Дін

Дін (ағылш.

Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.

Дін
Түрлі діни жоралғылар
Дін
Діни рәміздер

Дегенмен, діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.

Әртүрлі дін әдетте Политеизм, пантеизм, монотеизм, теизм, деизм және агностицизм секілді әртүрлі құдайтану жүйелеріне тән болады, және бір-бірін терістеген, айырым жағдайда жауласқан күйде болады.

Әртүрлі діндерде түрлі мазмұндағы құдырет (divine), киелі зат, сенім, табиғаттан тысқары болмыс/болмыстар, сондай-ақ "өмірді ережелермен және күшпен қамтамасыз ететін мәңгілік және трансцендент" қатарлылар болуы мүмкін. Діни практикалар әдетте әртүрлі дінде әртүрлі деңгейде ритуалдарды, уағызды, еске алуды, немесе табынуды (құдайларға, немесе әулиелерге), құрбандықты, мерекелерді, мейрамдарды, транстарды, бастамаларды, жерлеу рәсімдерін, үйлену тойларын, медитацияны, дұғаны, музыканы, өнерді, биді, қоғамдық сервистерді және адамзат мәдениетінің тағы басқа аспектілерін қамтиды. Діндердің қасиеттендірілген тарихы және ертегі-әңгімелері болады, олар өмірге мәлім түрдегі мән беруді, өмірді мәлім түрде түсіндіруді мақсат еткен қасиетті жазбаларда, рәміздер мен қасиетті орындарда сақталуы мүмкін. Діндерде сенушілері қашанда "дұрыс" деп есептейтін символды ертегі-әңгімелері болады, ол өмірдің, ғаламның және заттардың пайда болуын, немесе қалыптасуын түсіндіруге бағытталады. Дәстүр бойынша, сенім, ақылды айтпағанда, діни нанымның қайнар көзі болып саналды. Дегенмен, дін бір нәрсені өзінше түсіндірумен шектелмейді, ол дәстүрге айналып, наным қалыптастырып, табыну және құлшылық секілді нақты жосындар арқылы ұлт және жеке адам болмысы мен тұрмысына ықпал етіп отырады.

Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер (folk religion).

Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.

Дінді практикалық және теориялық тұрғыдан зерттейтін пән салалары: теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану, әлеуметтану, философия қатарлылар. Теология мәлім бір дінге сенген күйде оны түсіндіру және ақтау үшін дінді зерттесе, дінтану діндердің сыртында тұрып, әртүрлі діндердің ерекшеліктері мен жағдайын, қоғамға ықпалын зерттейді, ал әлеуметтану дінді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттесе, философия діннің жаплы ерекшелігін, немесе дінге қатысты жалпы фундаменталды проблемаларды зерттейді. Бұдан басқа әртүрлі діни теориялар бар, олар діннің шығу тегі мен діннің жұмыс істеу формасына, сондай-ақ діни құбылыс пен сенімнің онтологиялық негіздеріне әртүрлі түсіндіру жасайды.

Дін - сену жүйесі

Дін 
католицизм  · православие  · протестантизм  · Сунниттер  · Шииттер  · Индуизм  · Яһудилік  · Тхеравада  · Махаяна  · басқа діндер

Жер бетіндегі көптеген тілдерде дін (religion) сөзіне дәл келетін сөз жоқ. Өйткені діни мәдениет баршаға таралғанымен, оның пайда болуы барша халықта бірдей басталмаған. Ибраһимдік діндер делінетін Христиан, Ислам және Иудаизм (Еврей діні) үшеуі тек әу-баста еврей және араб халықтарын бастау етті, кейін басқа халықтарға таралды.

Ғылыми зерттеулер бойынша, дін 40–50 мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдени жадыгерліктері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрі де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.

Құдайды дүниенің және өмірдің Бастауы ретінде мойындау қазіргі діндерде негізінен Ибраһимдік діндерге - христиан, ислам, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Ибраһимдік діндер - теистік діндер деп аталып, олар Құдайдың дүниені жаратуы және адамзатты ақырзаманда сотқа тартып, жұмақ пен тозаққа жіберуі туралы түсінікке негізделген. Алғашқы адамды Адам атадан бастайтын бұл діндердің негізгі пікірлерін тарих және археология ғылымдары дәлелдемегенімен, бәрібір аса көп халықтар арасында ықпалын сақтап келеді.

Дін 
Gomteshwara-ның аяғындағы діни рәсім

Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.

Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам діні әу баста 72 ағымға бөлініп үлгірген делінеді, қазір түрлері көп, бастылары Сунниттер, Шииттер, Сопылық қатарлылар болса, ал аса көп тармақтарға бөлінетін христиан дінінің католиктік, православия және Протестантизм конфессиялары бар.

Дүние жүзі халқының 57 пайызы, әлемдік үлкен екі дін - христиан мен исламға сенеді. Сонымен қатар, ешқандай дінді ұстанбайтын Дінсіздік (Irreligion) және дінге қарсы атеизм және дінге сыни қарайтын агностицизм де әлем халқының шамамен 16 пайызын ұстайды.

Антрополог ғалым Clifford Geertz дінге былай анықтама береді: дін дегеніміз

..."символар жүйесі, ол адам жанындағы қуатты, жалпылық және ұзаққа созылатын көңіл-күй және мотивация болып, дүниенің негізгі ережесі мен болмыстың мағынасы туралы сұрақтарға берілген жауап реалдыққа сай келмесе де, бәрібір әсерлендіреді. " 

Дінді философиялық пайымның кемдігі дейтіндер де бар. Бұл тұрғыда, адам терең толғанып, жауап іздеуге тиіс аса мәнді сұрақтарға дін өзінше жауап беріп, бірден көңілді қанағаттандырғандай болады. Философия жауапсыз сұрақтар болса, дін сұрақсыз жауаптар. Әрине қайсысын таңдау адам өз еркінде.

Дін мен ғылым

Дін 
Астрономия мен геометрияны зерттеушілер, (Франция, ХVғ басы).

Ғылым уақыт-кеңістік бойында бар, ақылмен түсіндіру мүмкіндігіне ие, математикалық есептеуге келетін кез-келген сұраққа дәйекті жауап іздейді. Ал, діндегі тақырыптар нақты болмағандықтан, ғылым діни тақырыптарды зерттемейді. Мысалы, ғылым шайтанды, о дүниені зерттемейді, өйткені ол адамның таным қабілетінің сыртындағы рас-өтірігі дәлелденбейтін нәрсе.

Ғылым табиғат құбылыстарын себеп-салдар детерминизмі арқылы айқындайды, Аристотель айтқандай "“Адам бір нәрсенің не үшін осылай екенін білгенде барып ол нәрсе туралы білімі болады." Дін бәрінің себебін бір Құдіретті күшке апарып тірейді. Мысалы, ғылым бойынша "найзайғай дегеніміз оң-теріс зарядталған бұлттардың электрлі реакциясы". Ал, ислам діні бойынша ол "Құдайдың шайтанды ұратын қамшысы".

Ғылымда дәріптеу мен күдіктену қатар жүреді, ол сенімді аргументтерді дәріптейді, 1+1=2 cекілді қарапайым ережелер бұлжымайды, бірақ онда тағы күдік болады. Ол кез-келген аксиома, теорияларға күмәнмен қарай алады. Өйткені ғылым адамзат ақылы мен қабілетіне негізделген. Ол еркін, ол ашық, ол тірі, жанды. Ғылым - фактке, аргументке, дәлелдеу мен тұжырымдауға незіделеді. Бұларсыз ешбір пікірді дәріптемейді.

Дін, өз кезегінде, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі делінген догмаларға негізделеді. Дін бәріне біртұтас жауап бергендей болады, "тас неге жерге түсті?" десеңіз олар "Құдай түсіріп отыр" - деп жауап береді. Дін зерттеу немесе тексеруге мүмкіндік бермейді, күдіктенуді жек көреді.

Ғылымның табиғаты динамикалы, яғни үнемі қозғалыста, жетілу күйінде, ізденіс күйінде болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеу қатар дамып отырады.

Ал дін консервативті, статикалы (тыныш) болады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай айтылса, солай қалдырады. Егер қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Дегенмен, діндер де жаңа ғылыми, философиялық байқауларды өзіне икемдеуге тырысады. Мысалы, Жойқын жарылыс ешбір дінді растамайтын физикалық космология теориясы. Бірақ оны Христиан діні мен Ислам діні өздерін растау үшін қолдануға талпынуда.

Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз оның ғұлама/пәтуә берушісін тыңдауға тиіссіз, өз бетіңізше іздену адасқандық, тіпті діннің жауы деп айыпталады. Иудаизм кезінде Бенедикт Спинозаны идеяларына бола діннен қуып, тіпті өміріне қауіп те туғызғаны белгілі. Ал, ортағасырда христиан инквизициясы жүз мыңдаған ғалымды отқа өртеген. Әрине, ислам діні тарихында да кітаптарды өртеу, ғалымдарды қудалау, мәдени мұраларды қирату әрекеттері болды, оны аз санды әсіредіншілдер жасады деген күнде де, жалпы жағынан дінді қорғауды желеу еткен, және дін талабына қайшы келмейді.

Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілік үшін біршама қиын. Қазіргі ғылыми зерттеулерге біршама қаражат кетеді, сондықтан жеке адамдар еркін айналыса алмайды. Жаңа теорияларды көп санды жұрт түсінбейді. Ал дін кез келген адамға түсінікті, ыңғайлы, тек сену болса жеткілікті, өйткені діндер негізінен ортағасырлық деңгейде сөйлейді.

Дін 
Зорастризмнің от храмы, Мумбай, Индия

Дін және мәдениет

Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет қатар жүреді. Орта ғасырда діннің мәдениетке ықпалы тіке болды, тек кейінгі ғасырларда ғана дін біртіндеп әлеуметтік үстем орыннан түсіп, қатардағы құндылықтардың бірі бола бастады. Демократия мен адам құқықтарының, сенім бостандығының қорғалуы діннді бәрін белгілеу мүмкіндігінен айырды. Дегенмен діннің халықтар өміріндегі рөлі әлі де айтарлықтай екені белгілі. Дін арқылы кей халықтар біріккені мәлім, дін себебінен кей халықтар ыдарағаны да шындық.

Әр халықтың ішінде белгілі бір дінге сенетіндердің басым болуына орай сол діннің ерекшеліктері сол халықтың мәдениетінде көбірек көрініс табады. Әрине, мәдениет дінмен шектелмейді, мәдениетке әсер ететін факторлар әртүрлі, сан алуан, ал ұқсас діндегі халықтардың мәдениеті де әртүрлі. Медениет - ортақ бірлікке келген құндылықтар жүйесі. Құндылықтар этика мен эстетикадан тартып заң мен тәртіпке дейін сол халықтың ұлттық болмысын паш етеді. Ал, сол халық сенетін дін осы құндылықтардың бір мазмұны.

Дінге сенетіндер саны

Бес үшкен дін 2010 (млрд) 2010 (%) 2000 (млрд) 2000 (%) Демография
Христиан діні 2.2 32% 2.0 33% Елдер бойынша христиан
Ислам 1.6 23% 1.2 19.6% Елдер бойынша ислам
Индуизм 1.0 15% 0.811 13.4% Елдер бойынша индуизм
Буддизм 0.5 7% 0.360 5.9% Елдер бойынша бұдда
Халықтық діндер 0.4 6% 0.385 6.4%
Жалпы 5.8 84% 4.8 78.3%

http://www.adherents.com Мұрағатталған 26 желтоқсанның 2018 жылы. -ның пікірінше, төмендегі дінге сенетін адамдар туралы кесте "шамамен көрстіліп, жақындатып есептелген.".

Дін Мүриттер Пайызы
Христиан діні 2.4 млрд 33%
Ислам діні 1.8 млрд 24.1%
Зайырлылық/Дінсіз/Агностицизм/Атеизм 1.2 млрд 16%
Индуизм 1.15 млрд 15%
Буддизм 521 млн 7%
Қытайдың дәстүрлі діні 394 млн 5.50%
Этникалық діндер 300 млн 4.19%
Африканың дәстүрлі діндері 100 млн 1.40%
Сикхалар 30 млн 0.32%
Спиритизм 15 млн 0.21%
Иудаизм 14.5 млн 0.20%
Баһаи 7.0 млн 0.10%
Жайнизм 4.2 млн 0.06%
Синтоизм 4.0 млн 0.06%
Каодай 4.0 млн 0.06%
Заратуштрашылдық 2.6 млн 0.04%
Тэнрикё 2.0 млн 0.02%
Нео-паганизм 1.0 млн 0.01%
Иунитариан Универсализм 0.8 млн 0.01%
Растафариандық 0.6 млн 0.01%
Жалпы 7.167 млрд 100%

Дін және экономика

Дін 
Дүниедегі кейбір мемлекеттердің дінге сенуі мен экономикасының байланысы, 2012, (кіріс доллармен есептелген, тік баған - дінге сенуді, көлденеңі - жылдық жан басындық кірісті білдіреді, құрлықтар бойынша боялған).

Ибраһимдік діндер

Дін 
Патриарх Ибраһим (József Molnár)

Ибраһимдік діндер дегеніміз Ибраһим ұрпақтарының монотеистік діни сенімдері: Иудаизм, Христиан және Ислам дінін жиынтықтап біртұтас айтады. Бұл үш діннің жалпы дүние туралы онтологиялық жүйесі қарайлас, дүниені осы дүние және о дүниеге бөледі, бұл дүниені өткінші, жалған деп қарайды, о дүние жұмақ пен тозаққа бөлінеді, өмірдің мақсаты жұмаққа талпыну, тозақтан сақтану деп есепейді. Олардың сиыну жүйесінде де өзара сабақтастық, мұрагерлік анық байқалады.

Иудаизм

Иудаизм ең көне Ибраһимдік дін болып, ежелгі израиль және иудей халқының - еврейлердің діни сенімін көрсетеді. Тәурат бұл діннің фундаменталды кітабы, сондай-ақ Танах немесе Еврей Інжілін де қамтиды. Ол алғашында ауызша сақталып, кейін жазбаша Мідраш және Талмұд болып та жазылған. Иудаизм бойынша Құдай өзінің заңын Мұсаға Синей тауында берді, он өсиет формасында, сол он өсиет Құдайға сенімнің негізі деп есептейді. Он өсиет Құдай мен адамның жасасқан алғашқы келісім болып, көне келісім деп аталады, мұндағы алғашқы күнә деген адам атаның алманы жеуінен туған күнәдан арылу жолы - он ережені ұстану болып табылады. Тарихта еврей халқы Иерусалим қаласы құлатылған соң жыл санаудың 70 жылынан бастап тарыдай тозып кетеді. Бірақ олар көбінесе осы иудаизмді ұстанады. Қазір 13 миллиондай еврей халқы, оның 40 пайызы Изарильде, тағы 40 пайызы АҚШта, осы Иудаизмді негізгі дін етіп сиынады.

Христиан діні

Дін 
Ғайса пайғамбар

Христиан діні Назареттік Ғайсаның өмірі мен тәлімін негіз етіп, 1 ғасыр айналасында пайда болған, Жаңа келісім деп аталатын Ибраимдік сенім жүйесі. Жаңа келісім деген сөз Исаның өз қаны арқылы Құдайдан алғашқы күнәдан арылу келісім деген мағынада айтылады. Бұл сенім жүйесі бойынша Ғайса жартылай адам, жартылай Құдай, өйткені оның анасы Мәриям осы дін бойынша Құдай жағынан жүкті болған делінеді. Сөйтіп Ғайса Құдайдың ұлы ретінде осы дүниеге адамзатты алғашқы күнәдан арылту үшін келеді. Бірақ адамзаттың түсінбестігінен крестке шегеленеді. Негізінен Христиандар Үштікке - яғни Құдай әке, Киелі рух және Құдайдың ұлы сынды үштің бірлігіне сенеді. Христиан дінің тармақтары:

  • Католик шіркеуі, Рим папасы бастаған, папаны Құдайдың жердегі өкілі еткен сенім жүйесі болып, 24 шіркеуді басқарады.
  • Православие, ол шығыстық ортодокс, шығыстық, және шығыс шіркеуі дегендерді қамтиды.
  • Протестантизм, 16ғ-да Католоик шіркеуінен бөлінген протестанттық реформация қозғалысының жемісі. Олар католик дінін жеңілдетіп, дінді еңбекпен, табысқа жетумен бірлестірді, гуманимзмдестірді, шіркеуді емес, Құдайды негіз еткен жеңіл сенім жүйесін жасады. Негізгі тармақтары, Англишанизм, Баптизм, Калвинизм, Лутерианизм, және Методизм қатарлылар.

Христиан дінінің мынадай шағын топтары бар:

  • Реставрационизм, немесе тірілтушілік, христиан діні қайта тірілуі керек деп қарайтын қозғалыс.
  • Соңғы күн қасиетті қозғалысы (The Latter Day Saint movement), 1820 жылы пайда болған, Жосеф Смиттің христиандық қозғалысы.
  • Иегова куәгерлері, 1870 жылы Расселл жағынан құрылған діни секта.

Ислам

Дін 
Кағбаға тауап ету

Ислам діні Құранды негіз еткен Ибраһимдік бір сенім жүйесі, ол 7 ғасырда Араб түбегінде Мұхамед пайғамбар жағынан пайда болды. Ол өзіне дейінгі Иудаизм және Христиан дініндегі пайғамбарларды мойындай отырып, Мұхамедті ең негізгі пайғамбар деп есептейді. Бұл дін Шығыс Оңтүстік Азияға, Солтүстік Африкаға, Батыс азияға, Орталық азияға кең таралған.

  • сүнниттік ислам - Ислам дінінің ең үлкен тармағы болып, Құранды негіз етеді, Суннамен жүреді, Сахабалардың хадистерін де басшылыққа алады.
  • шииттік ислам екінші үлкен тармақ болып, олар Әлиді Мұхаметтің мұрагері деп дәріпейді.
  • Ахмадия ағымы Имам Мәһдиді негізгі тұлға етіп, оның күндердің күні жерге келетінін дәріптеді.
  • Бұдан басқа қазір Ислам дінінде Уаһһабизм, Сәләфизм, Сопылық, Құраншылдық, Мағдавия, Ибади, Мұсылман ұлты секілді көптеген ағымдар бар.

Дін атаулы адам мен әлемді Құдіретті күшпен тұтастыруға тырысады. Ислам дінінде бұл құдіретті күш Алла деп аталады. Ислам діні бойынша, адам дегеніміз Алланың алдындағы құл, Алла қаласа оны жойып жібере алады, оның тағдыры, бақыты мен соры Алладан. Сондықтан ол құлшылық жасап, осы дүниеге әкелгеніне ризалық білдірге міндетті. Адам Алладан қорқуы керек, әйтпесе Алланың ғазабына ұшырауы мүмкін. Исламда шын діндар бұл дүниелік нәрселерді емес, о дүниелік жұмақты көздейді. Егер оның ісі дінге сай болса, Алла оны шарап өзені ағып жатқан, сансыз хор қыздары бар жұмаққа апарады. Ал, ісі дінге қайшы болса, Алла оны тозақ отында өртейді, әр рет адам қайта тіріледі, тағы өртейді, тағы тіріледі, осылай шексіз жаза күтіп тұр. Ислам діні бойынша Алланы бір деп есептеу және Мұхаммед пайғмбарды мойындау мұсылмандық есептеледі. Ал, ондай болмаса ол кәпір деп қараланады. Ары қарай адам 5 парызды өтеуі керек, өзін бүкілдей Құдайдың о дүниедегі сыйына арнауы керек. Ислам діні бұл дүниені бес күндік, аса маңызды емес деп есептеп, адамға әрқашан ажал мен Алланы еске алып өмір сүруді талап етеді.

Тағы қараныз

Дереккөздер

Tags:

Дін - сену жүйесіДін мен ғылымДін және мәдениетДін ге сенетіндер саныДін және экономикаДін Ибраһимдік діндерДін Тағы қаранызДін ДереккөздерДінАғылшын тіліБақиКультМистикаМоральОйлауПайғамбарПеріштеСенімТылсымШайтанӘрекет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстандағы көмір кеніАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыКөбеюМіржақып ДулатұлыТалғаулы салалас құрмалас сөйлемАлгоритмСалауатЗәр шығару жүйесіӘпке (драма)ҰрықтануСақтардың бейнелеу өнеріБатыс Ғұн ИмпериясыІлияс ЖансүгіровДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновХан ШатырЭстрогенЖапырақПублицистикалық стильҚазақстан көлдеріМитозМал шаруашылығыТуберкулезЭкономикалық қатынасҰлпан (роман)АксонДауыссыз дыбыстарРахат кондитер фабрикасыБауыр (орган)ПлацентаҚазақ хандығыГеосаясатМүктәрізділерЖанрГаметаМысықТұсаукесерМұнай өнеркәсібіҚазақстандағы көмірАсқазан ауруларыСюрреализмКиелі жануарларЕл тізімі (халықтың табиғи өсімі)ДінБақбақСөйлемЖоғары деңгейлі программалау тіліАзаматтық қоғамҚан топтарыФилософияҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерАқ затКітапханаӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаСемей полигоныБуддизмАИВ/ЖИТСЖыныстық жасушаларШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыАфрикаҚаңлыларАқуызКомпьютерлік желіСақ мәдениетіМашинажасауСөйлем мүшелеріАбайдың қара сөздеріЖалғауАлмаДепортацияҒабиден МұстафинЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеРаушангүлділерҚарахан мемлекетіМысСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемСурет өнеріндегі гуманизмҚазақтың XX ғасырдағы мәдениеті🡆 More