Сабақтас Құрмалас Сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі.

Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

  1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.
  2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)
  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас; Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)
  4. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,
  5. Мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,
  6. Қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев).

Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі

Сабақтас құрмалас сөйлемнің көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас);
  2. Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).

Дереккөздер


Tags:

Кенесары

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖұлдызҚазақстан мейрамдарыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыЕуразияМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚырықжапырақтәріздестерАқындар айтысыӘл-ХорезмиФотоэлектрлік құбылыстарАқуызМодификациялық өзгергіштікЕгіншілікТранспортирЭкономикаЗәрдің түзілуі және шығарылуыЖай механизмДемографияӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖалпы ішкі өнімАқтөбеОңтүстік ҚазақстанАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріТабиғи газАллитерацияҚыз ЖібекҚазақстан аудандарыХиуаз Қайырқызы ДоспановаҒаламдық мәселелерӘмір ТемірҚорғалжын қорығыГерманияАйқындауышҚазақ хандығының құрылуыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысСырым ДатұлыПысықтауышДамыған елдерСаркомерлерЕділ қағанОнтогенезОтынАнемияЖақсыз сөйлемКеңес Одағының БатырыТуберкулезТүргеш қағанатыМұхтар ШахановФилософияӘпке (драма)Қызыл кітапТеміртауАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыТитанУнитарлы мемлекетСалт-дәстүрТәуекел ханСолтүстік АмерикаМитозКөмірСөз тіркесіПайдалы қазбаларБейімделуТехнологияҒылыми-техникалық прогрессҚұндылықБасынқы сөйлемХолециститМөде қағанЖарықтың шағылуыХалықаралық валюта қорыМетафораЖасанды интеллектБуддизмЖанрТрансформаторҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚоршаған ортаКөлікӘуе көлігі🡆 More