Киіз Үй Құрылысы

Киелі киіз үй көшпелілер мәдениетінің сәніне айналған, бабамыздың көзіндей болған киіз үйдің қадір-қасиеті турасында көбірек айтып, келер үрпақтын eciнe салып, санасына сіңіріп отыруға тиіспіз.

Себебі, қалалық мәдениетке ауысып, заман өзгерген сайын қазақтың болмысын бейнелейтін қасиетті киіз үйіміз тeк қана мүражайдан көретін экзотикалық дүниеге айналып бара жатқандай елестейді.

Әрине, киіз үй туралы айтақанда, басты ескеретініміз-ол Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Көшпенді өмірге ең колайлы, шапшаң тігіп, тез жыға салатын, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Іші қыста жылы, жазда салқын болатын киіз үй кез келген жауын-шашынға, дауыл мен боранға төтеп бере алады. Әрқашан ауасы алмасып тұратындықтан, оның тынысы кең, әрі жарык, болады. Экологиялық жағынан өте таза. Мысалы, киіз үй тігіп отыру жерді тоздырмайды, өсімдік жамылғыларын бүлдірмейді. Егер үйдің тігілген орны жайсыз болып шықса, бірнеше жігіт көтеріп апарып, тандаған жеріне қондыра салады. Өзінің өн бойында философиялық астар жаткан киіз үйдің тарихы тым әріден басталады. Тарихи жазбаларға зейін салсақ, б.з.б 105 жылы Үйсін күнбиіне ұзатылған Хан династиясының Шижүн ханшасы «Аққу әні» деген өлеңінде: «... Дөңгелек үй, туырлық там орнына, Ет жеп, айран ішеді ас-суына...» - деп жазады. Мұның өзі тарихы тереңнен қозғалатын касиетті киіз үйдің өзіндік қыры мен сырын айқындай түседі емес пе?! Ғаламның моделін бейнелеп, адамды ғарышпен байланыстыратын киіз үй, жай ғана баспана емес, бізді қорғайтын киелі орын болып саналды. Киіз үйдегі кеңістік - қазақ дүниетанымының тоғысқан жері. Осында адам дүниеге келеді, үйленеді және соңғы сапарға аттанады. Көшпенділер әулеті осындай дөңгелек пішінді, ғарыштық баспанада мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, елдік күрды. Олар киіз үйлерін «хан ордасынан» бастап «қараша үйге» дейін, «ак, ордадан» «қара коска» дейін өз қажеттілігі мен дәрежесіне орай пайдалана білді.

Киіз үйдің құрылысы 

Тұтас қаңқасы бір тал шегесіз, бір тал сынасыз түрғызылатын киіз үйдің құрылысы бір қарағанда қарапайым, ал екінші қырынан алғанда өзіндік ерекшеліктерге толы. Әсілінде оның құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.

Ендігі кезекте coғaн  назар аударалық. 

ШАҢЫРАҚ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес. Шаңырақ — кұннің символы. Халқымыз оны қасиетгі санаған. Әсіресе шаңы-рақ көтеріліп жатканда ешкім сөйлемейтін болған. Және ертеректе құт құйылады деген сеніммен, шаңыракка ұрлеген қарын байлап қоятын болған екен. КИІЗ ҮЙ КЕРЕГЕСІ. Оны құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Совда бір канат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанактан кұралады. Желілердің қиылысканынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Көлеміне қарай «желкөз» және «торкөз» деп екі түрге бөледі. УЫК. Ол кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің биіктігі уығына, ал кеңдігі керегесіне байла-нысты болады. Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар екендігін ұмытпаңыз. Уықтың керегеге бай-ланатын үшын «доғалай» десе, сол доғалайды тесіп, қайыстан уықбау тағады. Уықтың иілген жерін иығы деп атаса, шаңырақ пен иықтың арасын уықтың кары деген екен. Ал шанырақтың көзіне қадайтын ұшын каламы дейміз. КИІЗ ҮЙ ЕСІГІ. Оны «сықырлауық» деп атайды. Киіз үйдің есігі бірнеше бөліктерден тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау. Сықырлауықты тақтайдан жасайтын шеберлер, киіз үйдің сән-салтанаты мен сәулетіне қарай оюмен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әше-кейлейді.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыТемірИталияӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Көші-қонҚазақстанның кен ресурстарыСинонимҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатБауыр (орган)Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыМақалаЕжелгі ГрекияҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыТерроризмТүпті жуаБүйрекЮпитерТұрақты сөз тіркесіҚазақ газетіҚыпшақтарШолпан (ғаламшар)Қазақтың ұлттық ойындарының тізіміІлияс ЕсенберлинМемлекетҚазақстан демографиясы314-атқыштар дивизиясыБесін намазыЖұлын жүйкелеріҚабдеш ЖұмаділовҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыБаяндауышАвторлық құқықҚажығали МұханбетқалиұлыДәулеткерей ШығайұлыФотоэлектрлік құбылыстарЕкінші дүниежүзілік соғысИсламЭкономикалық қатынасТеріНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желі316-атқыштар дивизиясыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақстанның тұңғыш мектептеріЕсім ханның ескі жолы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісДемократияАсанәлі Әшімұлы ӘшімовҚазақстанның сыртқы саясатыОдағайЖайылма сөйлемБалқашЭкстремизмҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыМұхтар ШахановАҚШ экономикасыМұнай экспорттаушы елдер ұйымыТеңеуАлғашқы қайта өрлеу дәуіріАҚШ президенттерінің тізіміЭнергияБатыс Ғұн ИмпериясыЕділ қағанҚұс жолыЕсімдікМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қазақстанның экономикалық аудандарыАбиотикалық факторларКөмірсуларРесурстарҚазақстанның мемлекеттік құрылымыАлаш ОрдаКүнделік.кзМорфология (лингвистика)ЕтеккірТалғаулы салалас құрмалас сөйлемДәрумен🡆 More