Салқам Жәңгір Хан

Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы.

Салқам Жәңгір Хан Басқа мағыналар үшін Жәңгір-Керей хан деген бетті қараңыз.

Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны «Салқам Жәңгір» атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.

Салқам Жәңгір хан
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ ханы
1643 — 1652
Ізашары Жәнібек хан Есімұлы
Ізбасары Батыр хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1610 (1610)
Қазақ хандығы
Қайтыс болуы 1652 (1652)
Түркістан, Қазақ хандығы
Жерленді Түркістан
Әкесі Есім хан
Анасы Айлин Ханым
Жұбайы Бану Ханым
Балалары Абақ сұлтан
Аппақ сұлтан
Тәуке хан
Уәлибақы сұлтан

Өмірбаяны

Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған:

  • Бірінші шайқас — 1635 жылы
  • Екінші шайқас — 1643–1644 жылдары
  • Үшінші шайқас — 1652 жылы

1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады.

Екінші ірі шайқас 1643-ші жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген.

Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді.

1643–1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643–1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады.

1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан Очирицу Цецену ханның ұлы Галдаман Нойонның қолынан қаза табады.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қызылорда облысыБірінші Мемлекеттік ДумаДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновСалт-дәстүрҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыАсқазан ауруларыМақалаЕтісӘлемнің жеті кереметіСинонимБөкей ОрдасыМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыОпера (музыка)ДрамаТүйе малының атауларыМәңгілік бала бейнеТүрік қағанатыТайландЖүсіпбек АймауытовҚасқырЖеті жарғыАян Өмірәліұлы ӨтепбергенАзиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі КеңесҚазақстан халқыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЕсім ханның ескі жолыДара сөздер мен күрделі сөздерБалқашТүркияҰшқан ұяҚара жорғаЕсік Алтын адамыСиыр малының атауларыҚан мен терЕгіншілікМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваІлияс ЖансүгіровЕсімдікМәскеу шайқасыЕңлік-Кебек ескерткішіҚабанбай батырЭндокриндік жүйеӘлеуметтік инфрақұрылымЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуСөз таптарыҚозы Көрпеш – Баян СұлуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Шәкәрім ҚұдайбердіұлыӘбілхан ҚастеевЕл тізімі (халықтың табиғи өсімі)Асылхан Сайлауұлы ТөлеповКөзФранция Ұлттық кітапханасыЖылқы малының атаулары8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыМутацияКөзімнің қарасы...ЖылқыАқ Орда (мемлекет)Ноғай ордасыЖануарларРесейЗәрдің түзілуі және шығарылуыБалықтарСалауатты өмір салтыХалықаралық балалар күніБронхитФлораАтмосфераТүркістан (қала)Басты бетОралЖыныс мүшелері ауруларыРахат кондитер фабрикасыДжеки Чан🡆 More