Несіпбек Айтұлы (туған кездегі есімі — Несіпбек Тұрысбекұлы Айт; 22 қыркүйек 1950, Шәуешек, Тарбағатай аймағы, Шығыс Түркістан — 16 қазан 2023) — қазақ ақыны, аудармашы, журналист.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).
Несіпбек Тұрысбекұлы Айт | |||||||||
Лақап аты | Несіпбек Айтұлы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||
Туған жері | Теректі-Қақпатас ауылы, Шәуешек, Тарбағатай аймағы, Шығыс Түркістан, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, ҚХР | ||||||||
Қайтыс болған күні | |||||||||
Азаматтығы | |||||||||
Мансабы | |||||||||
Жанры | |||||||||
Шығармалардың тілі | |||||||||
Дебюті | «Қозыкөш» (1975) | ||||||||
Марапаттары | | ||||||||
Сыйлықтары |
1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.
1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974–1984 жылдары «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984–1994 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995–1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997–2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болған.
Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, A.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, B.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуевтің өлеңдерін тәржімалаған.
Қазақстан жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Несіпбек Тұрысбекұлы Айт, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.