Әлішер Науаи

Низамеддин Мир Әлішер ретінде танымал Әлішер Науаи (парсы: علیشیر نوای – Әлішир Навойи‎; 9 ақпан 1441 жыл, Ғират – 3 қаңтар 1501 жыл, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер.

Әлішер Науаи
علیشیر نوایی
Сурет
Туған кездегі есімі

Низамеддин Мир Әлішер

Туған күні

9 ақпан 1441 (1441-02-09)

Туған жері

Ғират, Темір мемлекеті

Қайтыс болған күні

3 қаңтар 1501 (1501-01-03) (59 жас)

Қайтыс болған жері

Ғират, Темір мемлекеті

Азаматтығы

Темір мемлекеті (Хорасан)

Қызметі

мемлекет қайраткері, пәлсапашы, ақын, жазушы

Әкесі

Ғиясаддин Мұхаммед

Анасы

Әмірзада

Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Саккаки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен танысты.

Ол өнер жұмыспен айна­лысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескен­дір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мәуераннаһр мен Хорасанды ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.

Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазақ тілінде екі рет (1948, 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақша жарық көрді (1950).

Науаи өнерін зерттеуге қазақ ғалымдары да үлес қосуда (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, Көбей Сейдеханов). Ұлы шайырдың мерейтойы Кеңес Одағы көлемінде аталып өтті (1948, 1968).

Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды.

Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады.

15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.

Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.

Тағы қараңыз

Шығармалар

  • Таңдамалы өлеңдері,1948;
  • Стихотворения и поэмы,1965;
  • Асарлар. 15 томдык,1963 - 68;
  • Ғазалдар, 1968.

Дереккөздер

Tags:

1441 жыл1501 жыл3 қаңтар9 ақпанАқынПарсы тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шоқан Шыңғысұлы УәлихановСалқам Жәңгір ханАқпаратАқбілек (роман)МоғолстанҚаңлыларИстиғфарАсқорыту мүшелеріТуыстық атауларыҚазақстанның Мәдени мұра жобасыВолейболФидель КастроXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіҚуық түбі безінің қабынуыБауыржан МомышұлыАминдерАс беруӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТас дәуіріҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріМәдени мұраҚожаФобияның түрлеріТеатрҚасым АманжоловНағашыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТыныс алу жүйесіСүннетЗәр шығару жүйесіҚазақ мәдениетіҮндістанЗейінҚызғалдақДүниежүзілік шаруашылық жүйесіТамыр (өсімдік органы)Буын үндестігіИсламӘлемнің жеті кереметіҒабит Махмұтұлы МүсіреповАвтомобиль маркаларының тізіміТанымал қазақтардың тізіміАнтикалық философияБерішКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріОттегіШығыс Рим империясыАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіТалақСаясатШілдеханаҚазақ батырлар тізіміҚағбаМал атауларыЖыныс мүшелері ауруларыБиотехнологияКөңіл толқыны (күй)АдайАлбан руыМеталдарҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевСын есімҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықМұнай өнеркәсібіТолықтауышАқуызАманкелді Үдербайұлы ИмановШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚазақ хандығыГайморитҰлуларБәйтерек (монумент)БактерияларҚазыбек биХромосомаларҚұнанбай ӨскенбайұлыҚояншықOAuth🡆 More