Модификациялық Өзгергіштік

Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады.

Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.

Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан біз қандай белгі-қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын көреміз.

Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады.

Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды.


Дереккөздер

Tags:

ГенотипФенотип

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Түркістан облысыПродуценттерЖаңа білім беру жүйесіҚазақстанның тұңғыш мектептеріҒабиден МұстафинҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыАй (серік)Шығыс Қазақстан облысыӨзгергіштікҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыЖасанды интеллектXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіОрганикалық қосылыстарТабиғи сұрыптауҚазақстан Республикасының КонституциясыЕжелгі Рим өнеріЕуропа одағыШиенің түрлеріРесейҚажығали МұханбетқалиұлыҚазақша жыл санауӘл-ХорезмиҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыТүрік қағанатыҚазақстан өзендеріТұрақты сөз тіркесіМіржақып ДулатұлыБерлин операциясыҚосарлы ұрықтануҰрықҚадыр Мырза ӘліБейімделуСөз табыАшық тұқымдыларСалалас құрмалас сөйлемҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевЖай сөйлем және оның түрлеріҒарыш1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақ ұлттық киімдеріАсқорыту мүшелеріТөл сөзҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБұқар жырау ҚалқаманұлыАустралияАтмосфераАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыШәкәрім ҚұдайбердіұлыМикроэлементтерБиотехнологияАбайдың қара сөздеріКөкжөтелНегіздерДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАнықтауышЖүсіпбек АймауытовҚожа Ахмет ЯсауиТотығу-тотықсыздану реакцияларыҚазақстан қорықтарының тізіміАҚШ экономикасыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіФизикалық-географиялық аудандастыруЖүйке жүйесіМагнитМұхтар Омарханұлы ӘуезовБейімбет Жармағамбетұлы МайлинСуСырым ДатұлыМашинажасауЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ПневмонияБайқоңыр (ғарыш айлағы)Алаш қозғалысыОвуляцияХалықаралық еңбектiк миграцияҚажымұқан МұңайтпасұлыМәскеу шайқасы🡆 More