Соқырішек немесе Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру.
Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек — талаурауына соқтыруы мүмкін.
Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы — ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.
Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз; Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз.
Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз.
Егер аурудың соқырішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда:
Аппендицит кез келген жаста, көбінесе жас және орта жаста көрінеді; әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады. Жіті аппендицит аурушаңдығы жылына 1000 адамға шаққанда 4-5 жағдайды құрайды. Құрсақ қуысы мүшелерінің жіті хирургиялық аурулары арасында жедел аппендицит 89,1% құрайды(1 орында). Жедел аппендицит-перитонит дамуының ең жиі себебі.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Соқырішек, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.