Жылқы Малының Атаулары: жылқы жануарына қатысты атаулар

Жылқы тұқымына қарай:

  • арғымақ
  • қазанат
  • жабы
  • тобышақ
  • текежәуміт
  • қазақы ат
  • қарабайыр
  • пырақ
  • дүлдүл т.б. болып бөлінеді.
Жылқы Малының Атаулары: жылқы жануарына қатысты атаулар

Шабыс ат:

  • жүйрік
  • тұлпар
  • сәйгүлік
  • саңылақ
  • бәйге ат деп бөлінеді.

Салтанатқа мінетін ат: жорға

  • төкпе жорға
  • айдама жорға
  • шайқалған жорға деп бөлінеді.

Мініс аттары:

  • Аяқ ылау
  • жетек ат
  • қосақ ат
  • түп ат
  • көсем ат деп жіктеледі.

Өсуіне қарай:

  • Құлын - биенің жас төлі.
  • Жабағы - 6 айдан асқан құлын
  • Тай - жылқының бір жастағысы.
  • Құнан - жылқының екі жастағысы.
  • Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
  • Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
  • Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

  • Ат - піштірілген еркек жылқы.
  • Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
  • Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
  • Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
  • Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
  • Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
  • Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
  • Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

  • Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
  • Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:

  • Мама бие - өте сүтті бие.
  • Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
  • Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
  • Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

  • Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
  • Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
  • Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
  • Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
  • Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.

Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,

Айғырлардың атаулары:

  • Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
  • Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
  • Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
  • Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
  • Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
  • Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Пугачев бастаған шаруалар соғысыГемоглобин18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыЖатыр мойны эрозиясыАлпамыс батырБаскетболТромбоцитОсман империясыИммунитетТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚазақстан әкімшілік бірліктеріСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚыпшақтарКөкжөтелТүркістан (қала)ТолеранттықСәкен СейфуллинЖануарларСұлтанмахмұт ТорайғыровТәуекел ханДауыссыз дыбыстарГеографиялық картаСаяси партияЗалалсыздандыруАқсу-Жабағылы қорығыЖемқорлықАртериалдық гипертензияЯсин сүресіЖұтқыншақАнтонимПартиялық жүйеМоңғол империясыШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновБалықтарВирусты гепатит АҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЭпифизГалогендерБалқашҚазақстан географиясыТұншығуКСРО ыдырауыМұстафа ШоқайТыныс белгілеріҚұрлықҚанХиуа хандығыВиртуалды шындықУақытша үкіметМорфология (лингвистика)Қан жасушаларыТұлғаАдам қаңқасы1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысВолейболОйық жара ауруыЭволюцияҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміӘлемнің жеті кереметіРесми стильҚызыл кітапҚұндылықБүйрекүсті безіАуаТахикардияҚан мен терБасты бетТанымал қазақтардың тізіміЖүсіп БаласағұниҚұстарДиффузияOSI моделіНамаз уақытыДәрігерБейішӘл-Фалақ сүресіӘбілхайыр хандығы🡆 More