығыс Қазақстанның жер бедері биік таулы, жоталы. Шыңдарының көпшілігін мәңгілік қар және мұздықтар жапқан. Алтайдың ең биік шыңы - Мұзтау (Белуха) (4506 м). Үлбі өзені аңғарында жылына 1570 мм жауыш-шашын түседі. Бұл - еліміздегі ең жоғарға көрсеткіш. Таулардан бастау алған көптеген өзендер тау етегіндегі құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазан-шұңқырларды суландырады.
Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры - Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер: Зайсан, Марқакөл және т.б. Зайсан көлі Бұқтырма СЭС-ның салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.
Теміржол және автомобиль жолдары арқылы Шығыс Қазақстан Батыс Сібірмен, Ресейдің еуропалық бөлігінің аудандарымен және Орта Азия республикаларымен жалғасады.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Шығыс Қазақстан, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.