Қожалар (парсы: «хваджа» خواجه - қожайын, мырза, ие) — Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер.
Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ Баб (Баб Ата), Әбдіжәлил Баб (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), Әбдірахим Бабтардың (Абд-ар-Рахим) Орталық Азия аумағына 1366 жылы келгендігі айтылады. Қожалардың қазақ жеріне жаппай көп келуі әсіресе Ақсақ Темір заманынан кейін өте қарқынды жүрген. Оған дейін тіпті Шыңғыс хан заманында да Қожалар қазақ жерінде болғаны жөнінде дерек жоқ. Шыңғыс әскерінің құрамындағы тайпалар тәңір дінін, кей тайпалар христиандықтың да тармағын ұстанған. Мысалы Қожалар қазақ даласына көшпелі тайпалардың көсемі Байдібек би өмір сүрген 6-7 ғасырда келді деген деректер кездеседі. Бұл жалған дерек, себебі, ол заманда Дешті-Қыпшақ даласында қожалар да, исламда болмаған. Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда сопылықты ұстанды. Әли Әбу Тәліптің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафидан тарайтын қожалар әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Қожа - парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда төмендегі топтарды атаған.
Дәстүрлі қазақ шежіресінде қожалар келесіге бөлінген:
Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожа руының таңбасы — « ﺁ » (әлиф - әрпі), ұраны — «Алла», «Қожа Ахмет».
Қожа-молдалар совет үкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу және т.б. рәсімдерін атқарып отырған. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Аққорғандық қожалар Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің, Хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен қатар Жошы ханның Шибаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды. Дуана қожаларды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ, Орда Ежен ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан қожалар – Ұлы жүздің кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру, тайпалардың пірі болды. Иасауи тариқатындағы қожалар әулеті қазақ халқының рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. қожалар әулетіндегі Қылышты және Сабылт қожалар нақшбандийа тариқатын ұстанды. қожаларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық артықшылықтар берілді (қ. Жеті Жарғы). Қазіргі уақытта қожалар Орталық Азия елдеріндегі этностардың тарихи құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде “өзбек қожа”, “түрікмен қожа”, “татар қожа”, тағыда басқа болып аталады. Қазақстанда қожалар көп шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Ахмад Касанидің екінші ұлы Мұхаммад Исхақ Уәли (белгісіз - 1599) Шығыс Түркістанда бірнеше жыл болған. Оның ізбасарлары «қара тағлықтар», яғни қара тауда тұратындар деп аталды. Олардың ықпалы негізінен Ярканд қаласына жүріп тұратын.
Қожалардың тағы бір тармағы Ахмад Касанидің үлкен ұлы Мұхаммад Әминнен бастау алады. Ол тағы «ишон-и калон» деген атпен белгілі. Олардың Шығыс Түркістанға келгендерінің алғашқысы — Мұхаммад Әминнің ұлы Қожа Жүсіп (? - 1652/53). Махдумзадалардың бұл тармағы Қашқарда қоныс теуіп, олар Қожа Һидаятулланың (? - 1693/94) Қожа Афақ деген атымен «афақилер» деп аталып кетті. Олар «ақ тағлықтар», яғни ақ тауда тұратындар деген атпен де белгілі.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Қожа, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.