Есімше

Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі.

Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том


Tags:

АнықтауышЕтістікЖұрнақКелер шақ

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мал шаруашылығыҚазақша жыл санауБаяндауышРим империясыДүниежүзінің табиғат ресурстарыПлацентаҚазақстандағы су тасқыны (2024)Ғабит Махмұтұлы МүсіреповБиосфераХалықаралық ұйымдарҚазақстан өзендеріМеталдарМұхтар Омарханұлы ӘуезовӘл-Фатиха сүресіЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыАлмаМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыНафтаӘбу Райхан әл-БируниҚыз ЖібекГаметаСуҚазақстан өсімдіктеріБотай мәдениетіОрыс асханасыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЕсім ханЖүйке жүйесіҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыКөзімнің қарасы...Тыныс белгілеріКүйӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріСинонимФотосинтезКүкіртЖер сілкінуЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміҚасым хан18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыТүпті жуаАққан жұлдыз (роман)Ғылыми стильЖұлынДенсаулықМагмалық тау жыныстарыСаяси жүйеДауысты дыбыстарТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚұстарӘмір ТемірМоңғол шапқыншылығыЖелтоқсан көтерілісіОрталық жүйке жүйесіХимия өнеркәсібіҚазақстан танымал тұлғаларының тізіміИнтеграцияМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыБала құқығыШымкентҚожа Ахмет ЯсауиҒаламдық мәселелерАрхеологиялық ескерткіштерАминқышқылдарТөтенше жағдайҚояндарСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБейбітшілік және келісім сарайыМәшһүр Жүсіп КөпейұлыСаяси идеологияСоленоидКітапханаАшаршылықMicrosoft AccessТолеранттықҚазақстандағы минералды ресурстар🡆 More