Робот

Робот (чех.

robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.

Робот
HONDA ASIMO роботы

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.

Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.

Дереккөздер

Tags:

АвтоматтандыруЧех тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Маңғыстау облысыҚазақстандағы саяси партияларЖай санЖүктілікЗар Заман ақындарыДенсаулықШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовЕрте токсикозӘл-Фатиха сүресіҰлытау облысыЖер қабығыЯсин сүресіСанаТемірТобылШоқан Шыңғысұлы УәлихановОм заңыЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуҚазақтың ұлттық тағамдарыКөңіл айтуОрганикалық қосылыстарБүйрекҚазақ тіліКөтеуЖаңа білім беру жүйесіҚазан төңкерісі1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚұстарПартиялық жүйеГендік инженерияҚырғызстанОвуляцияАрал теңізіЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Асан қайғы СәбитұлыМемлекеттік басқару формасыНаурыз мейрамыМайларАқан серіТыныс белгілеріПублицистикалық стильТотығу-тотықсыздану реакцияларыТолықтауышБаскетболАлматыӨмірзая (роман)Тыныс алу жүйесіАдайБензолГеографиялық қабықЖарапазанМутацияОңтүстік ҚазақстанСалт-дәстүрСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемЖер құрылымыИспанияРесей империясының құрамындағы ҚазақстанҚазақстан аудандарыХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЖошы ханҚуық түбі безінің қабынуыДулатМагниттікПайдалы қазбаларАзаматтық некеҚазақстан қорықтарының тізіміЕстен тануЖыныстық қатынасҚадір түніТахикардияМіржақып ДулатұлыБауыр (орган)Қызылорда облысыҚазақстандағы сайлау жүйесіҚимақ қағанатыСөзжасамБуын үндестігі🡆 More