Көмір

Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы.

Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер және сапрогумолиттер.

A.
Көмір.

Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.

Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір және антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.

Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі. Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан.

Көмір алаптарының тектоникалық жіктемесі

Көмір алаптарының қазіргі құрылымы ескеріп жасалған жіктеме. 1954 жылғы нұсқада алаптар тобы бөлінген:

    1) көлбеу немесе өте жайпақ жатқан түзілімдер;
    2) қарапайым қатпарлы құрылымды түзілімдер;
    3) күрделі қатпарлы құрылымды түзілімдер, сонымен қатар бірқатар қосымша көмір алаптарының тектоникалық жіктемесі бар.

Дереккөздер

Tags:

Шөгінді

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ғылыми-техникалық революцияӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаСөз тіркесіЖүрекҚазақша жыл санауАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыЖасанды интеллектРаушангүлділерСөйлемСұрыптауҚанПродуценттерҰлы Отан соғысыҮш Жүз партиясыMicrosoft ExcelНесіпбек Тұрысбекұлы АйтӨсімдік шаруашылығыӘлем елдерінің тізіміНұралы ханРинат Рифхатұлы ЗайытовЖырауІлияс ЕсенберлинНанотехнологияСәулетЖұлдызБиотехнологияҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыТұмар ханшаАсан қайғы СәбитұлыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріВирустарАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміТүркістан облысыҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚазақстанның мұнай өнеркәсібіСарқылатын ресурстарМұхтар ШахановКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыСфералық айналарОрталық ҚазақстанҚыстырма сөзГлюкозаЭмбрионКөктемӘбу Райхан әл-БируниБүркітЕуропаАлтын ОрдаТоқырау жылдарындағы ҚазақстанОралхан БөкейII ЕкатеринаСызықшаҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЭкстремизмҚаратпа сөзҰлыбританияҚазақстан географиясыАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіХалықаралық еңбек бөлінісіҚазақстан азамат соғысы жылдарындаІлияс ЖансүгіровКөмірсуларҚұрманғазы СағырбайұлыАқпан төңкерісіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыХақназар ханАрал теңізіКешенді қосылыстарСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовБұлшықет талшығыЭстрогенОңтүстік АмерикаҚуыршақ театрыЖер сілкінуРайымбек батырМодификациялық өзгергіштікТұздар (химия)ҚазақстанЭнергия🡆 More