Қазақстандағы Минералды Ресурстар

Қазақстан минералдық шикізат ресурстарының барлық түрлеріне мол.

Қазақ жер қойнауында Менделеев таблицасындағы 105 элементтің 99 табылып, 70-нің қоры зерттелініп, өндіріске соның 60 элементі тартылған. Республика жер қойнауында Менделеев таблицасындағы барлық элементтер - бериллий, висмут, кадмий, мыс, алтын, қорғасын және мырыш, магний, вольфрам және молибден, күміс, титан және уран т.б. кездеседі. Сонымен қатар көмір, мұнай және табиғи газдың зор қорына ие болып, барит, фосфорит сияқты өнеркәсіптік минералдар, хромит және асбестке де бай.

Қазақстан Республикасы атақты ғалым-экономистердің есептеулері бойынша, дүние жүзінде вольфрамның қорынан 1-ші, хромит пен уран рудалары және фосфориттен 2-ші марганец рудасынан - 3-ші, қорғасын, молибденнен - 4-ші, темір рудасынан - 8-ші орында. Уранның қорынан (әлемдік қордың 40-45 пайыз, ал ТМД-ның 56 пайызы) Австралияға жол береді.

Қазір Қазақстанда әлемдегі ең сапалы хромит, ТМД-ғы осындай фосфорит, ТМД-ғы ең арзан мыс және темір рудалары, ең арзан көмір өндіріледі. Қорғасын мен мырыштың қорынан әлемнің көптеген елдерін басып озып және ТМД-дағы республикалар бойынша бірінші орынды алады. Сондай-ақ ТМД-да мыс, күміс, вольфрам, хромит рудасы, висмут, ванадий, бариттің қорынан 1-ші орынды, ал мұнай, молибден, кадмий, боксит, фосфорит, асбест қорынан 2-ші, ТМД елдерінің ішіндегі Қазақстан көмір, темір рудасы қорынан, минералдық құрылыс материалдарының көптеген түрлерінен 3-ші орынды алады.

Қазақстан пайдалы қазбаларына тән ерекшелік өндірістің белгілі бір саласында пайдалануға қажетті әр түрлі шикізаттар мен кен орындарының ұштасып жақын орналасуы. Сондықтанда Қазақстанды, әсіресе осы заманғы минералдық шикізаттардың көптеген түрлерінен "жерасты байлықтарының қоймасы" - деп атайды.

Рудалы қазбалардың кен орындары Кенді Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань, қазақтың ұсақ шоқысы, Торғай үстіртінің магмалық және метаморфтық жыныстарына сай келеді. Ал рудасыз пайдалы қазбалар Каспий бойы және Тұран ойпаттарының шөгінді жыныстарына сай.

Экономикалық минералдық шикізаттық секторында қазір ішкі көздер және шет елдік компаниялар мен агенттіктердің инвестициясы есебінен қаржыландырудың қайта құру және дамытудың қуатты бағдарламасы жүзеге асуда. Қазіргі уақытта пайдаланып жатқан кен орындарындағы өндірістің дәрежесін минералдық шикізаттардың ірі әлемдік өндірушілерімен салыстыруға болады. Бұл орталықтандырылған - жоспарлы экономикадан нарыққа көшудің өтпелі кезеңдері сатысында тұрған Қазақстанның күрделі қаржыны тарту үшін едәуір әлеуеттік мүмкіндігінің барлығын көрсетіп, республиканың іскерлік өмірінің барлық сфераларына қатысқысы келіп, үнемі өсіп отырған халықаралық инвестицияны қолдайды.

Дереккөздер

Tags:

МенделеевТабиғи газУранҚазақҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Батыс Қазақстан облысыҚазақстан 2030ГенетикаӘбу Насыр Әл-ФарабиҚоршаған ортаны қорғауАлматыЖаһандануАлланың есімдеріСоциалистік реализмҚазақ билеріҚазақ хандығының құрылуыСинонимТалақҚазақстан демографиясыМитозҚорықтарМөде қағанЗікірҚазақстанның экологиялық проблемаларыКөкпарҚанайналым жүйесіТабиғи газКомпьютерТұқым қуалайтын өзгергіштікАбердин-СитиСолтүстік ҚазақстанГормондарШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстанның мұнай өнеркәсібіҚазақ философиясыАлкендерӘміре ҚашаубаевМарафон шайқасыШаңырақӘн-Нас сүресіУран (химиялық элемент)ҚақтығысКремнийДүниежүзінің табиғат ресурстарыАустралияНесіпбек Тұрысбекұлы АйтСыр бойындағы қалаларМатериалдық мәдениетДемократия16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыЕкінші дүниежүзілік соғысХромосомаларЖабайы алма (повесть)КітапЭкологиялық пирамидаТүйелерКиіз үй құрылысыБастауышТүркістан облысыОңтүстік АмерикаҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚоғамОтбасыЖетіқарақшыЗар Заман ақындарыҮндістан мен Пәкістан қарым-қатынастарыАйтысҒарышкерБатыр Баян (поэма)ӨнерЕжелгі ГрекияБіржан ҚожағұлұлыТерроризмНаурыз көжеҚазақша жыл санауЖыныс мүшелерінің құрылысыАТФСуЖатырШеңберҚаратпа сөзОралхан БөкейЛатын Америкасы🡆 More