Адай

Адай — ''Алшын'' тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді.

Адай Басқа мағыналар үшін Адай (айрық) деген бетті қараңыз.
Адай
Оқ (жебе), дөңгелек, садақ
Ұраны Қосай, Бекет, Тегелен
Лақап атауы
Шығу тегі Ауызекі әдебиеттегі Алау батыр жырындағы Алтын Орда әмірі Алаудан тарайтын ''Алшын'' тайпасы
Жүзі Кіші жүз
Тайпасы  ''Алшын''
Бөлімдері   
Тараулары    
Ақсақалы
Қыстаулары Маңғыстау: Жылыой, Батыс-Арал, Желтау, Бейнеу, Мойнақ, Бозашы, Түпқараған, Қарақия, Балқан, Дайоғыз.
Жайлаулары Мұғалжар тауынан Еділге дейін, Жем мен Еней (Сағыз) өзені, Темір жерінен Ойылға дейін.
Веб-торабы https://vk.com/adai_ata

Қазіргі Адайлар Қазақстанның көбінесе Маңғыстау облысында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және еліміздің басқа облыстарында мекендейді. Түрікменстанның Балқан және Дайоғыз велаяттарында, Қарақалпақстанда, Иранның солтүстігінде және Ресейдің Астархан облысында үлкен диаспоралар бар.

Репрессияға ұшырауы

Патша үкіметіне кірген үш жүзде, жалғыз адайлардың орыс үкіметін мойындамауы: адайларды мыңдаған орыс-казак әскерлерімен соғысуға алып келді. Тарихта: адайлар орыс үкіметінің қазақ жерлерін тартып алу, қазаққа өз жерін билетпей, жұмыс орындарын бермеу, егістік орындарынан ығыстрыру, қазақты, қазақ жерін отарлауға бағынбады. Алайда оның салдарынан көптеген адайлар репрессия, қуғынға ұшырап, жесірлер жетімдерімен Иран асып кетуге мәжбүр болған.

Таралуы

Адай елі: ежелден Каспий теңізінің шығысынан, Арал теңізінің батыс, оңтүстігіне дейін, Мұғалжар тауынан (Ақтөбе облысы), солтүстік Балқанға (Түркменстан) дейін, Ойыл өзені мен Мойнақ шөлі (Қарақалпақстанның батысы: Кұнғрад, Мойнақ) жерлерінде өмір сүрген халық. Сондықтан Адай елі өздерінің қазіргі: Жылыой, Қызылқоға, Балықшы, Мақат, Ойыл, Темір, Байғанин аудандарының түпкілікті тұрғыны болып өмір сүріп келеді. Қазақстан шекарасын айқындалып, құжатқа түсер кезеңдер де қазақтың оңтүстің аймақтары Өзбекстанның, батысы (Маңғыстаудың шығысы) Қарақалпақстан иелігінде қалып қойды. Қазіргі таңда да сол Адай жерлерінде яғни Мойнақ, Кұнғрад аудандарын да Адайлар тұрып жатыр. Сол сияқты Ресей Федерациясында Ноғай-Адай жерлері: "Астархан (Астрахань), Самар (Самарская), Сармат (Саратов), Еділді (Волгоградская), Таңбалы (Тамбов)" облысытары қалып қойған болатын. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары. Ақтөбе, Орал облыстарында Адайлар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстарында Адайлардың саны аздау, дегенмен де Оңтүстік Қазақстанның Адайлары сол жердің байырғы тұрғындары болып саналады.

Шежіресі

Адай өмірде болған адам, шамамен 15-ші ғасырдың соңында өмір сүрген. Адайдан екі бала бар: Құдайке мен Келімберді. Құдайкеден 2 бала Тәзіке және Қосай ал Келімбердіден 6 бала Құнанорыс (Шоғы Батыр), Ақпан, Балықшы, Бұзау (Әлнияз), Мұңал, Тобыш. Тәзіке ол Сегіз Арыстың біріншісі болып табылады одан кейін Қосай ата батыр болғандықтан, Ер Қосай атанып кеткен ол. Ер Қосай Батыр 1507–1594 жылдары өмір сүрген. Одан кейін Келімбердіден тараған 6 баланың біріншісі: Құнанорыс (Ырысқұл). Құнанорыстан 2 бала Жанбай мен Жантұған. Одан кейінгі Ақпан одан кейін Балықшы, негізі Балықшының шын есімі Шыбынтай сол Балықшыдан 3 бала: Жүйрік, Қостай, Есберді одан кейінгі Бұзау. Негізі Бұзаудың шын есімі Әлнияз. Сол Бұзаудан 2 бала Жеменей және Айтұмыс одан кейін Мұңал. Мұңалдан 5 бала: Алақұнан, Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы Батыр (Қырықмылтық). Шоғы Батыр лақап аты Қырықмылтық. Шоғы батыр болған ол 1667–1726 жылдары өмір сүрген ол қазіргі Түркістан да Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. Одан кейінгі сегіз арыстың ең кішісі Тобыш одан 2 ұрпақ қалған Ораз және Бегей. Адай атаның өмір сүруі шамамен 14–15-ші ғасыр. Қазіргі кезде Адай руының кең жайылған жері Маңғыстау облысы болып есептеледі.

Тарихы

Кіші жүздегі көп тараған рулардың бірі — Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер аз. Тек С.А.Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б.з.б. ІІ ғасырдың өзінде-ақ, Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық.

Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді буз І Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б.з.б. VI-IV ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді.

Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б.з.б. V біздің заманымыздағы І ғасырда-ақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркменстан шекарасындағы аймақта мекендегенін көреміз.

В.М.Массой да «Ксеркстің мерзімі б.з.б. 486-480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында даха атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді.

Бұл да дайлар туралы бірден-бір мағлұмат емес, С.П.Толстов «хорезмиліктердің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б.з.б. ІІІ ғасырларға қатысты. С.П.Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни оларды (Геродот пен Страбон бойынша) б.з.б. V ғ. Біздің заманымыздағы І ғасырда мекендеген жерінде орналасқаны көрінеді.

Б.з.б. VI-IV ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар ІІІ ғасырдың өзінде-ақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен өзені аңғарына қоныс аударып, қалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғанын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен (парнадайлар Меотидояның арғы жағында", яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді.

Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С.П.Толстов та айтады. Дайлардың бұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап қалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған.

Сонан соң (ІХ ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде (ІХХ ғғ.) болуы мүмкін. Бұл жағынан әл-Истахридің Гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «…Онда (Сиякух Маңғыстау В.В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөлініп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкін, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде арал — ада.

Шыңғысханның тегі Адай тайпасы, Мұңал руынан, тарихшының бәрі Мұңал атамыздың атын Мунгал, монгол, могол деп тарихта болмаған, түбі негізсіз атауларды он үшінші ғасырдан бері санаға тықпалап келеді. Мұңалдан – Келімбердінің кенже баласы, одан төрт бала, кейбіреулер бес бала дейді: Жаулы, Шоғы ( ол Қырықмылтық деп те аталады), Әли, Бәйімбет, Алаоғылан ( алақұнан ); одан мен білетін ешкім жоқ. Жаулы екі әйел алыпты, кішісі өзбек қызы дейді. Одан Қосқұлақ, Ескелді туады. Бәйбішесі баланы кештеу көріпті, Жаулы жауға аттанып бара жатқанда бәйбішесі былай депті. « Құрсағымда бір зат бар, кетпе, бір балаға зар болып өтеміз бе », - депті. Сонда Жаулы оған былай депті – міс: « Мен уәде бердім ( жауым – қалмақ ), олар бітімге шақырыпты, бітсе – біткенін, бітпесе – жаулығын көріп қайтам. Қазақтың қырық батырына берген уәдем бар. Ұл тусаң, атын қоярсың » - деп кете беріпті. Сол кеткеннен Жаулы қайта оралмайды. Бәйбіше ұл бала туып, атын Жары қояды. Екінші әйелі дегенде түсінік әртүрлі. Әйел үстіне алғанды тоқал деп, қосы ауып, алған әйелді екінші әйел десе, қандай артық-кімі болар еді?! Ескелдіден: Жақсылық пен Игілік туады. Игіліктен үш бала: Доғал, Құдайназар, Құдайсүгір.

Адайдан кең тараған рулардың бірі- мұңал. Қазіргі мұңал руынан әли атты ру тараған. Олардың көпшілігі Маңғыстауда және Атырауда. Ал Ақтөбедегі Байғанин және Орал қаласының өзінде адайдан тараған әлилер баршылық. Әлиден 3 ру Меңке, Әлишер, Тоқалы тарап, ұрпақтары әлі күнге дейін өмір сүруде.

Сегіз арыс адай

Тәзіке. Тәзіке -көп өспеген ауыл. Тәзікеден үш бала болады. Олар Қабакай, Сәрiке, Өтей. Қабақайдан - Есен, Құлымпый, Пысақ. Сәрікеден — Байқара, Жанқара, Орыс, Шеге, Тас, Көсе. Өтейден - Есім, Төлек, Құл, Шора, Жебеке, Сенгiн, Сары.

Қосай. Қосайдан Әйтей, Бегей, Байбол, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаман Адай). Олар өскен ауыл адай шежiресiнде Алты Қосай болып аталады. Бұлардың анасы түрікмен қызы болғандықтан олар ел арасында «Түрікмен адай» деп те аталады. Әйтей мен Бегей өспеген, әкесiнiң карғысына ұшырап, аз болган. Сондықтан бұлар Байболмен еншiлес болып калады.

Байбол. Байболдан - Мәмбетқұл, Қадыр, Есенбет, Есенқұл. Мәмбетқұлдан- Тоқтамыс, Тоқмамбет, Арыстан, Балтай, Елконды, Бегей. Тоқтамыстан - Өгiз, Нияз, Есенбек Кенендiк, Сардарбек. Тоқмамбеттен Шыбынтай, Жамантай, Карагүл, Әлібек, Шаң туады. Осылардан көп өскені - Шыбынтай. Жамантай сол күйiнде калады. Арыстаннан Жолманбет, Бимағанбет, Мәмбетжан. Балтайдан Бәйімбет, Бактыбай, Шакаман, Текебай, Бөкебай. Елқондыдан - Кунiбай, Босалдақ, Айтбай, Айтқожа, Шақаман, Кенже. Бегейден - Өтебай, Қожабай, Сапақ. Мәмбетқұл - өскен ауыл. Олардың бiрқатары Астрахан, Нарын, Тайсойған, Қара қалпақстанды мекен етеді. Мәмбетқұлдың аулынан Қалнияз сияқты белгілі ақын, Мұнаттай би, Тілеп сияқты атақты кiсiлер шыққан.

Қадыр. Байболдың бір баласы Жұлдыздан Қадыр туады. Одан - Тоқтабай, Олжабай, Жұлқабай, Қилыбай. Тоқтабайдан - Жылқыайдар, Рыскелді, Мәмбет, Үмбет. Олжабай мен Жұлқабай Кіші жүз Сауран айналып көшкен кезде, Созақ өңiрiнде қалып қойганға ұқсайды. Қилыбайдан - Маңғытай, Сасыкбай. Қадыр ауылынан атақты би Қалдыбай шыкты.

Есенқұл. Есенқұлдан - Есек, Еміл, Өрезек, Нұрбай, Қоңыр. Есектен - Өтебай, Темір, Болат. Өтебайдан - Әбіл, Тұман, Барби, Сары. Темiрден - Байбатыр, Дуанбай. Нұрбайдан - Байнеке, Айдаралы, Айтқұл. Қоңырдан - Сердалы, Киікбай, Бердіс.

Өрезек. Өрезектен - Қасажан, Тасболат, Баймұрат, Кенекенай. Қасажаннан - Райымқұл, Бүркітбай.

Тіней. Алты Косайдын бiрi, өскен ауыл. Одан төрт бала - Арық, Танат, Ырыс, Шолак. Арықтан - Құдайберген, Тәңірберген. Құдайбергеннен - Қасаболат, Бекболат, Байдәулет. Қасаболаттан - Қожагелдi, Қожаберген, Сәдiрқылыш. Қожагелдiден - Нар, Дулыға, Дуйсе, Сүгір, Шанышбай, Төлеген, Сегiз, Бостан. Қожабергеннен - Байлы, Иман, Жандыр, Самбай. Сәдiрқылыш ел арасында жендi әнгiме етiлмейдi. Бекболаттан - Қарагүл, Көтеш, Алтай. Байдәулет еспеген ауыл. Одан тек Маябас ауылы ғана белгiлi.

Тәңірберген. Тәңірбергеннен - Сейтімбет, Қылыш, Шөжей, Ноғай, Бекбике, Бұйрабас, Kepiм. Kepiм үш баласын ағаларының бауырына салған. Сейтімбетке Қозайдарды, Қылышка Бекайдарды және Бұйрабаска Жылқыайдарды телиді.

Танат. Танаттан Өтеміс, Қоныс, Қасқа. Өтемістен - Есім, Тордығұл, Жылыс, Қара кесек, Тойғұлы. Есімнен- Алданазар, Пірназар, Сүйіндік, Пірмәмбет. Пірназардан Ниязбек, Мешен. Сүйіндіктен - Алкұлы, Айтуар, Тiлемiс. Тордығұлдан - Ақбау, Бек бау, Жанбау, Сары, Кенже. Жанбаудан - Рысалы, Қосақ. Сарыдан - Бектас, Шой. Қасқадан - Досбай, Қошақан. Досбайдан - Қосбай. Қошақаннан - Мұса, Сарбай, Дайрабай, Айтжан, Иман, Сегiрбай, Оңғар, Таңқыман.

Бәли. Бәлиден - Есберді, Есқара. Есқарадан - Жарбол, Жарылғап. Жарболдан - Сүгір, Дүкен, Жетібай, Жанбай. Жарылғаптан- Өтеп, Есен.

Сүйіндік ( Жаман Адай ). Сүйіндіктен Құрманқұл. Құрманқұлдан - Мырза , Бегіл . Мырзадан - Айтуған , Коныс , Калкаман . Бөгіл - өскен ауыл, одан Құдайназар, Караменде, Тоқа, Бұқар, Құл. Құдайназардан - Қарпық, Шақпақ, Ақсары, Әлі. Қарпықтан - Қожабек, Қашқын, Керім, Көбей. Қожабектен - Байқабыл, Жанкабыл, Жаркынбай, Маңдай, Жұлдыз. Қарамендеден Кенжебай, Шектiбай. Бұкардан Бердібек, Санбай, Сансоқ, Қыдырбек.

Сегіз арыс адайдын үлкен бiр тобын құрайтын осы Алты Қосай (немесе «Түркімен Адай») болып есептеледі.

Тұлғалар

  1. Ләззат Кетебайұлы Қиын Жеменей
  2. Құрамыс Ермек Тоқтамыс
  3. Қалнияз Шопықұлы
  4. Қашаған Күржіманұлы
  5. Құлшар Бақтыбайұлы (Шоғы) Қырықмылтық
  6. Жалау Мыңбай Құнанорыс
  7. Қожық Сармағанбетұлы Құнанорыс
  8. Шабай Қонысұлы Құнанорыс
  9. Аралбай Оңғарбекұлы
  10. Ақтан Керейұлы Жеменей
  11. Бопай Бәтима
  12. Сүйінғара Үргенішбайұлы Мұңал
  13. Құлсары Тінекейұлы Мұңал
  14. Бәйімбет Телеуұлы
  15. Мәмбетнияз Төлепұлы
  16. Ержан Төлегенұлы Жары
  17. Ер Қосай Құдайкеұлы
  18. Нұрлыбек Майфокұлы Хамит Қосай
  19. Майфок Хамит Қосай
  20. Мырзағали Тынымбай
  21. Есекей Есенқұлұлы
  22. Азамат Тахирұлы Мұсағали
  23. Қайыржан Ізтелеуұлы Әли
  24. Бекет Мырзағұлұлы Қосқұлақ
  25. Әбіш Кекілбайұлы
  26. Фариза Оңғарсынқызы Тәзіке
  27. Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбет
  28. Аман Ғұмырұлы Төле Балықшы
  29. Қатимолла Ризуан Тоқтамыс (Жезбике)
  30. Ерлан Тынымбайұлы Қар
  31. Жамбыл Төлекеұлы Құдайберген Қосай
  32. Абыл Тілеуұлы Келімберді
  33. Самат Базарбайұлы Мұсабай Тобыш
  34. Еділ Терекбайұлы Жаңбыр Бөкен
  35. Иса Тіленбай Бәйімбет
  36. Тобанияз Хан Әлниязұлы

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер


Tags:

Адай Репрессияға ұшырауыАдай ТаралуыАдай ШежіресіАдай ТарихыАдай Сегіз арыс адайАдай ТұлғаларАдай Сыртқы сілтемелерАдай ДереккөздерАдайБайұлы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бірінші дүниежүзілік соғысҚан топтарыТәуелдік жалғауҚазақстан демографиясыАмерика Құрама ШтаттарыГермафродитизмПотенциалдық энергияЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОҚазақ газетіҰрық жапырақшасыТұрақты сөз тіркесіШымкентҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыТемпераментАдам ағзасындағы химиялық элементтерҒұндар мемлекетіЭмбрионҚазақстан аудандарыТанымал қазақтардың тізіміҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіҒаламдық экологиялық проблемаларАвторлық құқықМұхтар Мұқанұлы МағауинҚатерлі ісікБуддизмҚырықжапырақтәріздестерРақымжан ҚошқарбаевЕсімді сөз тіркестеріҰрықтануЛоренц күшіХалықаралық ұйымдарАсан қайғы СәбитұлыТеміртауЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЕңлік — Кебек (пьеса)Есік Алтын адамыТехнологияҚазақтың атақты әнші-күйшілеріЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемАтаулы сөйлемҚасым ҚайсеновБактерияларҚимақ қағанатыЕтістікЭнергияТранспортирҰшқан ұяҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміГүлИнтеграцияҚантамырларТар жол, тайғақ кешуСалауатКүн (жұлдыз)ХромосомаларТабиғатты қорғауМутацияҚоғамВолейболІлияс ЖансүгіровАнемияХиуаз Қайырқызы ДоспановаЖалғауТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҒарышкерлер күні1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларОмонимСөз тіркесіЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріНАТОГенетикаҚазақстан көлдеріӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыТуризмҚарағанды облысыЕуропа🡆 More