Қағба

39°49′34″ ш. б. / 21.4225139° с. е.

39.8262083° ш. б. / 21.4225139; 39.8262083 (G) (O) (Я)Қағба (араб.: الكعبة‎ – текше) — мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат. Қасиетті үй, көне үй деп аталады. Меккедегі Әл–Харам мешітте (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан "әл-бәй-түл-һарам" (қасиетті мешітте орналасқан төртбұрышты үй) деп те аталады. Діни аңыз бойынша — Алла Тағаланың уахиімен (тек пайғамбарларға келетін Алла Тағаланың аяндары) Ибраһим (ғ. с.) Пайғамбарға ұлы Исмаилмен бірге Зәмзәмнің жанынан Қағбаны көтеру бұйырылған.

Қағба
араб.: الكعبة
Қағба
Ел

Сауд Арабиясы

Статусы

Исламның аса қастерлі орны

Соғушы

Ибраһим пайғамбар

Құрылысы

605 — Құрайыштардың Кағбаны қайта құруы
638 — Абдуллы ибн әз-Зубайраның қайта құруы
693 — Абдул-Мәлік ибн Марвананың қайта құруы
1629 — Мұрат Ханның кезіндегі қайта құру
1996 — Қағбаның реставрациясы

Картада орналасуы
Қағба (Сауд Арабиясы)
Қағба

Қағбаның солтүстік-шығыс қабырғасы 12,63 м, ал солтүстік-батыс қабырғасы 11,03 м, оңтүстік-батыс қабырғасы 13,10 м, оңтүстік-шығыс қабырғасы 11,22 м, ал биіктігі 13 м.

Жалпы көлемі 145 шаршы м болған тастан қаланған құрылыс үй. Үсті қара жамылғымен жабылған, жамылғы жыл сайын қажылық маусымында жаңартылып тұрады.Қағбаның "хатимге" қараған қабырғасының үстіңгі ортасында алтыннан жасалған ойық бар. Халық арасында "алтын ойық" деп аталып кеткен бұл ойықты арабша "Мизаб-и қағба" дейді.

Қағба
Қағбадағы сиынушы

Этимологиясы

«Кағба» сөзі араб тілінен тура аударғанда «қадір мен құрмет қоршаған қасиетті жер» дегенді білдіреді. Қағбаның басқа атауларында «Байт әл-Әтек» деген сөздерден тұрады, оның алғашқы мағынасы «ең ерте және ежелгі». Ал екінші мағынасы — «тәуелсіз және азат етуші». Мұсылмандар Қағбаны сондай-ақ «Байт-Ұллах» деп те атайды, бұл сөздің мағынасы «Аллаһтың үйі» дегенді білдіреді.

Қағбаның құрамдас бөліктері

Қағба 
Қағбаның құрамдас бөліктері:
1 — Қара тас; 2 — есік; 3 — науа; 4 — Төле; 5 — Хижр Исмаил; 6 — Мүлтазам; 7 — Ибраһим макамы; 8 — қара тас бұрышы; 9 — Йемен бұрышы; 10 — Шам бұрышы; 11 — Ирак бұрышы; 12 — Кисуа; 13 — мәрмәр жолақ; 14 — Ибраһим орны

Қағба бұрыштары әлемнің төрт бұрышына бағытталған және әр бұрышының өз атауы бар: «йемен» (оңтүстік), «ирак» (солтүстік), «левант» (батыс) және «қара тас» (шығыс). Қағба іргетасы мәрмәрдан қаланған, ал негізі меккелік граниттен тұрғызылған. Қағба үнемі кисуах деп аталатын арнайы жібек матамен жабылып тұрады. Жамылғыны жылына бер рет ислам күнтізбесі бойынша Зул-Хиджа айының (қажылық айы) 9/10 күні ауыстырады. Қағба ішінде бөлме бар, алайда ол «Қағбаны тазалау» рәсімін жүргізі үшін жылы екі рет қана ашылады (тек сыйлы қонақтар үшін). Қазіргі таңда Қағбаның ұзындығы 13,1 м. Ұзындығы мен ені, сәйкесінше, 11,03 және 12,86 м. Ибраһим пайғамбардың кезінде Қағба өлшемі басқа болған:

    шығыс қабырға — 14,80 метр;
    Хатем жақтан қарағандағы қабырға — 10 метр;
    Қара тас пен Йемен бұрышының арасындағы қабырға — 9,15 метр;
    батыс қабырға — 14,2 метр.

Қара тас

Қара тас (араб.: الحجر الأسود‎ — әл-хаджар әл-асвад) — Қағбаның шығыс бұрышына 1,5 м биіктікте монтаждалған тас. Тас жазықтығының көрінетін жер ауданы 16,5×20 см.

Есік

Есік (араб.: باب الكعبة‎) Қағбаның Шығыс қабырғасында жерден 2,5 метр биіктікте орналасқан, оған тек жиылмалы саты арқылы мінуге болады. Бұл жиі болатын селден қорғану мақсатында жасалуы ықтимал.. Есіктің өзінің биіктігі 3,06 метр, ал ені 1,68 метр. Есікті құраған кезде 13 420 000 риал тұратын, 999-пробалы 280 кг алтын қолданылған. Есікті король Халид ибн Әбдел Азиз сыйға тартқан. Мұхаммед пайғамбардың кезінен бастап Қағбаның кілті Бани Шайба отбасында сақталады..

Суағар науа

Мизраб әр-Рахма (араб.: مزراب‎ — Қайырымдылық суағар науасы) — жаңбыр суын жинайтын науа. 1627 жылғы жөндеуде көп күндік жаңбырда қабырғалардың қиратылу мәселесінен енгізілген. Төбедегі су Исмаил мен Хаджардың қабіріне бағытталған құтты бейнелейді.

Төле

Төле (араб.: الشاذروان‎) — Қағбаның қабырғалары орналасқан төле. 1627 жылы іргетасын судан қорғау мақсатында енгізілді.

Хижр Исмаил

Хижр Исмаил (араб.: حجر إسماعيل‎) немесе әл-Хатим (араб.: الحطيم‎) — аласа жартылай дөңгелек қабырға. Биіктігі 1 метр, ұзындығы 17,75 метр.

Мүлтазам

Мүлтазам (араб.: ملتزم‎) — Қағбаның Есіктері мен Қара тас арасындағы қабырға бөлігі. Ұзындығы — 2 метр.

Ибраһим макамы

Ибраһим макамы (араб.: مقام إبراهيم‎) — Ибраһим пайғамбардың аяғының ізі қалған жер. Шынылы және металды қоршаумен қоршалған.

Қара тас бұрышы

Қара тас бұрышы (араб.: زاوية الحجر الاسود‎) — Қағбаның шығыс бөлігінің бұрышы, бұл жерге Қара тас монтаждалған.

Йемен бұрышы

Қағба 
Йемен бұрышы

Йемен бұрышы (араб.: الركن اليماني‎) — Қағбаның оңтүстік бұрышы

Шам бұрышы

Шам бұрышы (араб.: الركن الشامي‎) — Қағбаның батыс бұрышы.

Ирак бұрышы

Ирак бұрышы (араб.: الركن العراقي‎) — Қағбаның солтүстік бұрышы.

Кисва

Кисва немесе кисвах (араб.: كسوة الكعبة‎ — кисват аль-ка’аба) — алтын жіппен тігілген Құран аяттары жазылған, қара түсті жібек матадан жасалған жамылғы, ұзындығы 41 метр, ауданы 875 км шаршы, ал қалыңдығы 2 мм.

Мәрмәр жолақ

Мәрмәр жолақ (араб.: شريط من الرخام‎) әр тавафдың (айналып өту) басы мен аяғын белгілейді. Алғашқы кезде жолақтың түсі жасыл болған, осыдан кейін оны ақ түске ауыстырды, бұл оны көрнекті етті.

Ибраһимнің тұрған жері

Ибраһимнің тұрған жері — Қағбаның құрылысы жүріп жатқан кезде Ибраһим пайғамбардың тұрған жері.

Дереккөздер

Әдебиет: Қазақстан қажылары. Алматы, 2002.

Tags:

Қағба ЭтимологиясыҚағба ның құрамдас бөліктеріҚағба ДереккөздерҚағбаАллаһАраб тіліГеографиялық координаттарДінЗәмзәмИбраһимМеккеМұсылманПайғамбарУахиЫсмайылҒимаратӘл-Харам мешіті

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Саяси мәдениетРим империясыГенетикаЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыНанотехнологияҚарағанды облысыЖәнібек ханРедуценттерШоқжұлдызТас дәуіріАссонансЖаңа білім беру жүйесіҚатерлі ісікАбай жолы (роман)АҚШ экономикасыҚорықтарБабырПсихологияЭмбрионҚұлдықЖеті жарғыӘлкей Хақанұлы МарғұланКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАИВ/ЖИТСАлаш автономиясыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыТұтынушы құқығыЖылқы малының атауларыСалалас құрмалас сөйлемЖоңғар шапқыншылығыТеатрЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыАдамның табиғатқа әсеріҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыРесейТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануТехнологияДопҚазақстанҚазақстандағы «қайта құру» саясаты1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісХолециститРесурстарМезодермаАлаш партиясының бағдарламасыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОПотенциалдық энергияКемпірқосақКаспий теңізіШоқжұлдыздар бойынша жұлдыздар тізіміКөп жасушалы ағзаларАғзалар арасындағы байланыс түрлеріАлғашқы көмекОрганикалық қосылыстарЖасушаның бөлінуіҚазақстан қалаларыКүкіртСиырЖұлынЭпитетМәңгілік бала бейнеҚажығали МұханбетқалиұлыДәрілік өсімдіктерМұқағали Сүлейменұлы МақатаевМахамбет ӨтемісұлыСуҚұндылықКарл ЛиннейТұқым қуаламайтын өзгергіштіктерАлкендерМорфология (лингвистика)КүрішҚайта құру кезеңіТәуелсіз Қазақстан тарихыЖақты сөйлемКөлденең жолақты ет ұлпасыТеодолитТұрсын хан🡆 More