Туыстық Атаулары: керек

Туыстық атаулар — туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар.

Бір отбасындағы туыстық атаулар

  • Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
  • Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары үлкен әже деп аталады.
  • Әке - баланың ата-анасының бірі.
  • Ана, Шеше - баланы дүниеге әкелген әйел.
  • Аға - бір әкеден немесе бір шешеден туылған, бауырлар арасында жасы үлкен ұл.
  • Іні - Жасы бойынша кіші ұл.
  • Бауыр - бір әке-шешенің балалары.
  • Әпке, апа, әпше - жасы бойынша үлкен қыз бала.
  • Сіңілі - қыз бауырлар арасындағы жасы бойынша кішісі.
  • Қарындас - ұлдан кейінгі туылған қыз бала. Бұл туыстық атауды ер адамдар тек өзінен кіші қыз балаға айтады.

Туыстық қарым-қатынастағы атаулар

  • Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
  • Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
  • Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы. Бөле екі жұртта болады. Нағашы және өз жұртында.
  • Балдыз - әйелінің (жарының) сіңлілері (Оңтүстік Қазақстанда). Басқа өңірлерде інілерін де балдыз деп айтады.
  • Ене - ерлі-зайыптылардың аналары ерлі-зайыптыларға ене болады.
  • Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
  • Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.
  • Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
  • Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.
  • Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
  • Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).
  • Жиеншар - жиеннен туған бала.
  • Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
  • Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
  • Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
  • Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
  • Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
  • Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
  • Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әпкелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
  • Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
  • Қайын жұрт - қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеу жақындығын білдіретін сөз.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Туыстық Атаулары Бір отбасындағы туыстық атауларТуыстық Атаулары Туыстық қарым-қатынастағы атауларТуыстық Атаулары Тағы қараңызТуыстық Атаулары ДереккөздерТуыстық АтауларыТуыстық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстандағы саяси партияларМәскеу шайқасыАбай жолы (роман)Қазақстан географиясыЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміPythonӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыҚазақстан 2030Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіМейозМахамбет ӨтемісұлыЖайықОрта ғасырлардағы мәдениетКонгресс кітапханасыНафтаСырым ДатұлыДүниежүзілік сауда ұйымыӘжеЕртісҚазақстанның тұңғыш мектептеріАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріАшық тұқымдыларҰлпан (роман)РаушангүлділерТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЧарлз ДарвинТермометрҚосарлы ұрықтануОсип Андреевич ИгельстромАлаш ОрдаТау жынысыҚожа Ахмет ЯсауиКомпьютерҰрықЖырауТемекі шегуОралхан БөкейЗәрдің түзілуі және шығарылуыИсламЕрлан ЖүнісБәйтерек (монумент)Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатСпартак көтерілісіЭкологияЭндокриңді бездерМысҚазақстанның кен ресурстарыҚазақтарАлланың есімдеріТатарларБағыныңқы сөйлемҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевҚозғалыс (зат)Жәңгір-Керей ханФранция Ұлттық кітапханасыБесін намазыҚара құрдымСюрреализмҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыҚазақстан халқының бірлігі күніДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҚұндылықҚазақстандағы «қайта құру» саясатыЭлектрондық сандық қолтаңбаДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновСаяси партияАмёбаМөде қағанШиенің түрлеріСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыӘлемнің жеті кереметіЖерЖарықЕуропа одағыОрбұлақ шайқасыТүркістан (қала)ҮндістанҚорғалжын қорығыҚант диабеті🡆 More